сегiзiншi жыл қосылды. Бiрiншi сатыдағы мектепте балалар 4 жыл оқыды.
Жетiжылдық мектеп екi түрлi болды: оның төрт жылдығы бiрiншi сатыға сай
келдi, ал екiншiсi толық емес орта бiлiм бердi. Екiншi сатыдағы мектеп (тоғыз
жылдық мектеп) үш түрлi оқудан тұрды, бiрiншiсi мен екiншiсi жетi жылдық
мектепке
сай келдi, ал үшiншiсi толық орта бiлiм бердi.
Көшпелi және жартылай көшпелi аудандар үшiн интернаты бар
мектептер, мектеп-коммуналар құрылысы, олардың бүкiл тұрмысын
ұстаздардың, тәрбиешiлердiң бақылауымен оқушылардың өздерi басқарды.
Алғашқы оқулықтар Қазан және Мәскеуден алынды. Қазақ тiлiнiң тұңғыш
әлiппесiн жасап, соныдан iз салған жаңашыл ағартушы ғалым Ахмет
Байтұрсынов елде оқу-ағарту iсiн дамытуға үлкен еңбек сiңiрдi. Ол жазған
мектеп оқулықтары 1927-1928 жылдарға дейiн пайдаланылып келдi. Қазақ
оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың “әлiп-биiмен” ашып,
ана тiлiн сол автордың “Тiл туралы” кiтабын оқып үйрендi.
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4-сыныптық, орталау мектеп 7-
сыныптық және орта мектеп 10-сыныптық болып қайта құрылды. Қоғамдық-
саяси пәндердi оқытуға және оқушыларға жаңаша идеялық тәрбие беруге
ерекше мән берiлдi. Екiншi бесжылдық жылдарында республикада мұғалiмдер
саны екi есеге ұлғайып, 14 мыңнан 31 мыңға жеттi. Олардың 10 пайызының
жоғары, төрттен бiрiнiң орта және 65 пайызының толық орта емес бiлiмi болды.
1925 жылы республикада 14 педагогикалық техникум және бiрнеше
халық ағарту институты жұмыс iстедi. Орынборда орыс тiлiнде оқытатын
ПИНО (практикалық халық ағарту институты), Семейде, Алматыда,
Ташкенттегі аралас оқытатын институттарында 700-дей оның iшiнде 550-ден
астам қазақ жастары оқыды. 1923-1924 оқу жылында Орынборда, Семейде,
Оралда, Алматыда агрономдық және мал дәрiгерлiк-зоотехникалық
техникумдар, орманшылық мектептерi ашылып, жұмыс iстей бастады.
Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк
педагогика институты Ташкентте қазақ халық ағарту институты негiзiнде
құрылды. 1928 жылы ол институт Алматыға көшiрiлдi. Осы жылы Алматыда
малдәрiгерлiк-зоотехникалық институты ашылды. 1932 жылы Оралда
А.С.Пушкин атындағы педагогика институты алғашқы студенттердi
қабылдады. 1934 жылдың 15 қазанынан бастап казiргi Әл-Фараби атындағы
Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi ашылды. 1934 жылы Алматының
музыкалық-драма техникумы оқу комбинаты болып қайта құрылды. Қазақ
медициналық институты кеңейтiлдi, оған кейiн жаңа факультеттер мен
клиникалар қосылды.
Бiлiм саласында да билеушi саяси күштер идеологиясының арнасында
басқа халықтармен қатар қазақтарды тарихи зердесiнен айыру үшiн кең
көлемдегi шаралар iске асырылды. Соның бiрi 1928 жылы араб әрпi латын
әрпiмен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпiмен) жоғарғы билік
орындарының нұсқауымен алмастырылған болатын. Мұның кесiрiнен бiр
ұрпақтың өмiр барысында қазақтың және басқа түркi тiлдес халықтардың
басым көпшiлiгi араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани
байлығын игерiп, пайдалануға қабiлетсiз болып қалды. 1920-1930 жылдарда
Республикада көркем мәдениеттiң бөлiгi кино өнерi де алғашқы
қадамдарын жасады. Шетелдердiң көптеген экрандарында көрсетiлген
“Түрксіб” киносы (1930 ж.) Қазақстан материалында түсiрiлген алғашқы елеулi
фильм болды. Бүкiлресейлiк “Востоккино” тресi Қазақ республикасының он
жылдық мерекесiне арнап “Дала жыры” (1930 ж.), “Жұт” (1931 ж.), “Қаратау
сыры” (1933 ж.) фильмдерiн қойды.
Дыбысты “Аманкелдi” көркем фильмiнiң экранға шығуын (Ленфильм,
1938 ж.) ұлттық кино өнерiнiң бастамасы деп санауға болады. Оның сценариiн
Б.Майлин, В.Иванов және Ғ.Мүсiрепов, сазын - РСФСР өнерiнiң еңбек сiңiрген
қайраткерi М.Ф.Гнесин мен А.Жұбанов жазды. Рольдердiң бәрiн дерлiк қазақ
артистерi - Е.Өмiрзақов (Аманкелдi), Шара Жиенқұлова (Балым, Аманкелдiнiң
әйелi), С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейiтов, Қ.Қуанышбаевтар
орындады.
Сөйтiп, 20-шы және 30-шы жылдардағы кездескен қиыншылық пен
кедергiлерге, қуғын-сүргiнге қарамастан Қазақстанның мәдени дамуында
бiрсыпыра iлгерiлеушiлiктер болды. Егер 1937-1939 жылдардағы тоталитарлық
жүйенiң халықтың зиялыларын қудалауы болмағанда, әрине бұл табыстар
мазмұнды және шеңберлi болар едi.
Достарыңызбен бөлісу: