Қаншайым апайдың екi ұлы бар. Үлкенi – Алмас, жасы сегiзде. Кiшiсi – Алмат, оның жасы алтыда.
Бiрде олардың анасы базардан мандарин алып келдi. Екеуi қуанып, бiразын жедi. Қалғанын ертең жемек болып келiстi.
Түнде Алмас iнiсiне бiлдiрмей, тағы да үш мандаринді жеп қойды.
Ертеңiне Алмас кiтап оқып отырған. Қасына Алмат келді. Қолында мандариндері бар.
– «Кешегi келiскенiмiздей бөлiп жейiк»,– деп мандаринді екеуіне үш-үштен тең бөлдi. Мандариннің бiреуi артық қалды. Оны көрген Алмат:
– «Сен үлкенсiң ғой, мынаны сен же»,– деп артығын Алмасқа ұсынды.
Түндегi ұрлығы есiне түскен Алмас қатты ұялды. Оның мандаринге зауқы соқпады.
1). Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта: А) Алматтың апайы қандай адам?
В) Қаншайым апай неліктен мандарин алды?
С) Алмас қандай кітап оқыды?
D) Қаншайым апайдың неше ұлы бар?
2). Мәтінге сәйкес ақпаратты тап: А) Мандарин – пайдалы жеміс.
В) Алмат ағасына ренжіді.
С) Мандариннің бiреуi артық қалды.
D) Алмас жиі ұрлық жасады.
3). Жұптық жұмыс. Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айтып бер.
Жоспар: 1.Алмас пен Алмат
2.Адалдық
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерік пен Серік – ағайынды балалар. Олар ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдап, қызықтайды.
Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына салып, үйіне әкелді. Әкесі оған:
Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің? Бозторғай – пайдалы құс. Олар дән жемейді. Егінге түскен зиянды құрт-құмырсқаларды жейді, - деді.
Балалар өз қателігін түсінді. Ертеңіне жұмыртқаны орнына апарып қойды.
Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.
Балалар қайда тұрады?
Тоғайда нелер көп?
Бозторғай қандай құс?
Мәтінге ат қой ____________________________________
Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _____________________