Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  мақаласында   таяу  жылдардағы  міндеттерді



Pdf көрінісі
бет92/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  мақаласында   таяу  жылдардағы  міндеттерді 
де  жан  жақты  дәлелдеп  баяндалған.  Автор  пікірінше     қоғамдық  сана 
жаңғырудың  негізгі  қағидаларын  қалыптастыруды  ғана  емес,  сонымен  бірге, 
біздің заман сынағына лайықты төтеп беруге қажетті нақты жобаларды жүзеге 
асыруымызды  да  талап  етеді.  Осыған  байланысты,  алдағы  жылдарда  мықтап 
қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынған. 
Біріншісі.  мәселеге  неғұрлым  дәйектілік  қажеттігін  терең  түсініп, 
байыппен  қараған  жөн  дейді.  Яғни,  Тәуелсіздік  алғаннан  бері  осы  жобаға 
мұқият дайындалғанымыз аталған.   Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр 
тартатыны  көрсетілген.   VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта 
Еуразия  құрлығында  ғылымға  «Орхон-Енисей  жазулары»  деген  атаумен 
танылған  көне  түркілердің  руникалық  жазуы  пайда  болып,  қолданылды.  Бұл 
адамзат  тарихындағы  ең  көне  әліпбилердің  бірі  ретінде  белгілі.  V-XV 
ғасырларда  түркі  тілі  Еуразия  құрлығының  аса  ауқымды  бөлігінде  ұлтаралық 
қатынас тілі болды.   Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық 
хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз 
Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі 
мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы 
Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.  
1929  жылғы  7  тамызда  КСРО  Орталық  Атқару  Комитеті  мен  КСРО 
Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – 
«Біртұтас түркі  алфавитін»  енгізу  туралы  қаулы  қабылдады.  Латын  әліпбиінің 
негізінде  жасалған  жазу  үлгісі  1929  жылдан  1940  жылға  дейін  қолданылып, 
кейін  кириллицаға  ауыстырылды.  1940  жылғы  13  қарашада  «Қазақ  жазуын 
латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру 
туралы» заң қабылданды.  
Осылайша,  қазақ  тілінің  әліпбиін  өзгерту  тарихы  негізінен  нақты  саяси 
себептермен  айқындалып  келді.  Президент  2012  жылғы  желтоқсан  айында 
жарияланған    «Қазақстан-2050»  Стратегиясында  «2025  жылдан  бастап  латын 
әліпбиіне  көшуге  кірісуіміз  керектігін»  мәлімдеген.  Бұл  –  сол  кезден  барлық 
салаларда қазақ елінде латын қарпіне көшуді бастауға ұсыныс еді.   Яғни, 2025 
жылға қарай іс қағаздарын,  мерзімді  баспасөзді, оқулықтарды,  бәрін де  латын 
әліпбиімен басып шығара бастауға тиіс қажеттігі анық айтылған.   Ол кезең де 
таяп  қалды,  сондықтан  уақыт  ұттырмай,  бұл  жұмысты  осы  бастан  қолға  алу 


керек  делінген  мақалада.  Осынау  ауқымды  жұмысты  бастауға  қажетті 
дайындық жұмыстарына қазірден кірісу қажет екені аталған. 
Үкіметке  қазақ  тілін  латын  әліпбиіне  көшіру  мақсатында  нақты  кесте 
құруға  тапсырма  алды.  Латыншаға  көшудің  зор  қажеттігі  терең  логикасы  бар. 
Бұл  қазіргі  заманғы  технологиялық  ортаның,  коммуникацияның,  сондай-ақ, 
ХХІ  ғасырдағы  ғылыми  және  білім  беру  процесінің  ерекшеліктеріне 
байланысты.  Мектеп  қабырғасында  жеткіншектер  ағылшын  тілін  оқып,  латын 
әріптерін  онсыз  да  үйреніп  жатыр.  Сондықтан,  жас  буын  үшін  ешқандай 
қиындық, кедергілер болмақ емес.  
2017  жылдың  аяғына  дейін  ғалымдардың  көмегімен,  барша  қоғам 
өкілдерімен  ақылдаса  отырып,  қазақ  әліпбиінің  жаңа  графикадағы  бірыңғай 
стандартты нұсқасын қабылданатын болды. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді 
үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау 
қызметі қолға алынады.   Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір 
уақыт кириллица алфавиті де қолданылатыны ешбір күмән туғызбайды. 
Екіншіден,  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  «Жаңа 
гуманитарлық  білімді  ұялату  мақсатында  қазақ  тіліндегі  100  жаңа  оқулық» 
жобасы қолға алынатын болды. Оның мәні мынада:  
1.  Жоғарғы  оқу  орындарында  тарих,  саясаттану,  әлеуметтану, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет