Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Ағымдағы активтернемесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті



бет180/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

4.Ағымдағы активтернемесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады: 
К = Д / Т 
Мұнда: К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т - ағымдағы активтер.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында – 3,34 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2теңге 32тиынал жыл соңында 3теңге 34тиын келтірді.
5.Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
К = S / З 
Мұнда:К–материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;
S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
З - өндірістік материалдық қорлар.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында – 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.
6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Д 
Мұнда: К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д - дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. 
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.
7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатуда түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д /К 
Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
К - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

25. практикалық сабақ Ұйым қызметін бақылайтын және талдайтын органдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет