118
сат технологтары да осына айтады. Саясаткер бір мезгілде арыстан
да, түлкі де болуға, қажеттілігіне қарай сақ болумен қатар, батыл да
болуға тиіс дегенге келсек, онда бұл қағидат бүгінгі күні де өзекті бо-
лып табылады. Демек, Н.Макиавелли адамгершілікке негізделген сая-
сатты жүргізу қажеттігі туралы айтқан.
XX ғасырдың екінші жартысында ғана Н.Макиавеллидің
шығармашылығын терең зерттеу негізінде одан «азғын саясаттың
ақтаушысы» деген қорлық таңба алынып тасталды. Н.Макиавеллидің
шығармашылық мұрасын терең зерттей келе, көрнекті ағылшын фи-
лософы Бертран Рассел оны «Қайта өрлеу дәуірінің ең терең ақыл-
ойы» деп атады. Бүгінгі күні Батыста Макиавелли «қазіргі заманғы
саясаттанудың әкесі» саналады. Ал біздің ойымызша, бұл бағаға әбден
лайық деп араб ойшылы Ибн-Хальдунды айтуға болады, өйткені ол
Макиавеллиден тұтас бір ғасыр бұрын өмір сүрді ғой. Алайда бұл
адамзаттың философиялық ойы тарихындағы Н.Макиавеллидің ала-
тын орны мен маңызын ешбір кемсітпесе керек.
Достарыңызбен бөлісу: