Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет19/62
Дата21.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#31833
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

1.материалды (заттар),

2. рухани (идеялар).

Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.

Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.

Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.

Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.

Пайдаланылғанәдебиеттер

 Словарь Дворецкого

↑ Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Философия/жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1

↑ Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Философия/жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006 жыл. ISBN 9965-808-82-1

↑ a b Қоғамдықбілімнегіздері: Жалпыбілімберетінмектептіңқоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналғанокулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2

↑ “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет