5-тарау. ағаРту ДәуіРінің ФилОсОФиЯсы және
ғылымы
5.1. кейіннен ағарту дәуірі деп аталған XVIII ғасыр
философиясының ерекшеліктері
XVIII ғасырда Еуропа топырағында «ағарту» деген атқа ие болған
зияткерлік (интеллектуалдық) қозғалыс пайда болды. Алғаш рет
«Ағарту» деген термин Вольтердің, Гердердің және басқаларының
еңбектерінде кездескенмен, Канттың «Ағарту деген не?» депи аталатын
мақаласынан кейін орнықты. Оның идеялары көпшілік зерттеушілер
үшін ол кезеңді «Жаңа дәуірдің философиясы мен ғылымы» деген жал-
пы түсінікке енгізуге негіздеме берген XVII ғасырдың философиялық
және ғылыми мұраларының тікелей жалғасы болғанмен, алайда Ағарту
XVII ғасырдың дәстүрлерін айтарлықтай нақтылы етті. Оның үстіне,
философиялық ойдың қызықты ерекшеліктері анықталды: ағылшын
ойшылдары Бэкон мен Локк есімдерінен шығатын философия Фран-
цияда талантты ізбасарларын, атап айтқанда, Дидро мен Гольбахты
тапты, ал француз Декарттың идеялары неміс Иммануил Кантқа ша-
быт берді.
Неміс философиясындағы Ағартудың бастамасы Лейбниц ілімін
жүйеге келтірген атақты Христиан Вольфпен (1679-1754) тығыз байла-
нысты. Неміс философтары ғана емес, орыс философтары, мысалы, Ло-
моносов та алғаш рет Германияда мәдениет философиясының негізгі
салаларын қамтитын жүйе әзірлеген Вольфтан көп нәрсе үйренген.
Сол уақытта Шотландияның ұлы философы және экономисі Адам
Смиттің «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерт-
теулер» (1776) деп аталатын еңбегі жарық көрді. Онда экономикалық
ойдың жүзжылдық дамуын қорытындылау көрініс тапты. Ғалым құн
теориясын және табыстарды бөлу, капитал және оның жинақталуы,
Батыс Еуропаның экономикалық тарихы, экономикалық саясатқа
көзқарас және мемлекеттің қаржысы мәселелерін терең және жан-
жақты қарастырды. Бұл еңбек бүкіл ойшыл Еуропаның санасын астан-
кестең етті.
Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жетістіктері елеулі
рөл атқарды, физика мен химия ары қарай дамыды, органикалық
табиғатты зерттеу алға жылжыды. Математика саласында ашылған
жаңалықтардың үлкен маңызы болды, өйткені орын алып жатқан
үдерістерді олардың нақты сандық мәндерінде түсінуге мүмкіндік берді.
151
Жанды табиғат дамуының тұтастық тұжырымдамасын құрған
француз жаратылыстанушысы Жан Батист Ламарктің (1744-1829) ілімі
Достарыңызбен бөлісу: |