Ұзақ мерзімді жоспар-білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп,олардың жалпы ережелерін анықтайды.
Қысқа мерзімді жоспар-мұғалімдерге өз сабағының егжей-тегжейлі жоспарында орта мерзімді жоспардың мазмұнын қалай бейімдеуге болатынына қатысты нұсқаулық ретінде ұсынылған үлгі.
Тілдік мақсаттар-ғылым тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады.Тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға,өлшеуге және қолдауға көмектеседі.
Орта мерзімді жоспарларда оқу жылы бойындағы барлық оқу мақсаттары қамтыла отырып,оқушыларға осы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін орындау ұсынылатын тапсырмалар туралы қысқаша мәлімет келтіріледі.