4.6. Джон локктың гносеологиялық және
онтологиялық көзқарастары
Джон локк (1632-1704) – XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын ой-
шылы, кейіннен оған «барлық революциялардың ішіндегі ең бір
орнықты және ең бір сәтті – 1688 жылғы революцияның кемеңгері»
деген ат тағылды. Ал сол революцияның нәтижесінде Ұлыбританияда
күні бүгінге дейін билік ұстап отырған парламенттік монархия жеңіске
жеткен. Локк мүдделерінің аясында төрт тақырып болған:
• Ойшылдың негізгі философиялық туындысы «Адамның ақыл-
парасаты туралы тәжірибеде» зерттеу тақырыбы болған гносеология.
• «Мемлекеттік басқару жөніндегі екі трактат» атты шығармасына
және кейбір басқа туындыларына арқау болған этикалық-саяси
мәселелер.
• Ойшыл, негізінде, өмірінің соңғы жылдарында басты назар
аударған дін саласы («Христиандықтың ақылға қонымдылығы»,
«Төзімсіздік туралы хаттар» және басқалары).
• Педагогика («Тәрбие жайындағы ойлар»).
Дж.Локк алғашқы болып эмпиризм (біз білетіндей, эмпиризм
Ф.Бэкон философиясының құрамдас бөлігі болған, бірақ ол ғылыми
тәжірибе тақырыбымен ғана шектелген-ді) негізін құрды. Ол
эмпиризмнің негізін құрайтын танымның сенсуалистік теориясын
әзірлеп шықты.
Өзінің болмысқа қатысты пікірлерінде Дж.Локк бізге тәжірибелік
білімде берілген эмпириялық түпнегізді және табиғаттың барлық
денелері құрайтын философиялық түпнегізді ажыратып көрсетеді.
Ойшылдың пікірі бойынша, материя – ол тіпті қозғалуға да
қабілетсіз, орасан үлкен өлі кесек. Ал олай болса, қозғалыс пен өмірді
кім тудырды? Әрине, Құдай, оның бар екеніне ешқандай күмән тумаса
керек. Егер айналаға мұқият зер салсаңыз, Оның биік даналығы мен
құдіретін сезетініңіз соншалықты, оны дәлелдеп жатудың еш қажеті
жоқ. Алайда Құдай туралы: «Ол дене ме, әлде таза рух па?» – деген
сұраққа жауап беру мүмкін емес.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дж.Локк таным туралы ілімінде
дәйекті сенсуалист (лат. sens – сезім), яғни тәжірибеге негізделген,
сезімдік танымның жақтаушысы болды, өйткені «бұрын сезімдерде
болмаған нәрсе парасатта да жоқ». Оның ойынша, кез келген идеяның,
142
кез келген білімнің негізінде адам қолымен жасалатын тәжірибе жа-
тыр. Тәжірибелер саналы және санадан тыс өтуі және адамның жанын-
да жинақталып жатуы мүмкін. Сондықтан да ол «туа біткен идеялар»
деп аталатындар туралы теорияны сынға алған. Мысалы, «Бүтін өзінің
бөлшектерінен үлкен» деген ереже адамдардың өмірлік тәжірибесінен
шыққан. Егер «теңдестіру» және «қайшылықтар» заңдарын алатын
болсақ, балаларымыз тіпті олардың бар екенін де білмейді. Сөйтіп,
егер адамның жанында ешқандай да туа біткен идеялар жоқ болса,
онда ол – таза тақта (лат. – tabula rasa). Адам өзінің өмірлік тәжірибесі
барысында оны тәжірибе нәтижесінде жинақталған білімдерімен тол-
тырады. Бұл адамның сыртқы тәжірибесі (ағылшынша – sensation –
сезім). Ал сонда «адам жанының толқындары» деп аталатындарды,
оның қиялдарын, идеяларын қайда жібереміз? Ойшыл оларды жоққа
шығармайды және ішкі тәжірибе (ағылшынша – reflection – бейнелеп
көрсету) деп санайды.
Дж.Локк заттардың алғашқы және екінші реттік қасиеттерін ажыра-
тып көрсетеді. Алғашқылар – заттардың өздеріне жататын және олар-
дан ажырамайтындар. Мысалы, салмақ, пішін, өткіштік, қаттылық
және т.б. Екінші реттік қасиеттер – олар өне бойы өзгеріп тұратын ды-
быстар, түстер, иістер. Біз оларды өзіміздің сезім-түйсіктеріміз арқылы
табамыз: қызыл, жасыл түстерді көреміз, қатты, ақырын шыққан ды-
быстарды естиміз. Бірақ олардың негізі, шамасы, заттардың бастапқы
қасиеттерінің әртүрлі қосылыстарында жатса керек.
Келесі – бұл жалпының мәселесі. Әлемде нақты, дара заттар бар.
Жалпы – ол заттардың ортақ қасиеттерін дерексіздендіру, жалпылау
нәтижесінде пайда болып, халық тілінің сөздерінде бекиді.
«Тілдің жалпыазаматтық және философиялық жақтары бар. Адам-
дар тілдің көмегімен бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарға түсіп жата-
ды, әлдебір жаңалықтарды бір-бірлеріне жеткізеді, сезімдерін білдіреді.
Бұл – тілдің азаматтық қызметі.
Ал егер тілдің философиялық маңызы туралы айтар болсақ, онда
бұл жерде әрбір ұғымның көлемі мен мазмұны нақты айқындалуға
тиіс. Олай болмаса, бір-бірімізді түсінбеуден, дау-дамайлардан
құтыла алмаймыз. Әсіресе ғылымға мазмұны мен ауқымы түсініксіз
ұғымдарды енгізетін және істің мәнін күңгірттендіріп жіберетін
жалған ғалымдар үлкен зиян келтіреді. Біздің ойымызша, Дж.Локктың
соңғы пікірі «бұрғылаушылық» («буровщина» терминінің түсініктемесі
кітап соңында берілді. – Аудармашы) басым түсіп жататын қазіргі за-
ман ғылымы үшін де өзекті сияқты.
143
Әлеуметтік-саяси идеялар: адам – бақытқа ұмтылатын тіршілік
иесі. Ол үшін, бәрінен бұрын, адамның материалдық мүдделері іске
асуы керек. Т.Гоббсқа ұқсап, Дж.Локк та адамзаттың табиғаттық және
азаматтық тарихы туралы айтады. Бірақ оның айырмашылығы мы-
нада: ол адамдардың өміріндегі бастапқы кезеңді толық еркіндікпен,
бір-біріне тәуелсіз болумен және тіршілік етуге қажетті тудырғыш
еңбекпен байланыстырады.
Дж.Локк меншіктің пайда болуының еңбек теориясын құрады.
Өңделген жердің бір акр аумағы өңделмеген бір акр жерден анағұрлым
қымбат тұрады, өйткені біріншіге адам еңбегі сіңді.
Мемлекет адамдардың келісуі нәтижесінде пайда болады. Сонымен
бірге адамдардың меншігі мен бостандығы сақталатын азаматтық аху-
ал да пайда болады. Мемлекет түнгі күзетшіге ұқсауға тиіс: азаматтар
ұйықтап жатқанда, ол солардың меншігі мен тыныштығын күзетеді,
ал оянғанда, олар өз қалаулары бойынша әрекет етеді. Сөйтіп, Локк
Достарыңызбен бөлісу: |