Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет95/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

Идеяның  түпкі  төркіні.  Ұлытау  төріндегі  жәдігерлер  кешенін,  Қожа 
Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, 
Алтайдағы  көне  қорымдар  мен  Жетісудың  киелі  мекендерін  және  басқа  да 
жерлерді  өзара  сабақтастыра  отырып,  ұлт  жадында  біртұтас  кешен  ретінде 
орнықтыруды  меңзейді.  Мұның  бәрі  тұтаса  келгенде  халқымыздың  ұлттық 
бірегейлігінің  мызғымас  негізін  құрайды.  Әдетте  жат  руханияттық 
ұстанымдардың  (идеология)  әсері  туралы  айтқанда,  олардың  артында  басқа 
халықтардың  белгілі  бір  құндылықтары  мен  мәдени  рәсімдері  (символдары) 
тұрғанын  есте  ұстауымыз  керек.  Тиісінше,  оларға  қазақтың  ұлттық  құнды-
лықтары арқылы ғана төтеп беруге болады. Қазақстанның қасиетті жерлерінің 
мәдени-жағрафиялық  белдеуі  –  неше  ғасыр өтсе де  адамды  кез  келген  рухани 
жұтаңдықтан  сақтап,  аман  алып  шығатын  рәсімдік  қалқаны  әрі  ұлттық 
мақтанышының  қайнар  бұлағы.  Ол  –  ұлттық  бірегейлік  негіздерінің  басты 
құрамдастарының  бірі.  Сондықтан,  қазақтың  мыңжылдық  тарихы  осы  сәтте 
алғаш  рет  осындай  ауқымды  жобаны  жасап,  жүзеге  асыруға  тиіс.  Сондықтан  
Үкімет  жұртшылықпен  ақылдаса  келе,  жобаны  әзірлеуге  кіріседі.   Онда  үш 
мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда: 
 1.  Аталған  «Мәдени-жағрафиялық  белдеудің»  рөлі  мен  оған  енетін 
орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу 
қажет.  
2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, 
мықтап айналысуы керек. 
 3.  Ішкі  және  сыртқы  мәдени  туризм  халқымыздың  осы  қастерлі 
мұраларына  сүйенуге  тиіс.  Мәдени  маңыздылығы  тұрғысынан  Түркістан 
немесе Алтай – ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн-
дылықтар. 
 Бесіншіден,  заманауи  әлемдегі  бәсекелік  қабілет  –  мәдениеттің  де 
бәсекелік  қабілеті  деген  сөз.  АҚШ-тың  «қырғи-қабақ  соғыс»  кезіндегі 
табысының  қомақты  бөлігі  Голливудтың  еншісінде.  Қазақстан  ХХІ  ғасырдың 
жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десе, 
«Жаһандағы  заманауи  қазақстандық  мәдениет»  жобасын  іске  асыруға 
тиіспіз.  Әлем  бізді  қара  алтынмен  немесе  сыртқы  саясаттағы  ірі 
бастамаларымызбен  ғана  емес,  мәдени жетістіктерімізбен де  тануы  керек.  Бұл 
жоба нені көздейді? Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, 


орыс,  қытай,  испан,  араб  және  француз  тілдерінде  сөйлеуі  үшін  мақсатты 
ұстаным  болуы  шарт.  Екінші,  ол бүгінгі  қазақстандықтар жасаған  және  жасап 
жатқан  заманауи  мәдениет  болуға  тиіс.  Үшінші,  мәдени  қазыналарымызды 
әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.                
Мәдени  өнімдеріміз  тек  кітап  түрінде  емес,  әртүрлі  мультимедиалық 
тәсілдермен  де  шыққаны  абзал.  Төртінші,  бұған  ауқымды  мемлекеттік  қолдау 
жасалуы  қажет.  Сыртқы  істер,  Мәдениет  және  спорт,  Ақпарат  және 
коммуникациялар  министрліктері  жүйелі  түрде,  қоян-қолтық  жұмыс  істеуі 
керек.  Бесінші,  бұл  жұмыста  шығармашылық  зиялы  қауым,  оның  ішінде 
Жазушылар  одағы  мен  Ғылым  академиясы,  университеттер  мен  қоғамдық 
ұйымдар  үлкен  рөл  атқаруға  тиіс.  Елдің  заманауи  мәдениеті  қандай  өкілдері 
әлемдік  аренаға  жол  тартуы  керектігін  анықтап  алуымыз  керек.     Ұлттық 
мәдениетіміздің  озық  үлгілерін  іріктеп  алғаннан  кейін  шетелдерде  оларды 
таныстыру рәсімдерін өткізу керек.    
2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете 
алатынымызды  айқындап  алу  тұрғысынан  шешуші  жыл  болмақ.  Содан  соң 
бірегей  бағдарламаны  5-7  жылда  тыңғылықты  жүзеге  асырамыз.     Осылайша, 
мың жылдық  тарихымызда  төл  мәдениетіміз  тұңғыш  рет  әлемнің барлық құр-
лықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады. Алтыншыдан, ұлт 
мақтанышы  біздің  бұрынғы  өткен  батыр  бабаларымыз,  данагөй  билеріміз  бен 
жырауларымыз  ғана  болмауға  тиіс.  Маңызды  мәселе  бүгінгі  ел  тұлғаларының 
жетістіктері  тарихы  да  назар  аударуды  қажет  етеді.  Бұл  идеяны  Президент 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет