Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


дәріс«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру » Жаңа Қазақстан Философиясы



бет59/62
Дата21.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#31833
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
15.дәріс«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру » Жаңа Қазақстан Философиясы

Жоспар:


1.XXI ғасырдағы ұлттық сана

2.Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және рухани жаңғыру жобасы

3.Қазақстанның қоғамдық санасының жаңғыртудың негізгі бағыттары

Пайдаланылған әдебиеттер



1.XXI ғасырдағы ұлттық сана

Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы,  ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.

Тарих өрісінен ұлттық болмысымыздың рухани негізіне айналған ұлттық сана құбылыстарын зерделеу қиын емес. Қазақ ұлтының ұлттық санасының тарих өрісіндегі құбылысы елдік, бірлік, ар-намыс, батырлық, ержүректілік, тектілік, кісілік, имандылық, адалдық, тазалық, намысшылдық, қамқорлық және ұлттық қасиетке терең болу. Қазақ қоғамының тарихи кеңістігінде ел болмысының рухани негіздеріне айналған ұлттық сана құбылыстары ең алдымен жеке адамның ерік жігерін қалыптастырып отырған. Табиғатпен етене араласқан қазақ халқы рухани өмірде елдікті, ұрпақтың ауызбіршілігін сақтайтын сапа-қасиеттерді қалыптастырып, кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен. Сезімталдықтың, дарындылықтың, даналықты қадірлеудің, зиялылардың жауапкершілігінің арқасында қазақ ұлты тарихи өмірдің күрделі оқиғаларына парасаттылық танытып, ерік жігерімен төтеп бере білетін ұрпақты қоғам алдына шығарған. Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымы табиғи заңдылықпен дамып, елдің әлеуметтік жағдайын өзгертетін (күрделендіретін) құбылыстар қазақ қоғамының ішіне тұтастай ене алған жоқ.  

Ұлттың тарихы ұлт пен оның тәрбиелеп шығарған тұлғаларының интеллектуалдық болмысының өрісінен шығады. Рухани болмыстың негізі ұлттық сана. Тарихты сақтау ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Әрбір тарихи уақыт өрісіндегі жекелеген адамдардың интеллектуалдық қызметі оның бойындағы ұлттық санасымен көрініп отырады. Халыққа ортақ қасиеттер мен тәжірибелерге тұнып тұрған ұлттық сана тарих даналығымен ортақ құндылыққа айналады.

Ұлттық сана қоғам кеңістігінде ұлт болмысының және ел мүддесінің қажеттіктеріне сай шындық пен жалғанды ажыратып, халық ішінен нағыз талант иелері мен білімділерді шығарып, оларға бағыт көрсететін құбылыс. Ұлттық санаға қатысты Міржақып Дулатов былай деп жазып кеткен, «Бір кісі бір іске жарайтын болса да аз болмас. Халыққа қызмет етемін деген кісіге бәрі бір. Депутат бол, газет шығар, бала оқыт...өзгеміздің бәрі сай болып жалғыз депутатқа қарап тұрған іс жоқ. Халқың надан болса, мың депутатың болсын онан пайда тағы жоқ. Депутаттықты таңсық көріп, атағына қызығып яки бәсеке үшін баратын кісі болмасқа тиіс. Екі қазақ таласып, бір орысқа олжа болса, онан тапқан абыройға түбінде ие табылмай жүрмесін. Осыны әркім ескерсе екен» . Халықтың жағдайын, елдің қажеттігін биіктен қарағаннан, халықтың ішінде жүріп көрген ұтымды. Әлеуметтің, әлеумет мүшесі әрбір адамның көңіл күйі халықтың ішінде ғана жүргенде білінеді. Биікте тұрып қоғамда болып жатқан нәрсені адам көрсе де, оның ішкі жағдайына үңіле алмауы мүмкін. Осы себептен, тарихта қазақ зиялылары халықтың ішінде жүріп, тікелей елдің мәселесін көтеріп, оны шешудің оңтайлы жолын халықпен бірлесіп іздеген.

 Қазақтың ұлттық деңгейінен қарасақ, ұлттық сана дегеніміз елдің өткен тәжірибесімен өзінің бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет, білім) қатар иеленіп, қоғамында орын алып, өзекті болып отырған әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарайтын, жеке басына ие және қоғамын игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел болашағына ізгілік әкелетін нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой өрісін, іс-әрекетін айтамыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет