Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет30/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105
Біріншіден,  Н.Назарбаев  Қазақстан  Үкіметін  басқарып  тұрған  кезінде 
шын  мәнінде  республикада  қалыптасқан  ахуалды  толық  анықтау  мақсатын 
алдына  батыл  қойған.  Ол  туралы  жазушы  Шерхан  Мұртаза:  “Нұрсұлтан 
Назарбаев  Республика  Министрлер  Кеңесінің  Төрағасы  болып  тұрғанда  өз 
бастамасымен тексеру жүргізіп, Қазақстанда жетпіс бір ауданның азып-тозып, 


артта  қалғанын  анықтады.  Оның  отызға  жуығы  өмір  тынысынан  айрылып 
мүшкіл  қалғе  жеткен  екен.  Содан  кейін  үкімет  тарапынан  аталған  аудандарға 
экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  жағынан  өркендеуі  үшін  көмек  көрсету 
жөнінде арнайы қаулы да қабылдаған. Шалғайда жатып, артта қалған аудандар 
дегеніміз – түптеп келгенде, негізінен қазақтар тұратын аудандар. Басқалар су 
ішкенде олардың у ішіп отырғаны келеңсіз-ақ болған, - деп жазған. 
Екіншіден,  ҚР  Президенті  мұрағатының  құжаттары  республика  Үкіметі 
басшысы  баяндамасында  келтірген  мәліметтердің  әбден  тексерілген  дерек 
көздерінен  алынған,  яғни  шынайылық  деңгейі  жоғары  мәліметтер  екендігін 
дәлелдейді. Мысалы, Қазақстан КП ОК бюросы  1985 жылы елдегі қалыптасқан 
жалпы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  аясында  азық-түлік  өнімдерінің 
халық тұтынуындағы аса қажетті ассортименттері (түрлері), әсіресе ет және сүт 
өнімдері  бойынша  сұранысты  мүлдем  қанағаттандырмады.  Азық-түлік 
өнімдерін  әдәуір  мөлшерде  өндіруді  арттыру  және  олармен  тұрғындарды 
қамтамасыз  ету  ісі  ешбір  сынды  көтермеді,  бұл  қазақстандықтардың 
наразылығын  жылдан  жылға  арттыра  түскен.  Азық-түлік  тауарларын  сауда 
орындарында  әділетті  сатуды  ұйымдастыруда  да  елеулі  кемшіліктер  орын 
алған.  Билеуші  партия,  сала  басшылығы  мен  түрлі  кәсіби  және  қоғамдық 
органдары  1985  жылдың  жоспары  мен    көтермелі  міндеттерді  орындау 
мақсатында  еңбек  ұжымдарын  жұмылдыру  үшін  қажетті  ұйымдастырушылық 
және  бұқаралық  саяси  шараларды  құр  ұран  арқылы  өрістетуге  күш  салып 
шумақ  бұрынғы  орнаған  екіжүзділікке,  көзбояушылыққа  кең  жол  ашқан.  Ал, 
Қазақстан  КП  ОК  бюросы    1985  жылы  наурыз  айында  өткен  мәжілісінде 
Республикада мемлекеттік жоспарлар мен көтерме міндеттерді орындау туралы 
жалаң  ақпарат  беру  жәйінің  өршігенін,  еңбек  ұжымдарында  еңбек  тәртібінің 
күрт  бұзылуын,  маскүнемдік  қанат  жайғанын,  қоғамдық  мүлікке  қол  сұғу 
ұлғайып ұрлық саны күрт өскендігін ашық айтқан. 
Үшіншіден,  республикада  өткен  сол  және  басқа  лауазымды  орындары 
жиындарында сынға алынған келеңсіз жағдайлар 1985 жылдан кейін де жалғаса 
берген.  Бұндай  келеңсіз  жағдайлардың  кездейсоқ  емес,  жүйелі  сипат 
алғандығын дәлелдейді. Мысалы, 1986 жылы маусым айында Қазақстан КП ОК 
бюросы  Көкшетау  облыстық  партия  комитетінің  жұмысын  жан  жақты  талдай 
келе иесіздіктің, қоғамдық меншікті талан-таражға салудың салдарында облыс 
экономикасына  келген  шығын  бесжылдық  ішінде  екі  есе  өскенін,  ал  оның  90 
пайызы  агроөндірістік  кешендердің  үлесінде  болғанын  айқындаған. 
Жемқорлық  әсіресе  сауда  мен  тұрмыстық  қызмет  көрсету  саласында,  қөлік 
қатынасы  ұжымдарында  кең  орын  алған.  Қызметі  талданған  өнеркәсіп 
объектілерінің  әрбір  екіншісінде,  ал  кеңшар  мен  ұжымшарларда  түгелдей 
қаржы тәртібі бұзылған болып шыққан. 
Бұндай  өрескел,  қоғамдық  меншікке  қайшы  көріністер  басшы  кадрлар 
таңдау,  оларды  орналастыру  мен  тәрбиелеуде  жіберілген  елеулі  кемшіліктер 
дәлелдейді.  Басшылық  қызметтерге  қажетті  моральдық  және  іскерлік 
қасиеттерден  жұрдай  адамдарды  лауазымды  қызметке  тағайындау  кең  орын 
алған.  Қоғамдык  меншікке  қол  сұғушылардың  әрбір  төртіншісі  жауапты 
адамдар,  ал  әрбір  сегізіншісі  –  коммунистік  партия  мүшесі  болған.  Арқалық 


партия комитетінде 1986 жылы қылмыстық және заң бұзушылық өткен жылмен 
салыстырғанда  11,4  пайызға  артқан,  ондай  келеңсіздіктердің  бетін  ашу  тым 
әлсіреген. Қоғамдык меншікке қол сұғып оны жеке басқа иемдену салдарынан 
халық қазынасына келген шығын үш есе артқан. Жалпы, 1985 – 1986 жылдары 
мемлекеттік  сауда  мен  тұтынушылар  кооперациясы  саласында  әртүрлі 
қылмыспен  айналысқан  30  мың  адам  партиялық  жолмен  және  заң  арнасында 
жазаланған. 
Мұндай жағдай 1987 жылы да жалғасқан. Мысалы, Шымкент облысында 
қоғамдық малмен бірге 183 мың жеке меншік мұйізді ірі қара, 85 мың жылқы 
мен  түйе,  1,2  миллион  қой  мен  ешкі  мемлекет  есебінен  бағылғандығын 
көрсеткен,  маскүнемдікке  қарсы  күрес  шаралары  да  көзбояушылыққа  ұласып 
кері нәтиже берген. Бұл шара көлеңкесінде жаппай қолдан арақ өндіру ісі қанат 
жайған.  Мысалы,  жан  басына  шаққанда  ішімдік  көлемі  1,5  есе  артып,  адам 
денсаулығына  кер  әсері  елеулі  ұлғайған.  Маскүнемдік  және  нашақорлықтың 
салдары тұрмыстық қылмыс, оның ішінде әдейі адам өлтіру, бұзақылық, зорлау 
сияқты  қылымыстардың  санын  өсірген.  Тек  1985-1987  жылдары  аралығында 
тиісті орындарда тіркелген нашақорлардың саны да 1,5 есеге артып, ал олардың 
қатарының 40 пайызын әскер қатарындағы азаматтар құраған. 
Дегенмен,  “Қайта  құру”  бағдарламасы  қоғамға  біршама  оңды  өзгерістер 
де  әкелгені  айту  керек.  Әйтсе  де,  ол  да  КСРО-ны  дағдарыстан  алып  шығып, 
ыдыраудан  құтқара  алмады.  Елде  қайта  құру  қажеттігін  түсініп,  оған  ыңғай 
ілтипат  болғанымен,  билеуші  партияның  барша  буындағы  басшылығы 
тарпынан  сол  жетпіс  жыл  бойы  терең бойлаған  сол партия  жарғысына қайшы 
көріністер жалғаса берді. Бұл орайда, бір жағынан, СОКП-ның басшылығында 
тоқырау  заманындағы  өзінің  қателеспейтіндігіне  кәміл  сену,  сын  мен  тың 
пікірлерге менсінбей қарап, оны қынжыла ауыр қабылдау сияқты жаңашылдық 
пен  шығармашылықтан  алшақ  ескі  әдеттердің  қайталануымен  болғанын  құр 
байқаумен  ғана  шектелгенін  атаған  жөн.  Екінші  жағынан,  ешқандай  маңызды 
ұсыныстың  жасалуы  да  мүмкін  емес  еді,  өйткені  СОКП  ең  биік  буындарында 
замануи нақты ақыл-ой орталығы тапшы болған. Партияның орасан зор санды 
қызметкерлері  бар  аса  ірі  ғылыми-зерттеу  мекемелері  атам  заманғы  қасаң 
қағидалардан айырылмай, аппараттың ұсақ мүдделеріне ғана қызмет етуді одан 
әрі жалғастыра берді, замануи ғылыми және қоғамдық тәжірибе мен теориялық 
тұжырымдардан  мүлдем  алшақ  болып  артта  қалып  қойды.  Осындай  фактор 
біздің пайымдауымызша КСРО басшылығының ең осал буыны  болған сияқты. 
Сонымен  қатар,  «қайта  құру»  жылдарында  экономика  саласында  өзін 
көрсете бастаған оңды жаңашылдық туралы да айту керек. 1987 жылы алдыңғы 
қатарлы  озық  жаңалықтарды  өндіріске  енгізуге,  ескірген  құрал-жабдықтарды 
және  негізгі  қорларды  ауыстыруды  жеделдету  мақсатындағы  ғылыми-
техникалық  озық  технологияға  бағытталған  маңызды  шаралар  қолға  алынған 
сыңайлы. Экономиканың жетекші және ғылыми техникалық тұрғыдан маңызды 
саласы – машина жасау өнеркәсібін жаңа сапалық деңгейге көтеру жөнінде де 
біршама талпыныс болды. Ауылшаруашылық өндірісінде бұрын соңды тежеуде 
болған сенімді тірек нүктесі іздеп табылды – ауылшаруашылық өнімдерін қайта 
өңдеу  мен  оны  сақтаудың  проблемаларын  шешу  қолға  алынып  алғашқыда  ірі 


көлемдегі (71 млрд) қаржы бөлінді. Бұл орайдағы ең басты міндет –экономика 
нәтижесін  адам  мұңына  бағыштау  қажеттілігі  мемлекет  билеушілерінің 
санасына  жеткендей  болды.  Адамдарға  миллиондаған  тонна  болат,  мұнай, 
көмір емес, қайта баспана, тамақ, киім-кешек, балабақша керек екені жөніндегі 
міндетке  саналық  ұстаным  оңтайлана  бастады.  Әлемнің  өркениетті  елдер 
қатарындағы  тәжірибесінде  ұлттық  табыстың  70-80  пайызы  халықтың 
тұтынатын өнімдерін шығаруға жұмсалып, тек қалған бөлігі ғана қор жинауға 
арналса, КСРО тәжірибесінде бәрі де керісінше болып, өңін теріс айналдыру іс 
шаралары  әрдайым  үстем  болған.  Ақырында  экономиканы  соғыс  қаруы  мен 
жабдықтарын  жедел  қарқынмен  өндіру  (милитарландыру)  ақылға  қонымды 
шектен  әлдеқашан  асып  кеткеніне  көз  жетті.Ұлттық  табыстың  қомақты  бөлігі 
адамды  құртуға  арналған  қару  шығарушы  салаларына  жұмсалды,  олар  тек 
орасан  зор  материалдық  қаржыларды  ғана  сүліктей  сорып  қоймай,  сонымен 
бірге  еліміздің  интелектілік  күш-қуатын  да,  ең  үздік  ақыл-ой  иелерін  де, 
жоғары маманданған инженер және орта буын мамандары мен шебер кәсіпкер 
жұмысшыларды да өз уысында ұстап отырды. 
Бірақ,  байқала  бастаған  бұл  оңды  көріністер  де  елде  терең    бойлаған 
экономикалық  дағдарыстан  алып  шыға  алмады.  Жаңа  бастамалар  Кеңестік 
билік жүйесінде бойы қалыптасып, қатып-семген ұстанымдағы  экономика енді 
ғана бой көтере бастаған нарықтық қатынас қарсылығына кездесті. Алайда, жан 
ауыртатын жыға таныс көріністер оқтын - оқтын өзін көрсетумен болды. Жаңа 
жобаны игі деп жоспарлап, іске кірісерде, оны тастай салып, басқа бір іс қолға 
алынып, осылайша шексіздікке дейін созыла беретін. Осыдан барып төніп келе 
жатқан  дағдарысты  кез  келген  тәсілмен  тоқтатуға  жан  ұшыра  әрекет 
жасалынды.  Экономика  бірінен  соң  бірі  сәтсіздікке  ұшыраған  тәжірибелер 
тізбегінің  аймағына  енді.  Экономиканың  кооперативтік  секторын  жаңғырту 
әрекеті де ілкіде тым тиімсіз болып мемлекеттік секторды экономикалық талан-
тараж  өрті  шарпып,  бейберекеттілік  жайлады.  Мұндай  жағдайда  нарықтық 
экономика  идеясының  болашағы  мен  нәтижесі  тиімді  екені  туралы  ізденіс 
серпіндер    басталды.  Осы  жылдары  сыңаржақты  идеология  қыспағындағы 
халық  санасы  да  бірталай  уақытқа  дейін  саясаттың  жаңа  толқынына  күдікпен 
қарады. 
Міне,  осылай,  өмірдің  өзі  социалистік  тіпті  коммунистік  руханиятқа 
күштеп  азамат  санасына  күштеп  сенім  орнықтыру  салдары  елді  нарықтық 
қатынастарға  алып  келген.  Ең  бастысы  елде  қалыптасқан  әлеуметтік-
экономикалық  және  саяси  ахуал  тәжірибесі  өз  уақытында  КСРО  ең  жоғарғы 
билік мінбелерінде, яғни бүткіл Кеңестер Одағындағы халықтары алдында, сол 
экономиклақ-әлеуметтік  жағдайды  жақсарту  мақсатында  айтылған  еді. 
Мысалы, билеуші партияның съезінде “Қайта құру» басталғалы бес жыл өткен 
кезде  елеулі  кемшіліктерсіз  жүріп  жатқан  сала  бізде  жоқ  екенінін  билік 
басшылары  ашық  жария  етуге  мәжбүр  болды.  КСРО  жоспарлы 
шаруашылықтан  нарық  түсінбестігіне  көшу  жолындағы  осындай  дүрлікпе, 
асығыс  әзірлік  ту  сыртында  күні  бұрын  әзірленген  айқындамасыз  әскер 
құрамының жанталаса шегінуіне тәріздес болды. Ал оның әлеуметтік  салдары 


“Қайта  құрудың»  нақты  айқындамасының  жоқтығы  ұлтаралық  қатынастарды 
ерекше күйзелтіп ыстық ұмтылыстарды дереу суытты. 
Саларалық  өктемдік  салдарында  әлемдік  рынокта  жоғары  сұранысқа  ие 
шикізат қоры мол Қазақстан, өзінің әлеуметтік дамуы жағынан ауыр шеңберлі 
дағдарысқа  және  экологиялық  апат  қарсаңында  екені  КСРО  Халық 
депутаттарының  І  съезінде  айтылған  еді.  Яғни,  Министірлік  өзінің 
технологиялық қате іс харекеттері аясында Арал теңізінен экологиялық апатқа 
бет  алды,  Екібастұз  өзінің  күлін  далаға  шашты,  мұнайдың  өндірушілері  үшін 
одан  еш  пайда  таба  алмайтын  күйге  жетті.  Мал  жайлымдары  әртүрлі  әскери 
сынақ  орындары  (полигондар)  үшін  алынып  шеңбері  шегерілді  және  өңірдің 
табиғи  құнарлығы  шектелді,  ал  оған  өтемақы  төлеу  ешкімнің  де  ойына 
келмеген,  Орталықтың  шексіз  билігінің  Қазақстанға  қандай  “жақсылық” 
әкелгендігі туралы талай жиындарда, билік жиындарында айтылған. Ал, халық 
депутаттарының ІІ съезінде сөйлеген сөзінде экономиканың құлдырауына алып 
келген  саясаттың  халықтың  тұрмыс-жағдайына  тигізген  әсері  туралы: 
“Демократияландыру  туралы  әсем  сөздердің  сірнесіне  шашалған  еліміздің 
ырыздық  іздеп  Еуропаның  бай  “дастарқандарына”  телміре  қарап,  қол  жая 
бастаған  саясатпен  келісе  алмайтындығы,  зәбір  шегіп,  қорлық  көрген  халық 
КСРО  басшыларын  талай  талай  өткір сынға  алған.  Әсіресе  сол    сұраныстарда 
республика  машина  жасау  саласын    жаңғырту  жөніндегі  уәденің  және 
соншалықты  кеңінен  жарнамаланған  конверцияның  түп  түйіні  уақыт  өткен 
сайын  алыстай  түскен.  Ғылыми-техникалық  прогрестің  өз  кезінде  белгіленген 
бағдарламасының  нақты  нәтижелері  де  құрғақ  сөзге  айналды.  Мысалы,  ауыл 
шаруашылығы өнімдерін ұқсату ісін дамытуға бөлінген 77 миллиард сомның да 
қажетті  тұста  ізсіз  кеткені  де  экономиканың  болашағын  бұлдыр  етті.  Қайта 
құруды  қолға  алған  кездегі  мақсатты  ұмтылыстар  мен  ізденістер,  іс  жүзіндегі 
оңды қадамдар, ізгі ниеттер, құмға сіңген судай, саяси көпірме сөздің астында 
қалғандай болды. 
Осылай,  тәуелсіздік  қарсаңында  елде  қалыптасқан  жағдайдың  қайсыбыр 
жағыда  мүшкіл  сипат  алған.  Тәуелсіздік  қарсаңында  саяси  және  әлеуметтік-
экономикалық  салаларда  қалыптасқан  келеңсіз  жағдайлар  елдегі  қалыптасқан 
көп  бағытты  дағдарысты,  оларды  түзету  арқылы  елді  өркениет  жолындағы 
мақсатты объективті болып КСРО-ның күйреуінің басты себебі ретінде талдау 
жасалып, талай рет анық көрсетілген еді. 
Мысалы, КСРО-ның құлауы туралы айтқанда әскери, әскери-техникалық, 
стратегиялық  аядағы  екі  жүйе  арасындағы  тайталастың  сол  кездегі 
сарапшылырдың  назарынан  тыс  қалып  жүргендігі,  ал  өзінің  экономикалық 
әлеуеті  әлдеқайда  әлемнің  дамыған  елдермен  әскери  салада  бәсекелесудің 
КСРО-ны әбден титықтатқанын да ескерген дұрыс болар.  Қарулану жолындағы 
бәсеке  -  Кеңестер  Одағы  күйреінің  басты  себептерінің  бірі  екені  де 
посткеңестік  кезеңде  отандық  және  алыс,  жақын  шет    елдер    ғалымдары  мен 
саясаткерлері дәлелдеген. Осымен қатар күйреудің сан 0илы себептерін табуға 
болады.  Бірақ  соның  ең  бастысы  -  экономикамыз  бен  қоғамымыздың 
технологиялық  салаларында  дағдарыстың  кең  етек  жаюы,  сондай  әлжуаз 


экономика  мен  қоғамның  иығына  жарыса  қарулану  салған  салмақтың  молая 
түсуі болғаны даусыз. 
ХХ  ғасырдың  сексенінші  жылдары  басында  әскери  және  әскери-
экономикалық  тепе-теңдікті  сақтауға  ұмтылыстың  жедел  қарқын  алуы 
салдарынан,  отандық  экономика  тұралай  бастаған.  Мамандар  мен  санаулы 
бірінші  басшылар  сол  кездегі  бір  аса  ірі  кеңес  республикасының  экономика 
мәселелерімен  шұғылданғандар  зор  жауапкршілікпен  ол  туралы  куәлік  бере 
алатынын бірнеше талдау елегінен өткен мәліметтермен дәлелдей білген.   
КСРО  күйреуінің  экономикалық  себептеріне  аясында  жүргізілген 
талдаулардағы  тағы  бір  мәселені  назардан  қалдыруға  болмайды.  Танымалы 
ғалым  саясаткерлер  тұжырымы  бойынша  Қазақстандағы  бір  жұмыс  орнының 
өнімділігі есептеу техника арқылы озат елдердегі жұмыс орнының өнімділігінің 
бір  пайызын  ғана  құраған  екен.  Бұған  не  деп  дау  айта  алмақпыз.  Жанымызға 
жақсын,  жақпасын,  ақиқатты  жағдайға  өзіміз  әбден  қаныға  түсіп,  өзгелерге 
әдеппен  түсіндіре  білген  ғалым  мен  тәжірибе  айқындаған.  Осындай  фактілер 
арнасында  елде  қалыптасқан  әлеуметтік-экономиклық  және  саяси  ахуалдың 
қайда алып келгендігін де айтпауға болмайды. Қоғамды торығушылық кеңінен 
жайлай бастады. Жаппай енжарлық қауіпті мөлшерде етек жайды, ал бұрынғы 
кеңестік  басқару  жүйесі  тез  күйрей  бастағанымен,  жаңа  саяси  және 
экономикалық  құрылымдар  орасан  зор  кедергілермен  баяу  орныға  бастады. 
Осындай  көпсалалы  келеңсіздік  бүкіл  елде  ереуілдер  мен  пікірсайыстар 
толқынын  күшейтіп,  ұлттық  қозғалыстар  билікке  қол  жеткізіп,  жекелеген 
республикалардың КСРО құрамынан шығатын пейілі танылған кезде, Кеңестер 
Одағының  тынысының  тоқтауына  санаулы  уақыт  қалғаны  әбден  аян  болды. 
Билік  басындағы  таза  болашақты  ойлайтын  адамдарға  не  тарих  қойнауына 
жылжып  бара  жатқан  көне  жүйедегі  орнын  сақтап  қалу,  не  өз 
жауапкершілігіндегі  елін  -  Қазақстанды  жаңаша  қалыптастыруы  міндеті керек 
болды. Бұндай тұлғаларға сеніп тағайындаған халықтың – қазақстандықтардың 
алдындағы  жауапкершілігін  сезініп,  шешімді  әрекеттерге  барудан  басқа  амал 
қалмады. 
Ойшыл, тәжірибесі мол адамдардың белсенді әрекетінің арқасында Одақ 
бейбіт жолмен ыдырап, тәуелсіздік таңы да атты. 1991 жылдың желтоқсанында 
қабылданған  Алматы  Декларациясында:  “Тәуелсіз  мемлекеттер  Достығының 
құрылуына байланысты Кеңестік социалистік республикалар одағы өзінің өмір 
сүруін тоқтатты” деп жазылды. Демек, КСРО-ның күйреуінің ең соңғы нүктесі 
Алматы  қаласында  қойылды.  Ол  туралы  сол  тарихи  оқиғаның  куәгері  Ә. 
Келілбаев:  “Жетпіс  жылдан  астам  жер  дүниені  тітіреткен  қызыл  империяның 
жаназасы Алматы қаласының құрманғазы көшесіндегі Достық үйінің дөңгелек 
залында  шығарылды.  Жасы  жетпіс  төртке  қараған  әлемдік  социализм  мен 
алтыдан  асып  бара  жатқан  кеңестік  қайта  құрудың  ала  сапыранының  ақтық 
сағаттары  Алатау  баурайында,  қазақ  топырағында  аяқталды”  -  деп  жазды  ХХ 
ғасыр алып шығармашысы, зиялы қазақ перзенті. 
Қорыта  айтқанда,  КСРО-ның  ыдырауының  саяси  себептерімен  қатар, 
әлеуметтік-экономикалық  себептерін  де  көрсетіп,  оларға  жан-жақты  талдау 
жасау  арқылы  Одақты  күйреуге  алып  келген  процестің  объективті  негіздері 


осылай  болған.  Егер,  Одақтың  ыдырауының  әлеуметтік  негіздерін  ұлтаралық 
қатынастарда, әлеуметтік қамсыздандыру саласында, т.б. әлеуметтік салаларда 
жіберілген кемшіліктер құраса, экономика саласында жете әміршіл-әкімшіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет