Айналым қаражаты (капиталы) – бұл кәсіпорындардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым қаражаты өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Өнеркәсіпте айналым қаражаты айналым қорлары және ақшалалай айналыс қорлары болып екі топқа бөлінеді.
Басқалай айтқанда,
Айналым қаражыты = айналым қоры + ақша күйіндегі айналыс қоры Өндірістің айналым қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. Өндірістің айналым қоры табиғи және ақшадай көрсеткіш арқылы сипатталады.
Айналым қаражаты өндіріс саласында қызмет атқару барысында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.
Өндірістік айналым қоры үш бөліктен тұрады:
өндірістік қор
аяқталмаған өндіріс және кәсіпорынның өздері әзірлеген жартылай фабрикаттар (шалафабрикаттар)
Айналыс қорларыныңқұрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп – шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген ақша қаражаттары жатады.
Кез келген фирманың айналым қаражаттарын жұмсау барысындағы негізгі мақсатының бірі ол - ресурстарды сақтау, үнемдеу приципын қолдана отырып, өндірісті интенсивтендіру болып табылады.
Үнемдеу тәртібін қамтамасыз ету шараларының жалпы жүйесінде еңбек заттарын үнемдеу негізгі орынды алады – оны шикізат, материал, жанармайдың өнім бірлігіне жұмсалатын шығынын, өнім сапасына, беріктігіне, ұзақ уақыт қолданылуына зиянын тигізбей қысқарту деп түсіну керек.
Айналым қорларының үнемделуінің экономикалық мәні мынада:
шикізаттың, материалдардың, жаңармайдың үлестік шығындарын төмендету өндіріске үлкен экономикалық пайдалықты қамтамасыз етеді.
материалдық ресурстарды үнемдеу, өндіріске жаңа, әрі үнемді материалдарды енгізуге мүмкіндік береді;
материалдық ресурстарды үнемдеуге талпыну, жаңа техниканы енгізуге, технологиялық процестерді жетілдіруге итермелейді;
материалдық ресурстарды тұтынудағы үнемдеу өндірістік қуаттылықтарды қолдануды жақсартуға және қоғамдағы еңбек өнімділігінің жоғарлуына себепші болады.
Айналым қорларын пайдалануды жан-жақты жақсарту - өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең маңызды мақсаттарының бірі. Шикізат, жаңармай, көмекші материалдар неғұрлым тиімді пайдаланылса, соғұрлым олар өнімді жасауға аз мөлшерде жұмсалады деп қорытынды жасауға болады.
Бұл тұрғыда мынадай екі көрсеткішті қарастыруға болады: материалдық ресурстарды жұмсау көрсеткіштері және оларды тиімді пайдалану көрсеткіші.