Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет18/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105
Экономиканы  соғыс  мүддесiне  бейiмдеу  және  оның  нәтижелерi
 
ҰлыОтан  соғысындағы  жеңiстiң  негiзi  әрине  майданның  сұранысын 
уақытында  және  қажеттiлiгiн  өтеп  отырған  тылға,  соның  iшiнде  Қазақстан 
сияқты  аграрлы-индустриалды  аймаққа  ауыр  салмақ  салды.  Соғыстың  бiрiншi 
күнiнен  бастап  елiмiздiң  экономикасын  соғыс  мүддесiне  бейiмдеп  қайта  құру 
мiндетi ашық және анық қойылды. Берiк тыл жасау және бүкiл республиканың 
экономикасын соғыс қажетiне ыңғайлап қайта құру ең маңызды мiндет болды. 
КСРО-ның  еуропалық  бөлiгiндегi  өнеркәсiп  кәсiпорындарын  жаппай  шығыс 
аудандарға  көшiруге  байланысты  1941  жылдан  бастап  елiмiздегi  ауыр  және 
жеңiл  өнеркәсiптiң,  ауыл  шаруашылығындағы  ұжымдардың  маңызы  шексiз 
өстi.  Соғыс  жылдарында  түстi  металл  өндіруші,  көмiр  және  мұнай  өнеркәсiп 
саласының,  сирек  кездесетiн  металдар  шығаратын  зауыттардың  өнiм  шығару 
мүмкiндiктерiн  арттыруға  тура  келдi.  Ол  үшiн  қысқа  мерзiм  iшiнде  аталған 
салалардың жұмысы соғысқа бейiмделiп қайта құрылды. 
 
1941  жылғы  16  тамызда  БОКП  (б)  Орталық  Комитетi  мен  КСРО  Халық 
Комиссарлары Кеңесi Поволжье, Орал, Батыс Сiбiр, Қазақстан және Орта Азия 
аудандары үшiн 1941 жылдың IV тоқсанына және 1942 жылға арналған әскери-
шаруашылық жоспарын бекiтiп, жүзеге асыру туралы директивалық мiндеттер 
қойды.  Оқ-дәрiлер,  түрлi  соғыс  техникасын  және  әскери  жабдықтар  өндiрудi 
тез  ұлғайтумен  бiрге  жаңа  әскери-шаруашылық  жоспары  металлургия,  көмiр 
және  ауыр  индустрияның  басқа  да  шешушi  салаларының  көлемiн  ұлғайту, 
стратегиялық шикiзат өндiрiсiн ерекше дамыту мiндетiн қойды.  
 
Қысқа  мерзiм  iшiнде  елiмiздiң  экономика  салаларының  барлық 
буындарын  соғысқа  бейiмдеп  қайта  құру  бағытында  билеушi  партия 
басшылығы мен үкiмет орындары нақтылы саяси-ұйымдастырушылық шаралар 
қабылдады.  Барлық  жерлерде,  экономика  және  әлеуметтік  салада 
қызметкерлердiң  еңбек  демалыстары  тоқтатылып,  жұмыс  күндерiнiң  уақыты 
ұзартылды.  Халықты  азық-түлiк  және  өнеркәсiп  тауарларымен  мөлшерлеп 
қамту  тәртiбi  енгiзiлдi.  Танктер,  ұшақтар,  артиллерия  қондырғыларын  және 
басқа қару-жарақ түрлерiн шығарудың ұлғайтылуы, түстi және сирек металдар 
өндірісін арттыруды мейлiнше талап еттi. Балқаш мырыш, Шымкент қорғасын 
зауыттары,  кендi  Алтайдың  өнеркәсiп  торабы,  қорғаныс  өнеркәсiбiнiң 
мұқтажына  арнап  түстi  металдар  өндiру  қарқынын  арттырды.  Республикада 
соғыс  техникасы  және  сапалы  болат  шығару  үшiн  аса  қажеттi  молибден, 
марганец,  вольфрам,  никель  және  басқа  металдар  өндiру  сыры  игерiлдi.  1941 


жылдың  қарашасының  бас  кезiнде  елiмiзде  алғашқы  Балқаш  аймағында 
молибден шығарылды. 
 
Соғыстың  қиын-қыстау  жылдарында  шикiзаттың,  отынның,  мемлекеттiк 
қаржылардың барлық қорлары қатаң есепке алынды. Тауар түрлерiн халықтың 
түрлi топтары бойынша бiр орталықтан жабдықтау және бөлу жүйесi енгiзiлдi. 
Азық-түлiк қорларын халыққа толық және үнемдеп беру мақсатымен айрықша 
қажеттiлiгiне  байланысты  бақылау-есеп  және  карточка  бюролары  құрылды, 
өнеркәсiп тауарларына да карточкалар енгiзiлдi. 
 
Елiмiздiң  ауыл  шаруашылығы  да  соғысқа  бейiмделiп  қайта  құрылды. 
Әркiм жан аямай жұмыс iстеуге мiндеттi болды. Соғыстың бастапқы кезеңiнде 
60 жастан асқан бiр қолхозшыға бейбiт 1940 жылдың кезеңiндегi орта есеппен 
бiр  айдағы  тиесiлi  5,5  жұмыс  күнiнiң  орнына  10  жұмыс  күнi,  ал  бiр  жас 
жеткiншекке  9,4  жұмыс  күнi  келдi.  Ауыл  шаруашылығына  арнап  әйелдердiң 
механизатор  кадрларын  даярлайтын  қысқа  мерзiмдi  курстар  мен  мектептер 
желiсiнде 1941 жылдың қыркүйегiнде 53,3 мың адам оқыды. 
 
1941  жылдың  орта  шенiнде  Қазақстанға  эвакуацияланған  (батыстан 
көшiрiлген)  халықтың  алғашқы  легi  үстi-үстiне  келе  бастады,  ал  осы  жылдың 
аяғында  олардың  жалпы  саны  386,5  мың  адамға  жеттi,  олардың  үштен  бiрi 
балалар едi. Орасан көп және жедел қарқынмен халықтың көшiп келуi оларды 
орналастыруға  байланысты  белгiлi  қиыншылықтар  туғызды.  Жергiлiктi 
билеушi партия және Кеңес орындары эвакуацияланған халықты Қазақстанның 
облыстары  мен  аудандары  бойынша  қоныстандырды,  оларды  азық-түлiк 
өнiмдерiмен және ең қажеттi бұйымдармен жабдықтауға бақылау орнатты. 
 
Республикаға  жүздеген  мың  адамның  эвакуация  тәртібімен  келуi 
экономика салаларындағы еңбек қорының жетiспеушiлiгiн бiршама толтырды. 
Егер  1943  жылы  жұмысшылар  мен  қызметшiлер  саны  1940  жылмен 
салыстырғанда  елiмiз  бойынша  тұтас  алғанда  38  пайызға  төмендеген  болса, 
Қазақ КСР-iнде эвакуация есебiмен келгендер есебiнен ол 7 пайызға артты. 
 
КСРО  Ғылым  Академиясының  салалық  институттары,  Украин  КСР-iнiң 
бiрқатар  ғылыми  мекемелерi  және  Кеңестер  елiнiң  бiрқатар  оқу  орындары  да 
Қазақстанға 
орналастырылды. 
1941-1944 
жылдары 
академиктер 
В.И.Вернадский,  Н.Д.Зелинский,  С.Г.Струмилин  т.б.  Қазақстанда  еңбек  еттi. 
Олар қорғаныстық маңызы бар мәселерді зерттеудi бiр сәт тоқтатпай, өздерiнiң 
зерттеушілік  ізденістері  арқылы  жауды  ауыздықтау  iсiне  көмектесу  үшiн 
барлық интеллектуалдық күшiн аямай жұмсады. 
 
Республикаға  майдан  шебiнен  1941-1942  жылдары  142  кәсiпорын 
көшiрiлiп  әкелiндi.  Алматының  бiр  өзiнде  ғана  34  зауыттың,  фабрика  мен 
цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың iшiнде Луганск паровоз жасау 
зауытының  бiр  бөлегi  (АЗТМ),  Карачар  механикалық  зауыты,  Харьков  вагон 
жөндеу  зауыты  және  басқа  кәсiпорындар  бар  едi.  Воронеж  машина  жасау 
зауытының  жабдықтары  Шымкентке,  ферросплав  зауытының  жабдықтары 
Запорожьеден  Ақтөбеге,  Луганск  машина  жасау  мен  Подольск  цемент 
зауыттарының  жабдықтары  Қарағандыға  және  т.б.  жерлерге  орналастырылды. 
Қазақстанға  26  жеңiл  және  14  тоқыма  өнеркәсiп  ұжымдарының  жабдықтары 
келдi.  Қостанайға  Херсон  аяқкиiм  фабрикасы,  Петропавл  қаласына  Харьков, 


Семейге  Осташков  былғары  зауыттары  орналастырылды.  Бiрқатар  жеңiл 
өнеркәсiп  орындары  басқа  қалаларға  тұрақтады.  Эвакуцияланған  үш  фабрика 
негiзiнде (Киев, Азов және Артем) Семей аяқкиiм фабрикасы құрылды. 
 
Cоғыс  отына  түскен  аймақ  халықтарын,  өнеркәсіп  орындарын 
эвакуациялаумен  қатар,  бүлгiншiлiкке  ұшыраған  аудандардың  ауыл 
шаруашылығының  материалдық  ресурстарын  да  өзге  аймақтарға  дереу  алып 
кетуге  мәжбүр  еттi.  Кеңес  Армиясының  бөлiмдерi  амалсыздан  кейiн  шегiнген 
кезде  ауыл  шаруашылық  жабдықтарын,  малды  елдiң  iшiне  қарай  жылжытты. 
Малдың басым көпшiлiгi Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарына қарай 
айдалды.  1941  жылы  республиканың  Батыс  облыстарына  Украинаның 
Запорожье,  Полтава,  Кировоград,  Одесса,  Николаев  және  басқа  өңiрлерінен 
елiмiздiң  Батыс  аймақтарына  76,6  мың  iрi  қара,  50,6  қой  және  5902  жылқы 
айдап әкелiндi. 1942 жылдың аяғына дейiн Қазақстанға барлық түлiктен 552,7 
мың бас мал эвакуацияланды. 
 
Cоғыс  жағдайы  ғылым  мен  мәдениеттiң  дамуына  елеулi  кедергілер 
келтірсе  де  Қазақстан  үшiн  бұл  жылдардың  өзiне  тән  ерекшелiгi  болды.  Тiптi 
олардың  кейбiр  салалары  мен  бағыттары  жедел  қарқынмен  дамыды.  Билеушi 
партия  мен  үкiмет  тарапынан  ғылыми  мекемелер  құруға,  сондай-ақ  оларға 
кадрлар қатарын толықтыруға үнемi көңiл бөлiнiп отырды. 
 
Елге  түскен  соғыс  ауыртпалығын  түсiну,  жинақылық,  қатал  тәртiп  пен 
зор  ұйымдастыру-саяси  шаралар  арқасында  Қазақстан  соғыс  тірегінің  сенімді 
өңiрiне айналды. Қарағанды отын өндірушілері төрт жыл iшiнде 34 млн. тонна 
көмiр  шығарды.  Бұл  көмір  бассейннiң  бүкiл  тарихында  шығарғанынан  3  млн. 
тонна  артық  едi.  Орал-Жем  мұнайлы  ауданының  кәсiпорындары  сұйық  отын 
шығаруды 39 пайызға арттырды, электр қуатын өндiру екi есе өстi. Республика 
мыс (35%), қорғасын (85%) өндiрудегi жетекшi орынын сақтап қалды. Осымен 
бiрге  іске  қосылған  кенiштердiң  қоры  негiзiнде  металдар  шығару,  байыту, 
балқыту  кәсiпорындары  -  Шығыс  Қоңырат  молибден,  Жездi  марганец,  Дөң 
хромит 
кенiштерi, 
Ақшатау 
молибден-вльфрам,Текелi 
полиметалл 
комбинаттары  және  т.б.  бой  көтерді.  Республика  молибденнiң  одақтық 
көлемiнiң  60%,  висмут  металының  65%,  полиметалл  шикiзаттарының  79% 
өндіретін болған. Бұл нәтижеге жетуге жұмысшылар мен республикада білікті 
мамандар  Б.Аймуханов,  Б.Cмағұлов,  В.Дементюк,  А.Казаков,  Д.А.Косых, 
Д.А.Қонаев,  М.А.Лукьянов,  А.Сафин,  А.М.Сиразутдинова,  Г.Хайдин  және 
олардың  шәкiрттерi  үлес  қосты.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  барлығы  460 
зауыт,  фабрика,  кенiш,  шахта  және  жеке  өндiрiстер  салынды.  Жалпы  алғанда 
республикада  өнеркәсiп  өндiрiсi  соғыс  жылдарында  37%  өстi,  бұл  соғыс 
алдындағы төрт жылдағы өсiмнен 2% жоғары еді. 
Республиканың  ауыл  шаруашылығы  соғыстың  жеңiспен  аяқталуына 
қомақты үлес қосты, бұл салада жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек 
еттi.  Әскер  қатарына  шақырылған  ерлердiң  орнын  негiзiнен  әйелдер  мен 
жеткiншектер басты. Олар соғыстың аяғына қарай көптеген қолхоздарда жұмыс 
iстеп жүргендердiң 70-80 пайызын құраған.  
Тiптi  құрғақшылық  болған  1943  жылдың  өзiнде  Ақтөбе  облысы  Ойыл 
ауданының  дақыл  өндіруші  жетекшiсi  Ш.Берсиев  ақ  тарының  гектарынан  202 


ц.  өнiм  алып,  дүниежүзiлiк  рекорд  жасады.  Қызылорда  облысы  “Авангард” 
колхозының звено жетекшiсi Ы.Жақаев күрiштiң гектарынан 172 ц. өнiм алып, 
дәл  сондай  табысқа  жеттi.  Қаскелең  ауданы  III  интернационал  колхозының 
звено жетекшiсi М.Мухамедиева қызылшаның бір гектарынан 600 ц. өнiм алды, 
ал  Атырау  облысы  Қызылқоға  ауданының  “Ақ  киiз”  қолхозының  бөгет 
құрылысшысы  Абзал  Сарбасова  күнделiктi  тапсырмасын  үш-төрт  есе  асырып 
орындаған. 
Соғыс  жағдайында  қажеттi  ең  аз  күш  пен  қаржы  жұмсау  арқылы 
денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және мәдениет пен ғылым мекемелерiнiң 
жүйесi сақталынып дамыды. Жаралылар мен  сырқаттарды  дер кезінде қатарға 
қосумен  қатар,  сүзек  және  басқа  жұқпалы  аурулардың  таралуына  барынша 
тосқауыл қоюға шаралар белгіленді.  
Бiлiм  саласының  жағдайы  да  тұрақты  бақылауда  және  нақтылы 
қамқорлықта болды. Мектептер жүйесi аса көп өзгерген жоқ, ал оқушылар саны 
тек  қана  ауылдық  жерлерде  азайды,  орта  буындағы  арнайы  кәсіби  білім  беру 
саласында  118  техникумнан  92-сi  сақталды,  бiрақ  оқушылар  саны  389  адамға 
артты.  Cоғысқа  дейiнгi  20  жоғары  оқу  орнына  жаңадан  4-i  қосылды,  оларда 
оқитындардың жалпы саны бiр жарым есе өстi. Мәдениет мекемелерiнiң 75%-
ке  жуығы  сақталып  қалды,  ал  қалғандарында  өндiрiстiк  орындар  мен  емдеу 
госпиталдарға берiлдi. Кiтапханалар саны екi есе қысқарып, ондағы кiтап қоры 
үштiң бiрiндей мөлшерде азайды. 
Республикада  театрлардың  саны  бұрынғы  күйiнде  қалды,  олардың 
жұмысында,  сол  сияқты  жоғары  оқу  орындарының  қызметiнде  жергiлiктi 
шығармашылық  күштер  мен  эвакуацияланған  Ресей  және  Украина  өнер 
қайраткерлерiнiң  ынтмақтастығы  арқасында  тамаша  жетiстiктерге  қол 
жеткiзiлдi. Әсiресе кино өнерiнде елеулi жаңалықтар болды. Алматыға Мәскеу 
және  Ленинград  киностудияларының  көшірілуiне  байланысты  Алматыда 
деректi  фильмдер  студиясы  қайта  құрылды.  Майдан  мен  тылдың  батырлары 
туралы Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Д.Снегин, И.Шухов сияқты көрнектi 
жазушылармен  бiрге  Б.Бұлқышев,  Қ.Жармағамбетов,  Ж.Молдағалиев, 
С.Мәуленов,  С.Сейiтов  т.б.  жас  шығармашылық  өкiлдерiнiң  еңбектерi  жаріық 
көрдi. 
Осы  жылдары  Қазақстанның  ғылымы  ерекше  дамып,  болашақ 
жетiстiктерге даңғыл жол ашылды. Соғыстың екiншi жылында ғалымдар халық 
шаруашылығына маңызды 150 тақырып бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар 
бердi.  Әсiресе  геология  саласында  ауқымды  жаңалықтар  болды.  Пайдалы 
қазбалардың  500-дей  кенiшi  ашылып,  150  кенiш  зерттелiп,  олардың  бiразы 
өндiрiске қосылды. Соғыс жылдарында республикада 12 ғылыми институт және 
олардың  филиалдары  ашылып,  ғылыми  қызметкерлердiң  саны  шамамен  алты 
есе өстi. Мұның бәрi КСРО ҒА қазақ филиалын Қазақ КСР ҒА-сы етiп  қайта 
құру  үшiн  алғышарт  жасады,  ол  1946  жылдың  маусымында  аяқталды.  Оның 
тұңғыш  президентi  белгiлi  геолог,  академик  Қ.И.Сатпаев  болды.  Ол 
Жезқазғанның қойнауын зерттеп сол арқылы пайдалы кендердi iздеудегi алдын-
ала болжаудың концепциясын құрған болатын. 


Ғылымның дамуында кеңестік республикалардың ынымақтастығы елеулi 
рөл атқарды. Қазақстанда Мәскеудiң, Ленинградтың, Киевтiң және КСРО-ның 
басқа  қалаларының  20-дан  астам  ғылыми  мекемелерiнiң  ұжымдары  мен 
академиктер И.П.Вернадский, В.А.Обручев, А.М.Панкратова, А.А. Скочинский 
және  басқа  зерттеулерi  дүние  жүзiне  мәлiм  ғалымдар  жұмыс  iстедi. 
Жапонияның  тiзе  бүгуiмен  Кеңес  Одағының  Ұлы  Отан  соғысы  және  екiншi 
дүниежүзiлiк  соғыс  аяқталды.  Сөйтiп,  адамзат  фашистiк-милитаристiк 
диктатураның дүние жүзiне үстемдiк жүргiзу қаупiнен аман қалды. 
Ел  тарихында  1946-1950  жж.  КСРО  халықтарының  бейбiт  құрылысқа 
көшiп халық шаруашылық салаларын қалпына келтiру кезеңi болып жазылған. 
Экономиканы  бейбiтiшiлiк  жағдайға  бейiмдеп  қайта  құру,  еңбекшiлердiң 
қоғамдық-саяси  белсендiлiгi  жағдайында  жүргiзiлдi.  1945  жылдың  қазанында 
Алматыда  республиканың  25  жылдығына  арналған  Қазақстан  Жоғарғы 
Кеңесiнiң мерекелiк сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу 
мен  Ленинградтың  делегациялары,  еңбек  озаттары,  ғылым  мен  мәдениет 
қайраткерлерi  қатысты.  Осы  мерекеге  орай  5304  адам  түрлi  мемлекеттiк 
құрметтi белгiлермен марапатталды. 
1946  жылы  18  наурызда  қабылданған  төртiншi  бесжылдыққа  арналған 
жоспар  бойынша  соғыстан  зардап  шеккен  аймақтарды  қалпына  келтiру, 
өнеркәсiп  пен  ауыл  шаруашылығын  соғыстан  бұрынғы  бағыты  бойынша  iске 
қосу,  өнiм  өндiру  қарқыны  мен  көлемiн  ұлғайтып  едәуiр  асып  түсу  мiндетi 
белгiлендi.  Осы  құжат  бойынша  Қазақстан  экономикасын  одан  әрi  дамытуға 
ерекше  стратегиялық  мән  берiлдi.  Мысалы,  жоспарда  халық  шаруашылығын 
соғыстан кейiн құруды 1946 жылдың аяғына қарай аяқтау қажет деп көрсетiлдi. 
1948  жылы  республикада  ауылдар  мен  селоларды  жаппай  электрлендiру 
жұмыстары  басталды.  Сөйтiп,  төртiншi  бесжылдық  тұсында  752  колхоз,  317 
МТС,  164  совхоз  және  193  селолық  аудан  орталығы  электрлендi.  Селолық 
электр  станцияларының  қуаты  1945  жылмен  салыстырғанда  2,8  есе  артты. 
Республикада төртiншi бесжылдық кезеңiнде егiс көлемi бiр миллион гектардан 
асып, дәнді дақылдардың өнімі артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсiмi 1940 
жылғы  көрсеткiштен  89  пайызға  асып  түстi.  Iрi  қара  малдың,  қой  мен 
жылқының  жаңа  тұқымдары  өстi.  Малдың  саны,  соның  ішінде  iрi  қара  27 
пайыз, қой мен ешкi 70 пайыз, жылқы 71 пайызға көбейдi. 
Халық шаруашылығын қалпына келтiру жылдарында елде жарық көрген 
шығармалардың  басым  көпшiлiгi  Ұлы  Отан  соғысы  оқиғаларын  сипаттады. 
Ғ.Мүсiреповтың  “Қазақ  солдаты”,  Ә.Нұрпейiсовтың  “Курляндиясы”  сияқты 
шығармаларда  қазақстандық  жауынгерлердiң  жоғары  адамгершiлiк  қасиетi, 
жеңiс  жолындағы  күресте  көрсеткен  ерлiгi  бейнелендi.  Осы  жылдарда 
М.Әуезовтың “Абай жолы”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” сияқты құнды 
шығармалары жарық көрдi. “Абай” қойылымы үшiн Қазақ академиялық драма 
театрының ұжымы КСРО Мемлекеттiк сыйлығын алды. 
Музыка мәдениетi өрлеу жолында болды. М. Төлебаевтың “Бiржан-Сара”, 
А.Жұбанов  пен  Л.Хамидидiң  “Абай”,  Е.Брусиловскийдiң  “Дударай”, 
Қ.Қожамияровтың  ұйғыр  тiлiндегi  “Назгум”  опералары  сол  жылдарда  алғаш 
рет қойылды. “Бiржан-Сара” операсына КСРО Мемлекеттiк сыйлығы берiлдi.  


1946  жылы  республикада  ғылым  академиясы  құрылып,  оның президентi 
болып  көрнектi  ғалым,  академик  Қ.И.Сәтбаев  сайланды.  Осы  жылдарда 
Қарағанды  және  Семей  медицина,  Өскемен  педгогикалық,  Семей  мал 
дәрiгерлiк-зоотехникалық,  Қарағанды  кен  институттары  ашылды.  Cонымен 
бiрге Гурьев (Атырау), Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент мұғалiмдер 
институттары педагогикалық жоғары оқу орны болып қайта құрылды. 
Жалпыға бiрдей жетiжылдық бiлiм беру туралы Заң одан әрi жетiлдiрiлдi. 
ХХ  ғ.  50-шы  жылдары  басында  Қазақстанда  жалпы  бiлiм  беретiн  9  мыңдай 
мектеп,  125  техникум  мен  арнаулы  оқу  орындарында  1,5  млн.  жастар  оқыды. 
Осы  жылдары  оқу  орындарының  үлгілі  ғимараттын  салу,  олардың  оқу-
материалдық  базасын  толықтыру,  мәдениет  мекемелерiнің  жұмыстарын 
жетілдіру iсiне көп көңiл бөлiндi. 
1945  жылы  КСРО  Қарулы  Күштерiн  демобилизациялау  нәтижесiнде 
республика  өндiрiс  салаларын  188,2  мың.  адам  толықтырып,  олар  еңбекке 
кiрiстi.  Өнеркәсiпте  сегiз  сағаттық  жұмыс  күнi  қайта  енгiзiлдi.  Соғыс  кезiнде 
енгiзiлген  тәртiп  бойынша  жұмыс  уақытынан  тыс  мезгiлде  еңбек  етуге  тиым 
салынды. Жұмысшы, қызметкерлерге ақылы демалыс берiлетiн болды.  
Өнеркәсiп  саласын  дамытудың  соғыстан  кейiнгi  бағдарламасына  сәйкес 
болат прокатын, цемент, қара және түстi металлургия, тау-кен өнеркәсiбi үшiн 
құрал-жабдық  шығару  шаралары  белгiлендi.  Қара  және  түстi  металлургия 
дамып,  мұнайлы  кәсiпорындар  iске  қосылды.  Мұнай  шығару  соғысқа  дейiнгi 
деңгейден  52  пайызға,  электр  энергиясын  өндiру  2,3  есе  өстi.  Құрылыс 
материалдарын  өндiру  артты,  цемент  өндiрiсi  пайда  болды.  Темiржолда 
тепловоздар енгiзiле бастады, автомобиль тас жолдарының жүйесi ұзарды, әуе, 
өзен-су қатынастары дамыды.    
1946-1950  жылдарда  Қазақстанның  әлеуметтiк  құрамында  елеулi 
өзгерiстер  болды.  Тұңғыш  рет  қоғамдағы  жұмысшы  кадрлар  саны  634  мыңға 
жетiп,  саны  және  өндiргiш  салада  алатын  орны  бойынша  алға  шықты. 
Өнеркәсiп жұмысшыларының елеулi бөлiгi машина жасау, металл өңдеу, отын, 
тамақ және жеңiл өнеркәсiбiнде, Қарағанды мен Өскемен iрi кәсiпорындарында, 
темiр  жол  және  Гурьев-Орск-Азербайжан  мұнай  құбырларында  қызмет  iстедi. 
Елдегi жұмысшылардың құрамында көп ұлттық құрамы өсіп ол өскелең сипат 
алды. 
Соғыстан 
кейiнгi 
бесжылдықтың 
тапсырмалары 
бiрталай 
көрсеткiштерден  мерзiмiнен  бұрын  орындалды.  Еңбек  ұжымдары  мен 
еңбекшілердің  өндіріс  пен  қоғамдық  шаралардағы  белсенділігі  өсіп  ондаған 
еңбек жарысы пайда болды. 
Мемлекеттiк  әлеуметтiк-мәдени  шараларға  жұмсалатын  қаржы  жылдан-
жылға  өсiп  отырды.  Республиканың  мемлекеттiк  бюджетi  бойынша  осы 
мақсаттарға  бөлінген  қаржы  соғыс  жылдарынан  екі  еседен  астам  өстi.  1947 
жылы  желтоқсанда  ақша  реформасының  жүргiзiлуi  мен  карточка  жүйесiнiң, 
азық-түлiк  және  өнеркәсiп  тауарларын  тұтынуды  шектеудің  жойылуы 
халықтың тұрмыс дәрежесiнiң артуында маңызды рөл атқарды. 
Осы  кезде  нанның,  астық  өнімдерінің  бағасы  10-12  пайызға 
арзандатылды.  Азық-түлiк  және  өнеркәсiп  тауарларына  комерциялық  баға 
жойылып,  неғұрлым  халық  өмір  сүруіне  тиімді  бiрыңғай  мемлекеттiк  баға 


енгiзiлдi. Әсiресе 1950  жылы бағаның төмендетiлуi айтарлықтай болды: астық 
өнiмдерi мен ұнның бағасы 21-30 пайызға дейiн, етке және ет өнiмдерiне 20-25 
пайызға  дейiн  төмендетiлдi.  Еңбекшiлердiң  жалақысы  өсiп  олардың  тұрмыс 
жағдайлары бiршама жақсарды. Мемлекеттiк және кооперативтiк кәсiпорындар 
мен  ұйымдардың  тұрғын  үй  салуға  күрделi  қаржы  жұмсауы  1946-1950 
жылдарда  4,1  есе  өстi.  Дей-тұрғанмен  бұл  орайда  қолға  алынған  түрлi 
шараларға  қарамастан  тұрғын  үй  мәселесi  және  басқа  халықтың  күнделiктi 
өмiрiмен тығыз байланысты проблемалар Кеңес мемлекетiнiң бүкiл тарихында 
шешiлмей қала бердi. 
 
Бесжылдықта республикада тұрақты емдеу орындары (аурухана), емхана 
және  санаторий-профилакторий  мекемелерiнiң  жүйесi  едәуiр  кеңейiп,  оларда 
жылына 1,4 млн. адам емделiп-сауығынуына мүмкiндiк алды. Дәрiгерлер саны 
1950  жылы  6,4  мыңға  жеттi.  1940  жылы  әрбiр  он  мың  адамға  4,3  дәрiгерден 
келсе,  1950  жылы  9,5  дәрiгерден  келдi.  Балалар  мекемелерi,  бала  бақшалары 
мен бүлдіршіндер жоспар  бойынша тұрғызыла бастады. 
 
Cонымен, Кеңес халқымен бiрге қазақстандықтардың қаhармандық еңбегi 
негiзiнде  халықтың  материалдық  жағдайы  төртiншi  бесжылдықтың  аяғына 
қарай соғысқа дейiнгi жылдар көрсеткішімен салыстырып қарағанда әлдеқайда 
биiкке көтерiлдi, халықтың әл-ауқаты артып, мәдениеті байып, білімі өсті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет