Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


Пікір Болмыс.Онтология және метафизика



бет18/62
Дата21.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#31833
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Байланысты:
351449-1

Пікір

Болмыс.Онтология және метафизика

Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс ‑ бұл ақыл ‑ оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе ‑ тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді.

Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс ‑ әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.

Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты.



Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады. Парменидтің болмыс проблемасын жалғастыру мен жетілуін қалыптастыруда философтар үшін шынайы «өмірде» болмыстың барын сезінуіне байналысты болды. Мысалы, жасанды болмысты философтар орта ғасырда құдайдан, —  деп білді, ал басқалары шынайы материалды және материалды емес, — деп ойлады, бірақ әртүрлі дәрежеде болмыстың жасанды қатысы бар. Жасанды болмыс сөзсіз мойындаса адам болды, оның ойы, оның қажеттілігі оның өмірі. Болмыс қатынасының келесі формалары бар: табиғатына бөлінетін заттар, денелер процестер болмысы, әлемдегі адамдар болмысына бөлінетін адам болмысы, адамның индивид ретінде тіршілік етуі. Рухани (идеалдық) болмыс, ол индивидуалды рухани және объективті руханиға бөлінеді. Әлеумет болмысы индивидуалды болмыс пен тарихи болмысқа бөлінеді.

Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз Идеялар әлемі. Оның болмысы Прменидтікі секілді біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

 Абайдың“Отыз сегізінші қара сөзінде” Жаратушы мен ол жаратқан дүниенің тұтастығы принципін сатылап көрсететін

оның діни-филос. тұжырымдамасының түйіні тарқатылады. Абайтұжырымдамасындағы Жаратушыға көзқарас пен оған қызмет етудің екі қырын, бағытын нақты және анық бөліп қарау қажет: біріншісі – сана күшіне сүйене отырып, сенімнің не үшін қажеттігін анық түсініп, оның принциптерін ұстанып, исламды қабылдау, екіншісі – исламды соқыр сенімге сүйеніп қабылдау. Абайәрбір адам үшін ең бастысы сенімнің күштілігіне сену және сенімді ұғынуға ұмтылу деп біледі. Қазақ ойшылының айтуынша, адамға Алла берген сана оны Құдаймен жақындатады. Ислам философиясы. идеяларын Шәкәрім Құдайбердіұлы өз шығармаларында жалғастырып, одан әрі дамытты. Шәкерім үшін ақиқатты іздеу – дүниетанымдық позиция үлгісін таңдап алумен тең. Шәкәрім жақсы меңгерген және өзінің “Үш анығында” көрсетіп берген филос. зерттеу методологиясы Ислам философиясын зерттеушілердің назарын . 

Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);

2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);

3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;

4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;

5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;

6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет