«ТӨҢКЕРІЛГЕН ОҚЫТУ» ӘДІСІ МЕН АКТ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢТИІМДІЛІГІНЕДЕ? Жаһандық əлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты заманауи сандық технологияларды қолданудың қажеттілігі артып келеді. Соңғы кездегі əлемде орын алған эпидемиялық жағдай білім беру жүйесі тенденцияларының кемелденуін қажет етті. Қазіргі əлем мектептері кез келген уақытта қашықтан оқыту мен оқуға бейімделіп келеді. 2019-2020 оқу жылдарында қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты оқушылардың сабаққа деген ынтасының төмендеуі байқалды. Бұл өз кезегінде 10-сынып оқушыларының сыртқы жиынтық бағалау (бұдан əрі-СЖБ) жұмысына кері əсер ететіндіктен, мəселенің шешу жолын қарастыру қажеттілігі туындады. Қандай жағдай болмасын мектептің басты мақсаты оқушыға саналы тəрбие мен сапалы білім білім беру болып табылады. Сондықтан дəстүрлі оқыту жүйесі оқушы үшін білімнің қайнар көзі болып табылмайды. Қазіргі мектеп оқушысы өзіне қажетті мəліметтер мен деректерді акпараттық-коммуникативті технологияларды (бұдан əрі – АКТ) қолдану арқылы кез келген уақытта таба алады. АКТ-ның ауқымды дамуы мен оған деген сұраныстың артуы, оқыту мен оқу жүйесіне жаңа əдістерді кеңінен қолдануға жəне зерттеуге өз əсерін тигізуде. Заманауи білім беру жүйесінің мақсаттары оқушының дамуына қолайлы жағдай жасап, өз бетінше білім алу мен АКТ-ны қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ал «Төңкерілген оқыту» əдісі АКТ мүмкіндіктері арқылы оқытудың инновациялық моделі ретінде қарастырылады. Бұл əдісті қолданудың қажеттіліктері: жалпы сыныптар бойынша білім сапасының төмендеуі, 10-сыныптардың СЖБ жұмысына дайындығын күшейту, қашықтан оқудың оқыту үдерісіне кері əсер етуі т.б. болды. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: АКТ мен «Төңкерілген оқыту» əдісінің мүмкіндіктері арқылы оқушылардың білім сапасы мен пəнге қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарын əріптестермен бөлісу болады. Сондықтан, АКТ мүмкіндіктері арқылы «Төңкерілген оқыту» əдісінің тиімділігін айқындау маңызды болып табылады. Іс-тəжірибені зерттеу мен жүзеге асыру 2019-2020 оқу жылдары басталып, төмендегідей зерттеу сұрақтары құрастырылды. Зерттеу
сұрақтары:
«Төңкерілген оқыту» əдісі білім сапасына қалай əсер етеді?
АКТ мен «Төңкерілген оқыту» əдісінің қандай мүмкіндіктер бар?
Оқыту үдерісінде «Төңкерілген оқыту» əдісі мен АКТ-нің қандай артықшылықтары мен шектеуліктері орын алды?
«Төкерілген оқыту» əдісін алғаш рет халықаралық мұғалім, əріптесіміз Эрон Дейвис мектепішілік «теңдес-теңдеске» атты семинарда таныстырған болатын. Заманауи жаңа əдіске деген қызығушылық туындап, 2015-2016 оқу жылында «Қазіргі əлемдегі Қазақстан» пəнінде қолдандық. Алайда бұл əдістің тиімділігін бірденен байқай алмадық. Себебі, оқушылар тарапынан оқып келуге тиісті ресурстарды қарастырмай, сабаққа дайындықсыз келу жиі орын алды. Бұл тəжірибеге кедергі келтіріп, жаңа əдіс толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Оқыту мен оқу жүйесінде туындаған мəселелер білім сапасын арттырумен қатар зерттеу жұмысын жандандыруды жеделдетті. Туындаған
Сурет.1
қиындықтар мен кедергілерді шешу жолында əртүрлі педагог-зерттеушілердің еңбектерін зерделедік. Осы тұста Португалияның «Пəнаралық зерттеу» орталығының мамандары Хелена Виейра мен Клаудия Пинту Рибейрудың зертеу-тəжірибесін негізге алдық. Португалиялық əріптестеріміз «Төңкерілген оқыту» оқыту əдісі мен АКТ-ні тиімді қолдану, тарих пəнін оқытудың табысты əдісі деген тұжырымға келген [7]. Осы тұжырым негізінде іс-əрекетті зерттеу жұмысымыз 15-16 Сондай-ақ америкалық педагогтар Джонатан Бергман және Аарон Семс жастағы 109 оқушыларға жүргізген эмпирикалық зерттеу болып саналады.
