Практикалық сабақ мазмұны:
Ұйымның қаржылық тұрақдылығын талдау
Тақырыптық тапсырмаларды орындау.
Әдебиеттер: К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмагалиева. «Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001 ж.
Түсіндіру қажет:
1.Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың ролі
2.Табыс белгілі бір нысандары
3.Табысты үлестірудің принциптері
4.Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайы
5.Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі
№60практикалық сабақ Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруін талдау
Практикалық сабақ мазмұны:
Ұйымның қаржылық тұрақдылығын талдау
Тақырыптық тапсырмаларды орындау.
Әдебиеттер: К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмагалиева. «Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001 ж.
Түсіндіру қажет:
1. Өндірістік қорлардың табыстылығын талдау
2. Негізгі капиталдың жағдайын талдау
3. Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін талдау
4. Негізгі капиталдың қорқайтарымын факторлық талдау
Сыйымдылық көрсеткіші 1 теңге өнім шығарымына келетін ресурстардың шығынын немесе қалдық қорын сипаттайды. Қалдық қор деп теңгерім бойынша есеп беретін күнге келетін ресурс көлемін білдіреді, ал шығын деп – ресурстардың ағымдағы жұмсалымын, соның ішінде негізгі капитал бойынша амортизация да жатады. Негізгі капиталдың қорқайтарымы келесі формуламен анықталады:
ҚҚo = Q / НКорт
мұнда Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі;
НКорт - негізгі капиталдың орташа бастапқы (қалпына келтіру) құны.
Қорқайтарымының өсуі бірдей барлық жағдайда дайын өнімнің 1 теңгесіне келетін амортизациялық аударымның, немесе амортизация- сыйымдылығының азаюына алып келеді, сонымен қатар тауар бағасындағы пайда үлесінің жоғарылауына себеп болады:
Aс = A / N,
мұнда Aс - амортизация сыйымдылығы;
А – саналған амортизация сомасы.
Қорқайтарымының өсуі өнім көлемінің қарқынды өсуіне себеп болатын факторлардың бірі болып саналады. Бұл байланысты фактор үлгісінің мультипликативті немесе индексті түрімен өрнектеуге болады:
Q = НКорт × ҚҚo немесе IQ = Iнк
Факторлық үлгі негізінде негізгі қордың ұлғаюының және қорқайтарымы өсімінің арқасында өнім көлемінің өсімі саналады:
ΔQ = ΔQ (НКорт) + ΔQ (ҚҚo),
№61практикалық сабақ Кәсіпкерлік тәуекелдік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау
Достарыңызбен бөлісу: |