Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)
Бухгалтерлік есептілікті жүргізу және қалпына келтіру. «Бухгалтерлік есептілік пен қаржылық есептілікті беру туралы» заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.
Кеңес беру. Қызмет көрсетудің бұл түрі салық салу мәселелері бойынша ауызша немесе жазбаша түсініктерді, бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындығын қосымша кәсіби білім беру ретінде оқыту болып табылады, аудиторлық фирмалар мамандарының лекциялар, семинарлар курсын, "дөңгелек үстелдер" жүргізуді көздейді. Осы мақсаттар үшін аудиторлық фирмалар өз қызметкерлерінен басқа жоғары оқу орындары оқытушыларын, мемлекеттік органдардың бас мамандарын тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде болған заңдағы өзгерістер мен қосьшшаларға көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер, стандарттарға түсініктеме беріп, сұрақ-жауапты ұйымдастырады.
Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту. Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса өзекті болып табылады. Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, Бухгалтерлік есептілікті жолға қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды таңдау сияқгы қызметтермен тығыз байланысты.
Заңмен талап етілетін сыртқы аудитті жүргізетін аудитор үшін кәсіпорында ішкі аудиттің атқаратын ролін зерттеу маңызды, себебі бұл жұмыстың қайталануын азайтады. Бұл ішкі аудит қаржылық жүйені қамтитынына немесе тауар-материалдық құндылықтар, не болмаса қаржылық менеджмент қозғалысын басқару сияқты сфераларды қамтитынына қарамастан мүмкін болады.
Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы — белгіленген стандарттар шеңберінде қызмет етеді, тексеру нәтижелері бойынша есептерді құрастырады және т.б. сонымен қатар ерекшеліктері де бар:
1.түрлі міндеттерді орындау;
2.сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру;
3.көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық;
4.күнделікті шаруашылық-қаржылық операцияларға мүдделік дәрежесі;
5.есеп беруді құру нысандарындағы айырмашылық.
Аудит анықтамасы көбінесе аудитті тексеру (проверка) деп анықталған. Ал аудиттің бақылау жасауға құқы жоқ. Тек ішкі аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі мүмкін.