«Төңкерілген оқыту» əдісі арқылы мұғалім белгіленген сабақ аясында оқушылардың алған білімін қолдану дағдыларын дамыта алады» деп айтқан [2, 6б.]. Ал австралиялық зерттеуші Oh Nam өз зерттеуінде «Төңкерілген оқыту» əдісін қолданудың қажеттілігіне тоқталып, қазіргі кездегі лекциялар мен үй жұмыстарының түпкілікті өзгеріске ұшырағанын айтты. Ол оқушылар қысқаша шолу түрінде бейнесабақтар мен онлайн сабақтарды қарап, сабақта тек тапсырмаларға мəн беру керектігін сипаттаған [2,5б.].Міне осындай зерттеулердің нəтижесі бойынша «Төңкерілген оқыту» əдісін оқыту мен оқу үдерісіне қайта енгізуді қолға алдық. Сонымен қатар қазіргі оқушылардың цифрлық сауаттылығы жоғары болып келеді. Сондықтан «Төңкерілген оқыту» əдісін АКТ мүмкіндіктері арқылы қолдану кедергісіз болатыны сөзсіз еді. Ноутбук, компьютерлер барлық оқушыларға қолжетімсіз болғанымен, ұялы телефон мен толық қамтылған.
Зерттеу жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең 2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығын қамтыды. А) 10-сынып оқушыларының І- тоқсан бойынша білім сапасының нəтижесін əдістемелік бірлестік пен педагогикалық кеңесте талқыланып, талдау жасалды. Нəтижесінде білім сапасын арттыру арқылы СЖБ дайындықты күшейту тапсырылды. B) Әртүрлі деректерден «Төңкерілген оқыту» əдісін зерттеген жəне іс-тəжірибесінде қолданған зерттеушілердің еңбектерін зерделеу болды. C) Шетелдік зерттеушілердің еңбектерін жүйелеу. D) Оқушылардан, ата-аналардан алынған сауалнама, сұхбат қорытындысын шығару. E) Әріптестермен бірлесіп «Төңкерілген оқыту» əдісін ІІ тоқсанда тəжірибеде қолдану жəне бақылау енгізілді. Екінші кезең 2019-2020 оқу жылының екінші жарты жылдығын қамтыды. А) «Төңкерілген оқыту» əдісін қолдануды жандандырып, бақылау мен зерттеуді күшейту. B) ІІ жарты жылдық көрсеткіші бойынша талдау жасау. C) оқушылар мен ата-аналардан алынған № 2 сауалнама мен сұқбат қоытындысын шығару. D) 2019-2020 оқу жылының білім сапасының салыстырмалы қорытындысын жасау. Үшінші кезең 2020-2021 оқу жылын толық қамтиды. А) 2019-2020 оқу жылындағы тəжірибені қолданып, жандандыру. B) Мектеп қауымдастығында əріптестермен бөлісіп, кері байланыс алу. C) Зерттеу жұмысының нəтижелерін жинақтау арқылы талдау. D) зерттеу жұмысының қорытындысын шығару. E) тəжірибені қала, облыс, республика жəне халықаралық деңгейде əріптестермен бөлісу.
Зерттеу жұмысы оқушылармен ата-аналардан сауалнама, сұхбат алудан басталды. Кейбір төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылардан жеке онлайн-сұхбат алынды.
Жеке онлайн-сұхбат берген оқушылардың басым көпшілігі пəнге деген қызығушылықтың төмендеуі деген жауапқа тоқталды. Ата-аналар мен оқушылардан алынған сауалнама нəтижесі бойынша «Төңкерілген оқыту» əдісін АКТ қолдану арқылы оқыту қажет деген нақты тұжырымға келдік. Сабақты əріптестермен бірлесіп жоспарлауда оқушылардың ақпаратты қабылдау жəне меңгеру ерекшеліктеріне сəйкес оқу матералдарын дифференциация бойынша жасауды қажет деп шештік. Себебі Мичиган университетінің ғалымдары Рита Стаффорд пен Кеннет Дж. Данн «Мұғалімдер оқыту технологиясын қолданғанымен, оқушылардың барлығы бір деңгейде болғанын саралап қалар еді. Сонымен қатар оқушылар меңгеру қабілеті бойынша да ерекшеленеді» деп айтқан [1,41б.].Сондықтан «Төңкерілген оқыту» əдісі оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне байланысты тапсырмаларды жүйелеуге тиімді болады. Джефф Данн
«Сыныпты төңкерудің 6 қадамы туралы нұсқаулық» атты қысқаша мақала жазды, онда төңкерілген сыныпты жүзеге асырудың 6 кезеңі сипатталған [4, 23б.].Кезеңдер: жоспарлау, бейне жазу, бөлісу, ауыстыру, топтастыру, қайта топтастыру. Сол себепті бірінші кезекте сабақты əріптестермен бірлесіп өзара жоспарлау жүзеге асырылды. Блум таксономиясының дағдылары негізінде оқушылар пəндік контекст бойынша теориялық білім мен түсінігін өз бетінше зерделеп келеді [5,23б.].Ал сабақта оқушылардың талдау, жинақтау жəне бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды ұсынамыз. Олар тапсырмаларды жұппен, топпен немесе жеке орындай алады. Бөлім тақырыптарының мазмұны бойынша ықшамдалған мəтіндер мен түрлі деректерден шағын кітапша-жинаққолданылды. Тақырыптық шағын бейнематериалдар conva.com бағдарламасы арқылы түсіріліп, мұның барлығын Microsoft Teams платформасына алдын-ала жүктедік. «Төңкерілген оқыту» əдісі бойынша аудио жəне бейнематериалда пəн мұғалімнің бейнесі мен дауысы болуы міндетті [3,4б.].Сондай-ақ ақпараттық мəтіндер бойынша подкасттар жасалып, whatsapp желісінде əр сыныптарға арнайы ашылған топтарға жіберілді. Бұл туралы ата-аналар мен кураторларына хабар беріліп, оқушыларды қадағалау сұралды. «Төңкерілген оқыту» əдісін оқытудың тиімділігін арттырған бір себеп: кураторлар мен ата аналар тарапынан қолдаудың көрсетілуі еді. Оқу жылының соңғы кезеңінде біз əріптестерімізбен кеңесіп, сауалнама сұрағының мазмұнын өзгертпей екінші рет алуды жоспарладық. Сауалнама нəтижесі бойынша өзгерістерді байқадық (3, 4-кестелер). Мұнда ата- аналармен оқушылар тарапынан АКТ жетіспеушілігінің тапшылығынан сылтау жасау азайғандығын аңғарамыз. Себебі оқушылардың басым көпшілігі сабаққа дайындық барысында ұяля телефонды қолданатындығын жасырмайды. Бұдан біз подкаст əдісінің тиімділігін байқаймыз.
Қорытындылай келе, іс-тəжірибені зерттеу нəтижесі оңтайлы нəтиже берді деген қорытынды жасауға болады. «Төңкерілген оқыту» əдісі мен АКТ мүмкіндіктері оқушылардың пəнге деген ынтасын арттырып, СЖБ оң нəтижеге қол жеткізді. Осы зерттеу жұмысы барысында мұғалімдердің де ақпараттық технологияны қолданудың кəсіби деңгейлері де жетілдірілді. Алайда кез келген əдіс-тəсілдің жетілдіретін тұстары болады. Бұл зерттеу жұмысының барысында кездескен қиындықтар болды. Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру барлық оқушыға бірдей тиімді болмады. Кейбір оқушылар алдын ала платформаларға жүктелген оқу материалдарымен таныспай, оқу үдерісінде жаңа тақырыпқа уақыт бөлуға тура келді. Барлығына интернеттің қолжетімсіз болуы да кедергілерді көбейтті. Дегенмен зерттеу жұмысы əдісінің келесідей артықшылықтары анықталды:
СЖБ жұмысына арналған 9-сынып оқу материалдарын еске түсіріп, қайталау мүмкіндігі болды. Есте сақтау қабілеттері дамыды.
Зерттеушілік дағдылары жоғары оқушылардың өз бетінше оқу мүмкіндігі туындады.
сабаққа деген ынтасы артты.
Күрделі тапсырмаларды үйде өз бетінше орындау, білу жəне түсіну дағдысының тапсырмаларына алмасты (подкаст тыңдау, бейнематериалды көру немесе тренажерды оқу). Бұл оқушының сабаққа деген қорқынышын сейілтіп, өзіне деген сенімін арттырды.
Ақпаратты қабылдау жəне есте сақтау қабілеттеріне байланысты оқушыларға оқу материалдарын таңдау мүмкіндігі берілді. Мысалы, аудиал оқушыларға подкаст, визуал оқушыға бейнематерал т.б.
Дифференциацияланып жасалған оқу материалдары экстернат немесе əртүрлі конкурстарға қатысып жүрген немесе денсаулығына байланысты емделіп жатқан оқушыларға ең тиімді көмекші құрал қызметін атқарды.
Оқушылар кез келген жерде ұялы телефон, компьютер арқылы өзіне қажетті білімді меңгере алды.