ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет131/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   440
құмырсқаларға (сол замандағы алхимиктер) немесе өзінің өрмектерін 

өзінен  құратын  өрмекшіге  (сол  кездегі  схоластар)  ұқсамауға  тиіс.  Ол 

әрбір гүлге қона отырып, шырын жинайтын, ал содан кейін оны өңдеп, 

балға айналдыратын араға еліктеуге тиіс.

Ф.Бэкон «жай санап шығу арқылы болатын индукция» деп аталатын 

емес, индукцияның әлдебір жақсырақ түрін ойлап табуға әрекеттенді.

Бір  тәмсіл  аңыз  бар:  санақ  жүргізумен  айналысатын  бір  шенеунік 

өмір  сүріпті.  Бір  жолы  оған  бір  уэльдік  ауылдағы  үй  иелерінің 

барлығының  санағын  жүргізу  тапсырылыпты.  Аты-жөнін  сұраған 

алғашқы  адам  Уильям  Уильямс  болыпты.  Екінші,  үшінші,  төртінші 

адам да солай болып кете береді. Сонда санақшы өзіне-өзі: «Бұл тым 

қажытатын  іс  екен.  Олардың  барлығы  да,  сірә,  Уильям  Уильямстер 

болса  керек.  Барлығын  да  солай  жазайын.  Сонда  бос  боламын»,  – 

дейді. Бірақ ол қателескен екен: олардың біреуі Джонс Джонсон болып 

шығыпты.

Бұл  егер  санап  шығу  арқылы  болатын  индукцияға  тым  сөзсіз 

сенетін  болсақ,  біздің  дұрыс  емес  қорытынды  жасауымыз  мүмкін 

екенін көрсетеді.

Бірақ  біз  жалқыдан  жалпыға  өтудің  индуктивтік  әдісін  Ф.Бэкон 

зерттеп  әзірлеген  десек,  онда  онымыз  қателік  болар  еді.  Бұл  әдістің 

негізін  өз  заманында  ұлы  Аристотель  салған-ды.  Ф.Бэконның  ашқан 

жаңалығы не болып шықты, сонда?

Ф.Бэконның айтуынша, қорытындылай келе, бір тұжырымға келетін 

фактілерді  ғана  зерттеу  жеткіліксіз,  сонымен  қатар  солармен  қарама-

қайшылыққа келетін басқа бір фактілердің себептерін де анықтауымыз 

керек.  Ол  жалқылықтан  жалпыға  өту  барысында  үш  кесте  жасауды 

ұсынады: 

1.  Tabula  presentiae  –  тәжірибе  жасауда  зерттелетін  фактілердің 

қатысу кестесі.

2. Tabula absentiae – фактілердің болмауы кестесі.

3. Tabula graduaie – зерттелетін фактілердің көріну қарқындылығы 

дәрежесінің кестесі.

Бұл кестелер толтырылған кезде, тәжірибе өткізу барысында солар-

ды салыстыру арқылы түсініктерді тұжырымдауға болады.

Сөйтіп, Ф.Бэконның философиясында өзара үзілместей байланысқан 

үш ереже бар, олар: индукция, формалар туралы ілім және өнертабыс 



туралы ілім.


128

 Индукция – ол формаларды танудағы басшылық; формалар тура-

лы ілім – таным үдерісінің нәтижесі; өнертабыс – формаларды танып 

білуге негізделген ғылымның мақсаты және іс жүзіндегі қолданылуы.

Осының  барлығы  Ф.Бэконды  жаңаеуропалық  философиядағы 

тәжірибелік-индуктивтік  білім  алудың  негізін  салушы  деп  санауға 

негіз береді.

Ғылыми  зерттеме  мәселелерінің  шешімін  іздеуде  Бэконнан 

айырмашылығы бар басқа жолмен кеткен француздардың ұлы ойшы-

лы,  философ,  ғалым,  математик,  физик,  физиолог,  психолог,  қазіргі 

заман философиясының негізін салушы Рене Декарт (1596-1650) бол-

ды.  Бірақ  Бэкон  да,  Декарт  та  бір  дәуірдің  адамдары  болғандықтан, 

олардың философиялық жүйелерінде де ортақ нәрселер көп еді.

Сократтың  күні  бойы  қар  үстінде  тұрып  ойға  шомғанды  жақсы 

көргені  туралы  айтылып  жүр.  Ал  Декарт  жылы  жерде  отырып 

еңбектенгенді  ұнатса  керек.  «Әдіс  туралы  ойлар»  деген  кітабында  ол 

аязды  бір  таңда  Баварияда  пеш  (көлемді  ішкі  кеңістігіне  адам  еркін 

сыйып  кететін  орыс  пеші  сияқты  болса  керек)  ішіне  кіріп  алып,  күні 

бойы сонда ойға шомумен отырғанын сипаттайды. Нақ сол кезде, оның 

айтуынша,  ол  өзінің  философиясының  жартысына  жуығын  бітіріп 

қойған екен.

Ең  бастысы,  Бэкон  мен  Декартты  жақындастыратын  –  ол  ғылыми 

зерттеулер әдістемесінің мәселесі. Бэкондікі сияқты, Декарт әдістемесі 

де  схоластикаға  қарсы  бағыт  сипатында  болды.  Бірақ  Бэконға 

қарағанда, Декарттың философиялық мәселелерге көзқарасы түбегейлі 

басқаша  болды.  Оның  мейлінше  жан-жақты  философиялық  сипатта 

қорытындылауға  бейімділігін  мықты  математик  болғандығынан  деп 

ойлауға болады.

«Әдіс туралы ойлардан» басқа, Декарт «Философия бастауы», «Ди-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет