Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


 КСРО және Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері



Pdf көрінісі
бет22/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105
6. КСРО және Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері. 
6.1 КСРО ыдырауының саяси негіздері. 
 
Саяси  себептері.  КСРО  сияқты  жер  шарының  алтыдан  бір  бөлігін  алып 
жатқан  империяның  күйреп,  тарих  сахнасынан  кетуі  —  ХХ  ғасыр  соңындағы 
әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол 
мемлекетті  мекендеген  халықтар  тағдырына  ғана  емес,  жалпы  әлемдік  даму 
үрдісіне  де  елеулі  ықпал  етті.  Әлем  “социалистік”  және  “капиталистік”  деген 
қарама  қайшы  жүйелер  арасындағы  бәсекелестік  пен  текетірестен  құтылып, 
халықтар  мен  мемлекеттер  қатынасының  жаңа  кезеңіне  жол  ашты.  Тәуелсіз 
Қазақстан  мемлекетінің  пайда  болып,  қалыптасуы  да  сол  империяның 
күйреуімен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  КСРО-ның  күйреу  тарихы,  оның 
себептері мен салдары тарих үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Келешекте  бұл  мәселенің,  тарихымыздың  түйінді  проблемаласы  ретінде, 
арнайы да кешенді зерттелері күмәнсіз. 
Тәуелсіздігіміздің 
объективті 
алғышарттарының 
маңызды 
факторларының  бірі,  КСРО-ның  күйреу  себептерін  талдауда  Қазақстанның 
тұңғыш  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  еңбектерінің  дерек  көздері  ретінде  алар 
орны  ерекше.  1980  жылдан  бастап  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  хатшысы,  1984  жылдан  республика  Министрлер  Кеңесінің 
төрағасы  болып  жұмыс  істеген,  1989  жылдың  маусымында  Қазақстан 
коммунистік  партиясының  Орталық  комитетінің  бірінші  хатшысы,1990 
жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Президенті болып сайланған бұл тарихи тұлға 
қызмет  жағдайына  байланысты  КСРО-ның  күйреу  процесін  іштей  талдап,  сол 
империя  күйреуін  тездеткен  Мәскеулік  басшылардың  тақ  үшін  таластарының 
куәгері  болуына  тура  келді.  Н.Назарбаевтың  қызмет  жағдайына  орай  осы 
жылдардың  барлығында  да,  әрдайым  оқиғалардың  қалың  ортасында  жүріп, 
оларды  талдауға  және  салыстыруға,  қорытындылап  жаңаша  шешімдер 
қабылдауға тура келді. 
Бұл  жерде  ерекше  көңіл  аударатын  нәрсе,  ол  Н.Назарбаевтың  “өзінің 
жеке пікірін айтуға бару” себебі КСРО мемлекетін жаңарту арқылы сақтап қалу 
болғандығы. Елбасы еңбектерінің бірінде: “Шындықтың бетіне қаймықпай тура 
қарайтын  кездің  келгеніне  көп  болды…  Бізге  керегі  –  қоғамдағы  күштердің 
басын  қосып,  біріктіру,  мұны  құрғақ  ұран  деуге  тіпті  де  болмайды.  Бәрімізді 
біріктіре алатын қуатты күш ретінде дағдарысты жағдайдан шығу, адамдардың 
аман – саулығы, республикалардың гүлденуі, ұлы Одағымыздың жаңаруы мен 


нығайуы  сияқты  ортақ  мақсаттарымыз  күшті  қызмет  ете  алады”-  деп  жазуы 
соның айқын дәлелі. 
Сол  жылдары  Одақты  сақтап  қалу,  оны  жаңарту  арқылы  дамыту  үшін 
күресі өмір шындығынан туындаған қажеттілік еді. Егерде республикалар бас-
басына кеткен болса, өздерінің ұлттық отауларына бөлініп алып, томаға-тұйық 
өмір  сүрсе,  не  болатынын  билеушілер  бірдей,  жеріне  жете  ойланып,  түсіне 
қойды ма? Кеңестік экономика жайбарақат бөлісіп ала салатын зат емес еді ғой. 
Казіргі  замануи  интеграция  дәрежесіне  жеткен  шақта  қарға  тамырлы  болып 
кеткен экономикалық байланыстарды быт-шыт етіп үзудің қаншалықты қатерлі 
екенін  алдынала  болжай  білу  үшін  тіпті  де  арнайы  теориялық  болжаудың 
қажеті  жоқ.  Оның  үстіне  бір-біріне  мүлде  тәуелсіз,  жаңа  мемлекеттерді  құру 
дегеніңіз де өте қымбатқа түсетін іс екенін дәлелдеп жатудың сірә, керегі бола 
қоймады. 
Жаңартылған Одақты сақтау үшін жасалған әрекеттерге кезінде бұрынғы 
Одақтық  орталық  баспасөз  беттерінде  әр  түрлі  қарама-қайшы  пікірлер 
жарияланды. Мысалы, Одақты жаңарту арқылы сақтап қалу үшін жүргізген іс 
әрекеттер  туралы  Кеңестер  мемлекетін  70  жылдан  астам  билеген  саяси 
партияның  басты  насихат  құралы  -  “Правда”  газеті  демократиялық 
басылымдарда Одақты жаңартылған түрінде сақтап қалу мәселесінде тым ұзақ 
жүрді деген сын айтылады дей келе, неліктен болғандығы туралы  сол кездегі 
билікке  деген  сүйіспеншіліктен  немесе  оның  қызметіне  риза  болушылықтан 
жасалынған жоқ. Әңгіме тіптен басқада. 
Модернизациялық іс-харекеттердің алғы шебінде көрінген Н.Ә.Назарбаев 
мектеп табалдырығын аттаған соңғы өмірінде өндіріспен, экономикамен тығыз 
байланыста болды, олардың ішкі проблемаларын жете білді. Республикалардың 
азғана  жетекшілерінің  бірі  ретінде,  ол  халық  шаруашылығының  барлық 
салаларының 
интеграцияланғандығын 
терең 
түсінді, 
шаруашылық 
байланыстарының  бір  сәтте  үзілуінің  қандай  қасіреттерге  әкелетіндігі  туралы 
ол  өзіне  есеп  берді.  Біртұтас  экономикалық  кеңістікті  бұзу,  ұлттық  валютаны 
енгізу,  кеден  бекеттерін  орнату,  баж  салығын  енгізу,  виза  ашу  т.т  қажеттігін 
туғызады,  ал  ең  соңында  шекараларды  бекіту  керек  болады.  Мұның  бәрі 
экономикаға  қосымша  салмақ  түсіретін  өте  бұрын  соңды  кездеспеген  және 
күрделі қымбат істер. 
Сондықтан,  «жаңартылған  Одақты  сақтап  қалу  идеясын  қызу 
қолдаушылар 
үкіметті 
өз 
шешімдері 
мен 
іс–қимылдарындағы 
батылсыздықтары,  жүйесіздіктері  үшін  бәрінен  де  көп  сынады”  —  деп, 
түсіндірген  және  өз  сөзінің  дәлелі  ретінде  Н.Назарбаевтың  КСРО  халық 
депутаттарының  ІV  съезінде  жасаған  баяндамасының  мәтінінде  дәлелдеп 
берген еді. 
Жаңартылған  Одақты  сақтап  қалу  үшін  күресу  себебін  “Азия 
асқарларында”:  “Халқының  арман-аңсарын  анық  білетін  және  өзегінен  өткізе 
сезінетін  ұлт  перзенті  ретінде  Н.Назарбаев  қайта  құруды  жан-тәнімен  қабыл 
алды.  Қашанда  айрықша  стратегиялық  түйсігімен  ерекшелінетін  ол  империя 
үстемдігінен құтылудың мүмкіндігі ашылғанын анық көрді. Алайда прагматик 
ретінде ол бұл жолдың жақын да болса алыс екенін айқын түсінді. Бір жағынан 


желтоқсанның  қанды  оқиғаларын,  бірақ  енді  бүкіл  көпұлтты  ел  аумағында, 
қайталау қаупі бар еді, ал бұл азамат соғысын аңдататын – оның мысалдары сол 
кездің  өзінде  табылатын.  Екінші  жағынан,  Қазақстан  экономикасы 
жалпыодақтық  рынокқа  тым  етене  қабыстырылған,  сонан  да  бұл 
байланыстарды дереу  үзіп  жіберу  жалпы қан  тамыры  жүйесінен  қол үзгенмен 
бірдей  болатын.  Осының  бәрі  жинақтала  келе  ыдырай  бастаған  Кеңестік 
Республикалар Одағына деген көреген басшылардың ұстанымын айқындады. 
Біртұтас  экономикалық  кеңістіктің  заңды  түрде,  бірақ  тым  тез  күйреп 
түсуінің  қандай  қатері  бар  екені  де  күрделі  көрініс  болды.  Сол  кезге 
дайындалып  үлгеру  үшін  Қазақстанға  уақыт  керек  еді.  Қазақстан  басшысы 
ақыры болмай қоймайтын қирау сәтін мүмкіндігінше ұзарту үшін жаңартылған 
Одақты  сақтап  қалуға  ұмтылған  түйінді  тұлғалардың  біріне  айналды.  Алайда 
жүрдек  дамып  жатқан  оқиғалар  уақыттың  таусылуға  айналғанын  дәлелдеп 
берді. 
Бұл фактор өткен ғасырдың 70-80 жылдарында қалыптасып, 90 жылдары 
шарықтау  шегіне  жеткен  кемшіліктер  туралы  пікірлердің  шынайылық  деңгейі 
екендігін  дәлелдейді.  КСРО-ның  көп  ұзамай-ақ  1991  жылдың  күзінде  күйреуі 
себептері  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  бергенін  байқаймыз.  Өйткені,  өмірге 
аян  болған  кемшіліктердің  асқынғандығы  соншалықты,  оларды  түзету  мүмкін 
болмай  шықты.  Ал,  асқынған  аурудың  алмай  қоймайтындығы  белгілі.  КСРО 
сияқты алып империя 300 млн-ға жуык халықтың көз алдында күйреді. 
Әлемдік және посткеңестік мемлекет зерттеушілер тұжырымынша КСРО 
күйреуінің  ең  басты  себептерінің  бірі  –  елде  сөз  бен  істің  бір  бірінен 
алшақтанып табиғи үйлесімсіз болып, тіпті олар ара-қатынасының қайшылығы 
еді. Бар билікті өз уысына алған коммунистік партияның саясатына сай “дұрыс” 
сөйлеу,  бірақ  басқаша  ойлап,  іс  жүзінде  керісінше  істеудің,  яғни  екіжүздікке 
барудың елде кең етек алуында. Мұндай ел тағдыры үшін аса қауіпті үрдістің 
пайда болып, қалыптасуына және дамуына  кінәлі басқа емес, басынан шіріген 
балық  сияқты,  сол  ел  басқарып  отырған  саяси  партияның  ең  жоғарғы 
басшыларының  өздері  еді.  Жетпісінші  жылдардан  бастап  партияның  жоғарғы 
билік  буындарында  сөз  бен  істің  бірлігіне  шақырған  үндеулер  барған  сайын 
күштірек әрі табандылықпен жариялана бастаған. Турасын айтатын болсақ, бұл 
талаптан  нағыз  екіжүзділік  аңғарылып  тұрды.  Жоғары  басшылықтағылар 
мұндай  бірлікке  ең  алдымен  өздері  өздерін  шақыруы  тиіс  болатын.  КСРО 
басшыларының жеке басына табынуды қоздыра отырып және ең бірінші кісіге 
жақын  адамдарға  жасалатын  бүкіл  игіліктерді  пайдалана  жүріп,  ат  төбеліндей 
әміршіл топ партия бұқарасынан барған сайын қол үзе бастаған еді. 
Ең  жоғарғы  дәрежедегі  шешімдер  де  мемлекеттің,  кеңес  халқының 
мүддесіне  емес,  сол  партия  басшылығындағы  ат  төбеліндей  әміршіл  топтың 
мүддесіне сай, билік басындағылардың алаңсыз өмір сүруі үшін қабылданатын 
болғаны  анық  байқалды.  Сол  кезде  қалыптасқан  өмір  шындығына  толық  сай 
келетіндігін  көптеген  нақты  фактілер  арқылы  дәлелдеуге  болады.  Солардың 
бірі  ХХ  ғасырдың  80-ші  жылдарынан  бастап  елдегі  биліктің  ең  ұшар 
орнындағы  КОКП  ОК  Бас  хатшыларының  денсаулықтарына  байланысты 
бірінен  соң  бірін  ана  дүниеге  жіберу,  яғни  елдегі  ең  жоғары  билікке  ден-


саулығы  тозған  адамдардың  келуі.  Яғни,  халық  пен  мемлекет  тағдырының 
денсаулықтары ешбір жауапты істі атқары алмайтын өз басымен қайғы болып 
жүрген «бір аяғы өрде, бір аяғы көрде» адамдардың қолында болуы. 
Ұзақ  жылдар  бойы  партия  басшыларын  емдеу  ісімен  айналысқандықтан 
олардың  денсаулықтарының  қандай  екендігін  жақсы  білетін  академик  Е. 
Чазовтың айтуынша, 1975 жылдан науқас Л.Брежнев, тіптен өз бетінше жүріп-
тұрудан,  дұрыс  сөйлеуден  қалса  да,  өмірінің  соңғы  күндеріне  дейін  сол 
қызметті  “атқарды”.  Оның  орнына  КОКП  ОК  саяси  бюросының,  яғни  шексіз 
билікке ие бір топ адамдардың, шешімімен көп жылдан бері күрделі сырқатты 
Ю.Андропов Бас хатшы болып тағайындалды. Көп ұзамай-ақ ол да ауруханаға 
жатуға  мәжбүр  болды.  КСРО  сияқты  алып  мемлекетті  өмірінің  соңына  дейін 
ауруханада  жатып  “басқарды”.  Оның  орнына  өмір  бойы  демікпе  ауруға 
шалынған, сөздің тікелей мағынасында, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде тұрған 
К.Черненко, сол топтың шешімімен, Бас хатшы болып тағайындалды. Оның да 
ұзаққа  бармайтындығы  баршаға  белгілі  еді.  Ешқандай  да  ақылға  сыймайтын 
мұндай  шешімдердің,  сол  топтың  тек  өз  мүддесі  үшін  ғана  сол  орынға  келіуі 
күмән туғызбайды. 
Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  Төрағасы  қызметіне  тұру  үшін  Бас 
хатшының  келісімін  алу  қажет  болғандықтан  К.У.Черненконың  денсаулығына 
байланысты  Мәскеуге  үшінші  рет  барғанда  ғана  қабылдауында  бола  алған  Н. 
Назарбаевқа  бар  жоғы:  “Мұның  жасы  қаншада?”  -  деп  жалғыз  сұрақ  қойуға 
жарап, орнынан көтеріліп, жүрмек болғанда құлап қала жаздаған елдің бірінші 
басшысының  қалін  өз  көзімен  көргеннен  кейінгі  келген  ой  мен  жасаған 
қорытындысы  аясында  Н.Назарбаев:  “Аса  ірі  мемлекеттің  басында  осындай 
адам  да  отырады  екен-ау!  Басқа  да  ойлар  келді.  Өйткені  мұндай  жағдайда 
адамның  бір  нәрсеге  елеулі  ықпал  етуге  қабілеті  бола  қоймайтыны  айқын 
көрініп  тұр  еді.  Олай  болса,  мұндай  Бас  хатшыны  өкімет  билігінің  өзіндік 
рәсімі  ретінде  ұстап,  сол  бір  тұлғаның  панасында  емін-еркін  рақат  өмір  сұру 
әлде біреулерге өте қолайлы болғаны ғой”-деп жазған еді. 
Ал,  ондай  символикалық  басшының  кімдер  үшін  қажет  екендігі  туралы 
саяси Бюроның арнайы жабық қаулысы қабылданыпты. Онда Саяси Бюроның 
жасы асқан қарт мүшелеріне қысқартылған жұмыс күні және аптасына бір рет – 
жұма  сайын  –  қосымша  үшінші  демалыс  күні  белгіленіпті.  Сондықтан  да 
олардың  ешқайсысы  да  ерекше  жан  қинап  жұмыс  істей  қоймайтын,  әдетте 
бейсембінің  өзінде-ақ  бәрі  де  саяжайларына  кете  бастайтын,  онда  таза  ауа 
жұтып, арнаулы орындарда аң аулап демалатын болған. 
Мұндай жан қинамай жұмыс істеу тәсілін республика басшыларының да 
шебер меңгеріп алғандығын, өзінің Қазақстан үкіметін басқаруға келген кездегі 
қалыптасқан  жағдайы  мысалында  көптеген  басқа  да  басшылар  сияқты,  бұл 
қызметте менің алдымда болған адам негізінен бір ғана принципті басшылыққа 
алушы  еді:  ең  бастысы  барлығы  да  ың-шыңсыз  тыныш  болғаны  керек. 
Өзгелерді  аз  мазаласаң,  өзің  де  тыныш  өмір  сүресің.  Тек  жоғарғы  жаққа  жиі-
жиі қарап қою керек, өйткені бірінші басшыға дер кезінде жағыну және оның 
еркі  мен  тілегіне  қарсы  келіп  қалмау  қажет.  Мұндай  айқындамадан 
ұтылмайсың.  


Одақтық  және  республикалық  деңгейлерде  қалыптасқан  мұндай  жұмыс 
тәсілінің  көп  ұзамай-ақ,  партия  өмірінде  ұран  болып  қалыптасқан, 
“демократиялық  принципке”  сай,  жоғарыдан  төмен  қарай  тез  тарап,  төменгі 
партия органдарының қызметкерлеріне  де  жеткендігі  және  оның  не бергендігі 
ішкі  партиялық  жұмыстарды  жақсарту  мен  жетілдіру  жөніндегі  көптеген 
қаулылар көзбояушылық сипат алды. Сондықтан төменгі партия органдарының 
қызметі де барған сайын жасандылыққа пен көзбояушылыққа бой ұрды. Партия 
басшыларынан  қатып  қалған  догмалық  дүмшелік  пен  «ыңғайлы»  цифрлік 
деректерден алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсеге қабілеті болмады 
және талап етілмеді. Партия беделі қатты екпінмен құлдырай бастады, Партия 
ешқандай да игіліктер бермейді, коммунистің бір ғана артықшылығы бар  – ол 
әрдайым алда, ең қиын жерде болады деген даурықпа сөзге уақыт өткен сайын 
ешкім де мән бермейтін болды. Олай болса КСРО күйреуінің объективті себебі 
ел билеген саяси партияның басынан шірігендігі айдан анық болды. 
Сонымен қатар, ондаған жылдар бойы қалыптасқан Кеңестік жүйенің, бар 
биліктің  бір  ғана  партияның  қолына  нық  шоғырлануының  былайғы  жұрттың, 
тіптен  қатардағы  партия  мүшелерінің  өздері  де  біле  бермейтін  қырларына 
айналды. Мысалы, өткен ғасырдағы КСРО тарихының 70-80 жж. шексіз билікке 
ие жоғарғы партия басшылығы ғана емес, орталық партия аппаратында жұмыс 
істейтін  қатардағы  қызметкерлердің  өздері  де  республика  басшыларының 
тағдырын  шешіп  отырған.  СОКП  Орталық  Комитетінің  партия  органдары 
бөлімінің республикаңы қадағалайтын кез келген қызметкері ел туралы қандай 
пікір  болса  да  қалыптастыра  алатын  мәртебеге  ие  болды  Ал,  СОКП  Орталық 
Комитетінің  нақты  аймақтардағы  істермен  айналысатын  сектор  меңгерушісі  – 
барып  тұрған  патшаның  да,  құдайдың  да  тап  өзі  екені  жөнінде  көптеген  сол 
заманғы  қызметкерлер  айтады.  Бәрі  де  соның  жоғары  қарай  жазып  жіберетін 
бір  жапырақ  қағазына  байланысты.  Лауазымды  және  қатардағы  азаматтың 
тағдырын  тап  сол  қағазға  байланысты  –  сондықтан  да  ойланып-толғанып 
жатпай-ақ,  бас  шұлғып  бағына  беру  керек  болатын.  Сектор  меңгерушісінен 
жоғары  қызметте  отырғандар  туралы  әңгіме  етудің  де  қажеті  жоқ.  Олар  кез 
келген адамның тағдырын бір сағаттың ішінде-ақ шешіп жібере алатын. 
Демек,  республика  көлемінде  үлкен  лауазым  иесі  болып  табылатын 
басшылардың өздерінің де өз биліктері өздерінде болмаған. Олар да күндіз-түні 
бақылауда  болған.  Осының  бәрін  өз  басынан  өткізген  адамдар  сыңаржақты 
кеңестік  қыспақтың  мұншалықты  тауқыметін  жергілікті  жерлердегі  басшы 
кадрлары  айрықша  тартқан.  Тіпті  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  хатшысы  болып  отырғандар  өзі  де  жоғарыдан  бәрін  де  көріп 
отыратын көзден таса қала алмайтын. Еш жерде,тіпті, жұмыстан тыс уақытта да 
партия  бақылауында  болғаны  анық:  кімнің  үйіне  қонаққа  бардың,  демалыс 
орнының аумағында кіммен бірге тұрақты серуендедің, кіммен және не туралы 
әңгімелестің  –  бәрі  де  алақаныңдағыдай  айқын  болатын,  шындыққа  сай  емес 
деп ешкім де айта алмайды. 
Кеңестер мемлекетінің күйреу себептерін түсінуде саяси билік жүйесінің 
ішкі  сырын  жетік  білетін  Н.Назарбаевтың  КСРО-дағы  билік  иерархиясының 
қалыптасу  механизмін  ашып  көрсетуінің  маңызы  үлкен.  Сондықтан, 


Н.Назарбаевтың осы мәселеге қатысты айтқандарын толығырақ келтірейік. Ол: 
“Тоқырау  өмірдің  барлық  салаларында:  идеологияда  да,  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынаста  да  орын  алды.  КСРО  басшысы  Л.Брежневтің  жеке  басына 
табыну  етек  алған  жағдайда,  әсіресе  жетпісінші  жылдардың  аяғы  мен 
сексенінші  жылдардың  бас  кезінде,  елімізде  әлдебір  әлеуметтік  енжарлық 
пайда  болып,  барған  сайын  күшейе  түсті.  Бұл  жолы  жеке  басқа  табыну  ең 
алдымен Мәскеуден басталып, оны мемлекет пен партия басшысы төңрегіндегі 
серіктері  –  Саяси  Бюро  мүшелері,  СОКП  Орталық  Комитетінің  хатшылары 
қалыптастырды.  
Дерт  партиялық-мемлекеттік  құрылымды  жоғарыдан  төменге  дейін 
меңдеп  алды.  Ол  республикалар  мен  облыстардың  басшы  кадрларына  да  тез 
жұқпай  қала  алмады.  КСРО  басшысының  республикалық  Орталық 
Комитеттердің  басшыларын,  ал  олар  өз  кезегінде  облыстық  партия 
комитеттерінің хатшыларын жеке өздеріне шын берілгендік қағидаты бойынша 
– лауазымды орындарға тек өзі сенген адамдарын ғана қойып отырғанын ескеру 
керек.  Оның  үстіне,  қуатты  сүзгі  ретіндегі  аппаратта  “жаңылыс  кету” 
ықтималдылығына іс жүзінде де жол бермейтін.  
Сол  жылдары  кең  қанат  жайған  тәжірибе  бойынша  мысалы,  облыс 
бірінші басшысы болып сайлану үшін ол қызмет орнына ұсынылған кісі әуелі 
республика Компартиясының Орталық Комитетіндегі, одан соң СОКП Орталық 
Комитетіндегі 
бүкіл 
иерархиялық 
қызметтік 
сатыларында 
болып, 
нұсқаушымен,  сектор  меңгерушісімен,  ұйымдастыру-партиялық  жұмыстар 
бөлімі  меңгерушісінің  орынбасары  және  меңгерушісі,  кадр  мәселелерімен 
айналысатын  хатшымен,  Саяси  Бюроның  екі-үш  мүшесімен  алдын  ала 
әңгімелесуден  өтуі  керек  еді.  Одан  әрі  ол  партиядағы  екінші  дәрежелі  адамға 
баратын,  ал  ең  соңында  ғана  Бас  хатшыға  жететін,  осының  бәрінен  кейін 
Орталық  Комитеттің  Секретарияты  мен  Саяси  Бюроның  мәжілістерінде 
талқыланатын. Бұның барлығы мемлекетте, одақтас республика және жергілікті 
билікте  шынайы  демократия  жұтаң  болғанын  дәлелдейді.  Яғни,  Кремльде 
жайғасқан  СОКП  Орталық  Комитетінің  ұсынысы  іс  жүзінде  ең  соңғы, 
түпкілікті  шешім  болған.  Ал  жергілікті  партия  комитеті  үлесіне  мәртебелі 
жиындарда қалай болса солай қол көтеріп, дауыс беру ғана қалатын. 
Егер,  КСРО  көлемінде  бар  билік  жоғарғы  партия  басшылығы  мен 
орталық аппарат қызметкерлерінің қолында болса, республика көлемінде билік 
бірінші басшы мен соның төңірегіндегілердің қолында болатын. Сол жылдары 
Қазақстанда  қалыптасқан  “дәстүр”  бірінші  басшының  төңірегіне  топтасқан 
шағын  шоғыр  барлық  істі  шешетін.  Көп  жағдайда  Орталық  Комитеттің 
хатшылары,  республика  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  Бюро  мүшелері 
бола  тұрса  да,  кадрларды  тағайындау,  оларды  ауыстыру  сияқты  басқа  да 
маңызды шара жөнінде мәселе шешіліп қойғаннан кейін ғана белгілі болған.  
Осылай,  “дәстүр”  жоғарыдан  төмен  қарай  жалғаса  беретін.  Облыс 
көлемінде  бар  билік  облыстық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысының 
қолында  болса,  аудан  көлемінде  аудандық  партия  комитетінің  бірінші 
хатшысының қолында болатын. Сондықтан “біріншінің” көңілін тауып, соның 
ойынан  шығу  партияның  барлық  бастауыш  ұйымдары  хатшыларының  негізгі 


міндетіне, күнделікті “жұмысына” айналды. Партияның негізін құрайтын, яғни 
басты  тірегі  болып  табылатын  бастауыш  партия  ұйымдарын  да  құр  ұран 
арқылы  көзбояушылық  жайлады.  Тірі  адаммен,  яғни  қатардағы  партия 
мүшесімен  жұмыс  істеу,  қағазбен  жұмыс  істеумен  ауыстырылды.  Осылай, 
КОКП-ның  ең  биік  шыңынан  басталған  індет  –  екіжүзділік,  жеке  бастың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет