Аудитор жұмысының сапасын бақылау бірнеше нысанда жүзеге асырылады:
Негізгі аудитордың өз көмекшілеріне бақылау жүргізуі;
Аудиторлық ұйымның аудитор жұмысына бақылау жүргізуі;
Сыртқы бақылау;
Сапаны бақылаудың екі негізгі бағыты бар:
Жекелеген аудиторлық тексерулерді бақылау;
Аудит сапасын жалпы бақылау;
Аудиттің жоғарғы сапасына қол жеткізу үшін төмендегідей іс- әрекеттерді орындаған жөн: А) Аудиторларды оқыту және қайта оқыту;
Б) Аудиттің отандық стандарттарын жасау және жетілдіру;
В) Аудиторлық ұйым ішінде сапаны бақылаудың тиімді жүйесін жасау;
Г) Сапаны сыртқы бақылаудың қатаң жүйесінің болуы;
Аудит басталғанға дейін, аудит жүргізу барысында және оның нәтижелерін жасау барысында алынған және дайындалған барлық ақпарат- аудиторлық ақпарат болып табылады. Бұл ақпарат ретінде құжаттар немесе олардың көшірмелері болуы мүмкін, олар аудиторплық дәлелдер ретінде қолдануы мүмкін. Аудиторлық дәлелдеу дегеніміз- тексеру барысында аудитор жинаған ақпарат және аудиторлық есеп беруге негіз болатын қорытындылары. Аудиторлық дәлелдеулер ішкі, сыртқы және аралас болады.
Нормативтік- құқықтық реттеу дегеніміз- бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.
Аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік- құқықтық құжаттарға келесілер жатады:
1.ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;
2.ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңы;
3.ҚР қылмыстық кодексі;
4.ҚР азаматтық кодексі;
5.«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы;
6.ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;
7.Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары;
8.«ҚР аудиторларын аттестациялау бойынша Мемлекеттік емес мекеме -Біліктілік комиссиясы туралы» Ереже;
Тексеру әрекеттерінің нәтижелері келесідей жағдайларда қылмыстық істі қозғауға негіз бола алады. а) мемлекеттік мекемелерде құжаттамалық ревизия жүргізілген және олардың қорытындыларына байланысты материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген жағдайларда;
э) жекешелендіру объектілеріне немесе жыл сайын аудиторлық тексеріске жататын субъектілерге аудиторлық тексерулер жүргізілген және олардың қорытынды материалдары тиісті органдарға жіберілген жағдайларда;
б) экономикалық және коррупциялық қылмыстар бойынша күрес жүргізу бөлімшелері тексеру әрекеттерін жүргізген жағдайларда тексеру әрекеттерінің нәтижелері қылмыстық істі қозғауға негіз бола алады).
Ревизиялық, аудиттік тексерістер көбінде жоспарлы түрде жүргізіледі, тексерудің құрама бөлігін экономикалық және коррупциялық қылмыстармен күрес жүргізу бөлімшелері жүзеге асырулары мүмкін. Кейбір жағдайларда тергеу барысында тергеушілердің тапсырмалары бойынша ревизиялық және аудиттік тексерістер жүргізіледі.
Тексерілетін әрекеттер қылмыстык істі қозғауға немесе оны қысқартуға сәйкес негіздер беруі қажет. Жоғарьща көрсетілген негіздер болған жағдай-ларда қылмыстық істі қозғауға жеткілікті негіздер алу үшін көбінде тергеу әрекеттері жүргізілмес бұрын, тергеуге дейінгі тексеру жұ_мыстары жүргізіледі. Бұл тексеру әрекеттері - ашық немесе жабық түрде жүргізілуі мүмкін.