Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Бақылау үрдісінің кезеңдері



бет78/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау үрдісінің кезеңдері. Нормативтер мен стандарттарды жасау Бірінші үрдіс: стандарттар мен критерийлерді белгілеу Екінші үрдіс: нақты нәтижені стандарт пен критерийлер мен салыстыру Үшінші үрдіс: қажетті іс-шараларды қабылда


Бақылаудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін ерекшелік принципі бойынша бақылау тәсілін қолданады, мұндайда стандарттан едәуір ауытқу байқалғанда ғана бақылау жүйесі іске кіріседі. Нәтижелерді өлшеу — бақылаудың қиын да, қымбатқа түсетін элементі. Ұйымның мақсатына жетуді көздейтін күллі бақылау, кәсіпорынның қызметіне сәйкес келетін өлшем бірліктерін, жылдамдық жиілік және дәлдік өлшемдерінің қолайлы бірліктерін таңдап алуды қамтамасыз етеді.


Ұйымға бақылаудың ұйымдастыру формалары. Тәуелді, тәуелсіз бақылау. Ішкі фирмалық бақылау. Аудиторлық тексеру. Бақылау талаптары−белгілері. Бақылаудың дер кезінде жүргізілуі мен икемділігі. Бақылауды жүзеге асыруға басшы тікелей жауап береді. Бұл қызмет оның негізгі міндетіне жатады. Егер тікелей басшымен қоса тағы да өндіріс басшысы болса, онда олар, бақылау қызметін өзара бөліседі. Тікелей басшы жұмыска адалдыкты, дәлдікті, сенімділікті, жарлықтардың орындалуын бақылайды, ал өндіріс басшысы өнім сапасын, оның жарлықтар мен нормаларға сәйкес келуін кадағалайды.
Ұйымға бақылау және қадағалау нысандары
1. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы Заңда айқындалатын тексерулер;
2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiнi алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеу талап етiлмейдi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түрiне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғамастан, бiрақ тексерiлетiн субъектiге осы бұзушылықты жою тәртiбiн мiндеттi түрде түсiндiре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалуы мүмкiн.
Осы тармақтың екiншi бөлiгi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлерiне қолданылмайды.
3. Бақылау және қадағалау органдары:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген;
егер объектiнiң (субъектiнiң) тұрған жерi бойынша құқықтық статистика органдарын оған барғанға дейiн бiр тәулiк бұрын мiндеттi түрде хабардар ете отырып, бару рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты болған;
құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тiреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуiне инспекция жүргiзу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет