Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет139/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Ұйымның іскерлік белсенділігі туралы түсінік
2. Кредиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті
3. Материалдық айналым қаражат айналымдылығы коэффициенті
4. Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті.
5. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы
57. тақырып Ұйымның іскерлік белсенділігін көрсеткіштерін талдау

1. Іскерлік белсенділіктің сапалы критериі


2.Қысқа мерзімді активтер айналымының жылдамдығы айналым ұзақтығымен және айналым қаражаты бекітілу коэффициенті
3. Кредиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті
4. Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті
5. Ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын өзіндік дамуына инвестицияларды қоса сипаттайды.

Кәсіпорын әрекетінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау және бағалау қаржылық есеп беру талдауының соңғы кезеңі деп саналады.


Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі ағымды негізгі әрекеттің нәтижелерін және тиімділігін сипаттайды.
Іскерлік белсенділіктің сапалы критериі:
- өнім өткізу рыногінің кеңдігі;
- экспортқа жіберілетін тауардың болуы;
- кәсіпорынның беделдігі.
Сандық баға екі бағыт бойынша беріледі:
- негізгі көрсеткіштер бойынша жоспар орындаудың деңгейі;
- кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігінің деңгейі.
Бірінші бағытты сипаттау үшін негізгі көрсеткіштердің салыстырмалы динамикасын есепке алу қажет
Тт > Тө > Так > 100 %,
мұнда Тт – табыс өзгеру темпі, Тө – өткізу өзгеруінің темпі,
Так – аванс капиталының өзгеру темпі.
Екінші бағытты өндеу үшін материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайтын түрлі көрсеткіштер есептелуі мүмкін. Оның ішінде негізгі - өңдіру, қор қайтымы, айналым қаражатын және аванс капиталының айналуы.
Кәсіпорын ресурстарының пайдалану тиімділігін бағалаудың жалпы көрсеткіштеріне мына көрсеткіштер енеді: ресурс қайтымы және экономикалық өсу тұрақтылығының коэффициенті.
Ресурс қайтымы (аванс капиталы айналым коэффициенті) кәсіпорын әрекетіне енгізген 1 теңге қаражатына келетін өткізілген өнім көлемін сипаттайды.
Тұрақты өсу коэффициенті келешекте кәсіпорын орташа қандай темппен дамуы мүмкіндігін көрсетеді.
«Айналым капитал» термині кәсіпорынның ағымды активтеріне қатысады. Айналым қаржысы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтиды.
Айналым қаражатының айналымдылығын бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады.
Жылына өндірістің және айналудың толық циклі неше рет жасалады және өткізілген өнімнің қанша ақшалай бірліктері активтердің әр бірлігі әкелгенін капиталдың жалпы айналымдылығы коэффициенті көрсетеді.
Бұл көрсеткіш ағымды активтер айналымының жылдамдығын, яғни талданған мерзімде барлық айналым қаражатының айналу санын көрсетеді. Ағымды активтер айналымдығын жылдамдату қажеттілікті азайтады да кәсіпорынға айналым қаражатының бөлігін немесе шаруашылық керектеріне (абсолюттік босатылу), немесе өнімді қосымша шығару үшін (салыстырмалы босатылу) босатуға мүмкіндік береді.
Қысқамерзімді активтер айналымының жылдамдығы өндіру уақыты және айналу уақытын қысқарту арқасында көбейеді.
Сонымен, ағымды активтер айналымдылық коэффициенті барлық мобилдік қаражат айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі егер материалды айналым қаражат айналымдылығы коэффициентінің өсуімен сәйкес болса жақсы тенденция, егер ақырғысы азайса – жағымсыз тенденция туралы айтады.
Бұл көрсеткіш қарыз және оның көлемі сапасын бағалауы үшін қолданылады, кәсіпорын берген коммерциялық кредиттің кеңейуі немесе төмендеуін көрсетеді. Егер коэффициент есеп-шот төлеуімен қалыптасатын өткізу табысынан есептелсе, оның өсуі кредитке сатудыдың қысқаруын дәлелдейді, ал төмендеуі – берілетін кредит көлемін ұлғайтуды дәлелдейті.
Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығы негізгі шарттарының бірі – оның ағымды міндеттерін жабуды қамтитын ақша қаражатының ағылып келуі. Ақша қаражатының қажетті қорының жоқтығы кәсіпорында қаржылық қиындықтар болуы туралы айтады. Сол уақытта артық ақша қаражатының болуы инфляция және ақшаның бағасыздануымен байланысты кәсіпорын қиыншылығы туралы айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет