Бақылау сұрақтары:
1.Факторлық талдау туралы түсінік
2.Факторлық талдау келесідей типтерге бөлінеді
3.Экономикалық талдауда факторлар әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі
4.Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлар
47.тақырып. Салыстыру тәсілі. Көрсеткіштерді салыстырмалы түрде келтіру әдістері.
1. Салыстыру-талдаудың негізгі тәсілі.
2. Салыстыруды қолдана отырып жетістікке жететін қарапайым жағдайлар мен мақсаттары
3. Салыстырудың түрі
Салыстыру әдісі дәстүрлі әдістер ішінде ең кеңінен таралған әдіс. Салыстырудың бірнеше түрлері бар:
Болжаммен, жоспармен салыстыру;
Өткен жылмен салыстыру;
Сала бойынша орташа мәліметтермен салыстыру;
Ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибемен салыстыру.
Бұл әдістің көмегімен экономикалық дамудың жетерлік деңгейі және өсу қарқыны анықталады, сондай-ақ белгілі бір көрсеткішке факторлардың әсерін анықтауға болады.
Жоспармен немесе өткен жылмен факторларды салыстырғанда, олар оң немесе теріс таңбамен шығуы мүмкін.
Салыстыру – тәсілдердің бір түрі, оның көмегімен адам қоршаған ортаны тани білді. Қазіргі заманда біз бұл амалды атоматты түрде кейде байқамай күнделікті қолданамыз. Ерекше маңыздылығына көңіл аударсақ «Бәрін салыстырғанда түсінесін» деген мәтелге сілтеуге болады. Ол экономикалық құбылыстарды зерттеуде де кеңінен тарады. Бақылау мен болжауды бағалағанда қолданатын әр көрсеткіш пен әр санның салыстырмалы түрде ғана мәні болады.
Бұл әдістің мәні келесі түрде ашылуы мүмкін. Салыстыру – бұл танымның ғылыми әдісі, мұнда белгісіз құбылыстар, заттар бұрын зерттелген белгілі құбылыспен салыстырылады, бұл олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау мақсатымен жасалады. Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардың жалпы және спецификалық, зерттеліп жатқан объектілердің өзгерісі, даму тенденциялары мен заңдылықтары анықталады.
Экономикалық талдауда салыстыру барлық есептерді шешуде негізгі немесе көмекші әдіс ретінде қолданады. Салыстыруды қолдана отырып жетістікке жететін қарапайым жағдайлар мен мақсаттарды айта кетейік.
1. Жоспардың орындалу дәрежесін бағалау үшін жоспарлы және нақты көрсеткіштерді салыстыру.
2. Нақты көрсеткіштер мен нормативтік көрсеткіштерді салыстыру шығындарды бақылауға және ресурсты сақтаушы технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.
3. Нақты көрсеткітерді өткен жылдар көрсеткіштерімен салыстырып экономика процесстерінің даму тенденциясын анықтау.
4. Кәсіпорынның талдамалы көрсеткіштерін ғылыми жетістіктермен және басқа кәсіпорындар немесе бөлімшелер жұмысының алдыңғы қатарлы тәжірибесімен салыстыру қорларды іздеуге қажет.
5. Талдамалы шаруашылық көрсеткіштерді жеткен нәтижелерді бағалау және қолданылмаған қорды анықтау үшін аудан, аймақ, облыс бойынша орташа көрсеткішітерімен салыстыру.
6. Зерттеліп жатқан көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау үшін параллельді және динамикалық қатарларды салыстыру. Мысалы, бірмезгілде жалпы өнімнің өндірістік колемінің өзгеріс динамикасын, негізгі өндірістік қор және қайтарым қорын талдағанда бұл көрсеткіштердің өзара байланысын дәлелдеуге болады.
7. Басқарушылық шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салыстыру мақсатымен ең қолайласын таңдау.
8. қызмет нәтижесін кез келген фактордың өзгерісіне дейін және кейін салыстыру, факторлар әсерін есептеген кезінде және қорларды есептегенде қолданылады.
Салыстырудың әр түрін толығырақ қарастырайық.
Бұрынырақ белгілеп кеткендей, шаруашылық қызметін талдау міндеттерінің бірі, бақылау жүйесінің құрылымы және кәсіпорын қызметінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жан жақты талдау. Нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыру міндетті шарт болып табылады. Бұндай салыстыру жоспарды орындау дәрежесінің ай, тоқсан немесе жыл бойынша анықталуына мүмкіндік береді. Жоспарлы көрсеткіштердің дәлілденгенін тексеру үшін де нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыруы мүмкін. Ол үшін нақты орташа үш-бес өткен жылдар мәліметтері ағымдағы жылдың жоспарлы мәліметтерімен салыстырылады. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлымен салыстыру өндірістік резервтерді айқындау үшін керек. Осы мақсатпен келтірілген шаралардың көлемі туралы нақты мәліметтер жоспарлымен салыстырылыды. Егер жоспар белгілі бір шаралармен орындалмаса, онда өнім өндірісінің ұлғаюын қолданылмаған резерв түрінде қарастыруға болады.
ШҚТ-да болашақ жоспардың мәліметтерімен осы немесе басқа көрсеткіштер бойынша жеткен деңгейді салыстыру маңыздылығы аз емес. Бұндай салыстыру болашақ жоспар мен алдыңғы кезең тапсырмалардың орындалу жолын көруге мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыстардың тәжірибесінде бекітілген нормаларды салыстыру да қолданылады (мысалы: шикізат, материал, энергия су және т.б. шығындар). Бұндай салыстыру өнім өндірісіне қорларды артық шығындау немесе үнемдеу үшін,оларды өндіріс процесінде тиімді қолдануын бағалау және өзіндік құнын төмендету мен өнім шығарылысы ұлғаюының жоғалған мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.
ШҚТ-да алынған нақты нәтижелерді өткен жылғымен салыстыру жиі қолданылады. Бүгінгі күнгі нәтижелерді кешегімен, ағымдағы ай, тоқсан, жылды бұрынғымен салыстырады. Бұл экономикалық процестердің даму заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау және алынған көрсеткіштердің өзгеру қарқынын бағалау мүмкіндіктерін береді.
Келесі түрі – ең жақсы нәтижелермен салыстыру, яғни алдыңғы қатарлы тәжірибе, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері және ең артық еңбек үлгісімен салыстыру. Бұндай салыстырулар зерттелетін кәсіпорын шегінде және одан тыс жерлерде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорын ішінде жалпы коллективпен алынған көрсеткіштердің орташа деңгейі алдыңғы қатарлы учаскелер, жұмысшылар мен бригадалар көрсеткіштерімен салыстырылады. Ол өндірістің жаңа мүмкіндері мен алдыңғы тәжірибені көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |