еңбек ету міндеті аса маңызды сипат алды. Сәт сайын құбылған аласапыран
заманға сай амал іздеуге тура келді.
Адами тәжірибесі аясында ең сенімді жоспар – уақыт талабына бейімделе
алатын міндет. Осы орайда заманның беталысына қарай даму, өсу межелерін
белгілеп, алға қойған жоспарларды өңдеп өзгертуге тура келді. Осы жағдайдағы
әр қазақстандық алдында тұрған мақсат – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті
Отанымыз Қазақстанды
«Мәңгілік Ел» етіп әлемдегі ең дамыған мемлекеттер
қатарына қосып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру болды.
Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға
қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының
толыққанды қатысушысына айналған құрылым ретінде қалыптасты. Ширек
ғасыр аясында Қазақстан көптеген сынақтарға төтеп беру жолында өткір
сындардан өтіп нығайды. 2015 жылы қанат жайған әлемдік дағдарыс ел алдына
көп салалы өзекті және мәселелерді паш етті.
Бүкіл әлемді сілкінтіп 2015 жылы әлемді шарпыған дағдарысты
көріністер де республика дамуының бүкіл сын-қатерлерін бастан кешуге сый
етті. Олардың ішінде мынадай жәйттер ел экономикасының тынысын
тарылтуға дем берді:
Біріншісі, әлемдік жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатын алды. Іс
жүзінде барлық әлемдік рыноктар – қаржы, көмірсутегі, металдар, азық-түлік
және басқа да рыноктар тұрақсызданды. Қазақстанның экспорттық өнімдеріне
сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі де
осында болды;
Екіншісі, әлемнің барлық аймақтарында да экономикалық өсімі баяулады.
Жаһандық ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) өсімінің үнемі төмендеуі жөніндегі
болжамдар аян бола бастады. 2011 жылдың күзінен бастап Халықаралық
валюта қоры оларды 5-тен 3 пайызға дейін төмендете келе, болжамдық
көрсеткіштерді 6 рет қайта төмендетті. Және, шамасы, бұл да шек емес сияқты
болды;
Үшіншісі, мұнайдан түсетін санаға біршама сіңіп қалған супертабыстар
құрдымға кетті;
Төртіншісі, жаһандық экономика саяси факторлардың қысымын батыл
сезетін дәрежеге жетіп әлем тұрақсызданды. Оның үстіне әлемнің жетекші
қуатты мемлекеттері бір-біріне қарсы санқилы салалық кедергілер, шектеулер
(санкциялар) енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт әлсіреп кетті. Таяу және
Орта Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка өңіріндегі тұрақсыздық
пен дау-
жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып соқтырды. Әрбір күн
содырлық іс қимылдар аясында мыңдаған жазықсыз адамдардың қаза болуы да
тұрғындарды үрейлендіретін болды. 2012-2015 жж. карай халықаралық
содырлар топтары әлемге елеулі қатер төндіретін болды. Бұл тәуелсіз
мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласуы жолымен
мемлекеттіліктің күйреуінің нәтижесі болса керек. Әлемнің дамуы күштердің
жаһандық және өңірлік орталықтарының арасындағы төзімсіз бәсекелестік
аясында жүретін сипат алды. Осы жағдайда жаңа жаһандық өмір шындығының
сын-қатерлеріне мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан мүмкіндіктері
шеңберінде біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюға мәжбүр етті.