Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет63/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Ұйымның қаржы қызметі 
2. Басқарудағы бақылаудың объективті керектілігі
3. Басқарудағы бақылаудың объективті керектілігі
4. Бақылаудың технологиясы: бақылаудың концепциясын таңдау, бақылаудың мақсатын анықтау, бақылаудың нормасының орындалуы, бақылау әдістері, бақылаудың көлемі мен қамту саласы
23. тақырып Шаруашылық салыстармалы талдау әдісі

1.Шаруашылық субъектісінің ШҚТ негізгі мақсаттары


2.ШҚТ қағидалары
3.ШҚТ түрлері және олардың жіктелімі
4.Шаруашылық қызметті талдау әдісі және оның сипатты белгілері


ШҚТ мазмұны кәсіпорынды басқарушылық жүйесінде негізгі орынды алатын, өзі орындайтын функциялары мен рөлінен туындайды. Басқару- шылық жүйесі өзара байланысты келесідей жоспарлау, есеп пен бақылау, шаруашылық қызметті талдау және басқарушылық шешімді қабылдау сияқты функциялардан тұрады.
ШҚТ басқарушылық функциясы ретінде өндірісті жоспарлау мен болжаумен тығыз байланысты, өйткені бұл функцияларды терең талдау жасамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Талдаудың бұл функциясы – жоспардың орындалуын бақылау және дайындау, оларды негіздеу үшін ақпараттар – нарықтық экономикада күшейеді, өйткені сыртқы ортаның белгісіздік және құбылмалы жағдайында ағымдағы және болашақтағы жоспарларға түзету енгізуді талап етеді
Қазіргі уақытта өндірісті басқару құралы ретінде талдаудың рөлі артуда. Бұл әр түрлі келесі жағдайлармен негізделген:
- өндірістің капиталсыйымдылығы мен ғылыми сыйымдылығының артуымен, шикізат құны мен оның тапшылығының өсуімен байланысты өндіріс тиімділігін арттыру қажеттілігімен;
- басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесінен шығып, нарықтық қатынастарға өтумен;
- экономиканы мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелен- дірумен және басқа да экономикалық реформалардың іс-шараларымен байланысты.
Шаруашылық субъектісінің ШҚТ негізгі мақсаттары:
1.Экономикалық заңдар әрекетінің сипатын зерттеу, кәсіпорынның нақты жағдайында экономикалық үдерістер мен құбылыстардың үрдістері мен заңдылықтарын бекіту.
2.Ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу. 3. Ресурстарды үнемді пайдалануды, басқарушылық шешімдері мен жос- парлардың орындалуын бақылау. 4. Шаруашылық қызмет нәтижесіне сыртқы және ішкі, субъективті және шынайы факторлардың ықпалын зерттеу.
5.Алдыңғы қатарлы тәжірибені және ғылым мен тәжірибенің жетіс- тіктерін зерттеу негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резервтерін іздеу.
6.Экономиканың даму деңгейіне және бар мүмкіндіктерді пайдалануға, өнім мен қызмет нарығында оның жағдайын анықтауға қол жеткізген жоспарларды орындау бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау. Шынайы диагностикалау бизнес-үдерісті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
7. Анықталған резервтерді пайдалану бойынша нұсқаулар жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет