Несие алу үшін қарыз алушы несиенің мақсаты, сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімдері жазылған негізделген жазба өтінішпен (3 данада) банкқа барады.
Қарыз алушы белгілі құжаттар тізімін береді. Қажетінше банк қарыз алушының қаржылық жағдайын тексеруі мүмкін.
Кәсіпорын несие төлеу қабілеті деп кәсіпорынның толық және уақытында өз қарыз міндеттерін өтеуге және жаңа несие алуға алғышарт болу қабілеттігін түсінеді. Басқаша, несие төлеу қабілеті – бұл кредит алу құқығы және мүмкіндігі. Ол алдында алынған кредитті төлегенде ұқыптылықпен, ағымды қаржы жағдаймен және керегінде түрлі көздерден ақша қаражаттарын жинау мүмкіндігімен сипатталады.
Несие төлеу қабілетін талдау мақсаты – банкпен кредит беру шарты мен мүмкіндігі туралы мәселені шешуге дейін анықталатын қарыз алушының сапалық бағасы, банк клиенттің қарызға алынған қаражатты кредит келісім-шартына сәйкес қайтару қабілетін және дайындығын алдынан ала көруі керек, сонымен бірге кредиттік салымдардың мақсатқа лайықтығын және негізділігін бағалау қажет.
Кәсіпорын несие төлеу қабілетін талдаудың негізгі міндеттері: - кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтау;
-қарыз алушының тиімсіз шаруашылық әрекеті салдарынан кредит ресурстарының жоғалуын ескеру;
- қарыз алушы-кәсіпорын әрекетін оның тиімділігін арттыру үшін ынталандыру;
- несиелендірудің тиімділігін көтеру.
Несие төлеу қабілетін талдауды несиелендіру шарттарынан бастайды. Ол үшін зерттеледі: қарыз алушының беделі; қарыз алушының бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға және табыс алуға қабілеті; кредит ресурстарын пайдалану мақсаттары; кредит сомасы; кредит өтеуі; кредитті қамту; активтерді иемдену; экономикалық конъюктураның жағдайы және даму болашағы.
Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есеп берулердің жиналған мәліметтері, қосымша ақпарат негізінде өткізіледі, яғни жариялау, төлемді кідірту фактілері туралы құпия мәлімет, серіктес алдында міндетсіздік, кәсіпорын иелері немесе басшылардың моральсыздық тәртібі негізінде өткізіледі. Кей-бір кәсіпорындарға банктер досье ашады.