Практикалық сабақ мазмұны:
Ұйымның қаржылық тұрақдылығын талдау
Тақырыптық тапсырмаларды орындау.
Әдебиеттер: К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмагалиева. «Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001 ж.
Түсіндіру қажет:
1. Рентабельділік туралы түсінік
2. Рентабельділікгі — өндіріс тиімділігі түсінігі
3.“Рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қолданылатын негізгі мақсаттары
Жиынтық капиталдың рентабельдiлiгiнiң өзгерiсiне факторлық талдау кәсiпорынның күштi және әлсiз жақтарын анықтауға мүмкiндiк бередi. Осы факторлардың әсерiн абсолюттiк айырмашылықтар әдiсiмен анықтасақ:
1. Айналыс рентабельдiлiгiнiң әсерi:
(11.3- 7.1)*1.07=+4.5%
2. Капитал айналымдылығының әсерi:
(1.07- 1.38)*7.1=-2.2%
Яғни, жиынтық капиталдың рентабельдiлiгi айналыс
рентабельдiлiгiнiң 4.2 пунктке өсуiнен 4.5% -дық пунктке өскен, ал капитал айналымдылығының 0.31 ретке кемуiнен жиынтық капиталдың рентабельдiлiгi
Демек, кәсiпорынның капитал айналымдылығын жоғарылату арқылы жалпы рентабельдiлiктi арттыру мүмкiншiлiгi бар. Сол себептi капитал айналымдылығына талдау жасағанда оны жоғарылату мүмкіншіліктеріне назар аудару керек
№56практикалық сабақ Ұйымның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау
Практикалық сабақ мазмұны:
Ұйымның қаржылық тұрақдылығын талдау
Тақырыптық тапсырмаларды орындау.
Әдебиеттер: К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмагалиева. «Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001 ж.
Түсіндіру қажет:
1. Ұйымның іскерлік белсенділігі туралы түсінік
2. Кредиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті
3. Материалдық айналым қаражат айналымдылығы коэффициенті
4. Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті.
5. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы
Бірінші бағытты сипаттау үшін негізгі көрсеткіштердің салыстырмалы динамикасын есепке алу қажет
Тт > Тө > Так > 100 %,
мұнда Тт – табыс өзгеру темпі, Тө – өткізу өзгеруінің темпі,
Так – аванс капиталының өзгеру темпі.
Екінші бағытты өндеу үшін материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайтын түрлі көрсеткіштер есептелуі мүмкін. Оның ішінде негізгі - өңдіру, қор қайтымы, айналым қаражатын және аванс капиталының айналуы.
Кәсіпорын ресурстарының пайдалану тиімділігін бағалаудың жалпы көрсеткіштеріне мына көрсеткіштер енеді: ресурс қайтымы және экономикалық өсу тұрақтылығының коэффициенті.
Ресурс қайтымы (аванс капиталы айналым коэффициенті) кәсіпорын әрекетіне енгізген 1 теңге қаражатына келетін өткізілген өнім көлемін сипаттайды.
Тұрақты өсу коэффициенті келешекте кәсіпорын орташа қандай темппен дамуы мүмкіндігін көрсетеді.
«Айналым капитал» термині кәсіпорынның ағымды активтеріне қатысады. Айналым қаржысы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтиды.
Айналым қаражатының айналымдылығын бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады.
Жылына өндірістің және айналудың толық циклі неше рет жасалады және өткізілген өнімнің қанша ақшалай бірліктері активтердің әр бірлігі әкелгенін капиталдың жалпы айналымдылығы коэффициенті көрсетеді. Ол мына формула арқылы есептеледі
Ка = ТN / Ак,
мұнда ТN – өнім өткізуден алынған табыс; Ак – аванс капиталы.
Қор қайтымы ретіндегі негізгі қаражат айналымы
Қк = ДN / Нққ,
мұнда Нққ – негізгі қаражаттың орта құны.
Өзіндік капитал айналымының коэффициенті
Каө = ДN / Өк,
мұнда Өк – баланс бойынша өзіндік капиталдың орта мөлшері.
Ағымды активтердің айналымдылығы коэффициенті
Каа.а.=ДN/ Аао,
мұнда Аао – ағымды активтердің орта мөлшері.
ҚА бір айналу ұзақтығы формула арқылы анықталады
До = 360 / Ка а.а. = 360 : ДN / Аас = 360 х Аас / ДN
Айналым қаражаты бекітілу коэффициентінің формуласы келесі түрде болады
Каб = Аас / ДN.
Сонымен, ағымды активтер айналымдылық коэффициенті барлық мобилдік қаражат айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі егер материалды айналым қаражат айналымдылығы коэффициентінің өсуімен сәйкес болса жақсы тенденция, егер ақырғысы азайса – жағымсыз тенденция туралы айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |