туралы” тарихи Декрет жарық көрді. Онда ”Ресейдiң бiр бөлегi ретiнде
Автономиялы Қырғыз Социалистiк Кеңестiк Республикасы құрылсын” деп
жазылған болатын.
Қазақ республикасына (1917 жылға дейiнгi әкiмшiлiк шекараларда)
Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезi, Закаспий
облысының Красноводск уезiндегi 4-шi және 5-шi Адай болыстық, Астрахань
губерниясындағы Синемор болыстығы, Бөкей ордасы (Бөкей даласы), 1-шi
және 2-шi Приморье округтарына шектес, қазақтар қоныстанған бұрынғы
қазыналық оброктық жерлердiң территориясы қайтарылды. 1920 жылғы 22
қыркүйекте Бүкiлресейлiк Орталық Атқару Комитетiнiң жаңа декретi бойынша
КАКСР-iнiң құрамына Орынбор губерниясы қосымша енгiзiлiп, ал Орынбор
қаласы республиканың астанасы болды. Декретте: «Қазiр Түркiстан
республикасының құрамына кiретiн Қырғыз территориясын Қырғыз
республикасының құрамына енгiзу осы облыстар халқының еркi бойынша
жүзеге асырылып отыр» былай деп айдан анық жазылған.
Қазақстанның екi соғыстан кейiн күйзелiске ұшыраған экономикасы үшiн
декреттiң “Қазақ АКСР-i барлық қажеттi қаржы және техникалық құралдармен
РСФСР-дiң қаржысынан жабдықталады” деген бөлiмiнiң өте-мөте зор маңызы
болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында В.А.Радусь-Зеньковичтiң
төрағалығымен ҚАКСР-iнiң әлеуметтiк топ өкiлдерiнiң Құрылтай съезi
ашылды. Съезге Қазақстанның барлық облыстарынан 273 делегат және Алтай
губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың iшiнде
128 қазақ, 127 орыс, басқа ұлттардың 18 өкiлi, 197 большевиктер партиясының
мүшесi және 4 тiлектес болды.
Кеңестердiң Құрылтай съезi қабылдаған “Қырғыз (Қазақ) АКСР-i
еңбекшiлерi праволарының Декларациясы” оның аса маңызды тарихи актiсi
болды. Онда Қазақ ұлттық кеңес мемлекетiн, РСФСР-ге бiрiккен Кеңестiк
республикалардың ерiктi федерациясына (одағына) автономия ретiнде кiретiн
қазақ халқының түрлi әлеуметтiк топтарының депутаттары республикасын
құрудың негiзгi принциптерi белгiлендi. Тарихи құжатта Кеңестердiң таптық
мәнiн белгiлеп, оны “Бүкiл өкiмет-заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы
өкiмет-бүтiндей және тек қана еңбекшi халықтың қолында болуға тиiс”,- деп
жазылған еді. Кеңес үкiметiнiң Қазақстандағы негiзгi мiндетi “адамды адамның
қанауын және қоғамның таптарға бөлiнуiн толық жою”, “қоғамның социалистiк
ұйымын орнату” деп жарияланды.
Декларация ұлттық езгi мен құлдыққа қарсы үзiлдi-кесiлдi кереғарлығын
жариялап, Кеңес өкiметi жариялаған халықтардың тең құқылығы, өзара сенiмге,
барша еңбекшi-халықтың таптық мүдделерiнiң ортақтығын түсiнуге
негiзделген, олардың тығыз топтасу және туысқандық ынтымақтасу принципiн
жария еттi. Декларация азаматтардың құқыларын: Кеңестердi сайлау және
сайлану құқын, нәсiлдiк және ұлттық тегiне қарамастан, барлық азаматтардың
тең құқылығын, әйелдердiң теңдігін, сөз, жиналыс, баспасөз, ұждан
бостандығын қуаттап, баянды еттi. Азаматтардың бейбiт жағдайда еңбек ету, ал
соғыс болған жағдайда Отанды қолына қару ұстап қорғау мiндеттерi де
белгiлендi.
Кеңестердiң Құрылтай съезi жер мәселесi жөнiнде, экономикалық
құрылыс туралы, халыққа бiлiм беру, денсаулық сақтау жөнінде шешiмдер
анықтады. Бұл шешiмдер қоғамды билеушi партия жетекшiлерiнiң
пайымдауынша қоғамдағы әлеуметтiк топтардың ара-қатынасын нығайтып,
жалпы халықтардың достығын қалыптастыру делiнген.
12 қазанда Кеңестердiң Құрылтай съезi құрамында 76 мүшемен 25
үмiткер болған Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетiн сайлады. Комитет
құрамына А.Д.Авдеев, Ә.Әйтиев, И.А.Акулов, А.М.Әлiбеков, С.Д.Арғыншиев,
Ә.Т.Жангелдин, И.Ф.Киселев, Г.А.Коростелев, С.Меңдешев, В.А.Радусь-
Зенькович,М.Т.Ряхов, С.Сейфуллин, П.Я.Струппе және басқалар ендi. Орталық
Атқару Комитетiнiң Президиумында 10 мүше мен 5 үмiткер болды:
С.Меңдешев (төраға), В.А.Радусь-Зенькович, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин,
И.Ф.Киселев ж.б. Орталық Атқару Комитетi республиканың Халық
Комиссарлары Кеңесiн құрды, оның төрағасы болып В.А.Радусь-Зенькович
сайланды. Уақытша басқару органы болған Қырғыз революциялық комитетi
өзiнiң барлық өкiлеттiлiктерiн Қазақ АКСР-iнiң үкiметiне бердi.
Достарыңызбен бөлісу: |