179
николай александрович Добролюбов (1836-1861) әдебиеттің
мақсатын бәрінен бұрын сол кездегі қоғамдық құрылысты сынаудан
көріп, Белинский мен Чернышевскийдің эстетикалық ұстанымдарын
ары қарай дамытты және «шынайы сын» әдісін әзірледі.
Дмитрий иванович писарев (1840-1868) – мемлекетке қарсы пам-
флет, яғни өткір сықақ шығарма жазғаны үшін Петропавл қамалының
тұтқыны болған орыс жазушысы, елді индустриялық жолмен дамыту
арқылы социализмге жету идеясының авторы.
В.Ф.Пустарников әділеттілікпен көрсеткендей, «негізгі құндылық
бағдары бойынша Белинский-Чернышевский айналасындағы ойшыл-
дардың ағартушылық философиясы антифеодалдық сипатта бол-
са, ал негізгі танымдық мазмұны бойынша алыпсатарлыққа,
трансценденталдыққа, метафизикаға және антропологияға қарсы және
негізгі үрдісі бойынша материалистік философия болды. Діни еркін
ойлаушылық орыс ағартушылығының жүйе құрушы ұстанымы болса,
атеизм – оның жекелеген өкілдерінің белгісі болып табылады» (Пустар-
ников В.Ф. Просвещение в России. // 4 томдық Жаңа философиялық эн-
циклопедия, 3-том. – М.: Мысль, 2001. – 369-бет).