Герместің атынан шыққан.
Мұнда: техника – мағынаға жету жолында қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы
270
өнері (мысалы, протестанттық теолог Уильям Баркли Інжіл мәтіндері
түсіндірмелерінің 15 томын жазды). Мұсылман діндарларында Құран
мен хадистердің мәтіндерін түсіндіру – 300-ден астам том құраған.
Ерекше пән – түсіндірме (интерпретация) әдістері туралы ілім
ретінде – герменевтика XVII ғасырдың ортасынан басталды деуге бо-
лады. Оның алғашқы құжаты деп Даннхаузердің әдейі герменевтикаға
арналған трактатын (1654) санау қабылданған.
Алайда XIX ғасыр басталғанға дейін герменевтика мәселесі ерек-
ше пән саласы ретінде ажыратылмады, соған байланысты герменев-
тика басқа пәндердің (бәрінен бұрын теология мен филологияның) бір
бөлігі болып қалып, көбінесе ғылыми-зерттеу мақсаттарында емес,
дидактикалық мақсатта пайдаланылатын болды.
Герменевтиканы ғылым ретінде негіздеу – неміс философы және
протестант теолог Фридрих Шлейермахердің (1768-1834) еңбегі. Ол
үшін, қандай мәтіндер туралы сөз болып отырғанына қарамастан, гер-
меневтика – түсіндірудің жалпыға бірдей, ортақ теориясы, өйткені
түсіндіру ережелері бірыңғай. Оның анықтамасы бойынша, герменев-
тика – ол мақсаты жазбаша құжаттарды түсіну мүмкіндігі шарттарын
көрсетуден тұратын «түсіну ережелерінің өзара байланысы туралы»
ілім.
Кез келген жазбаша құжат – екі табиғаты бар тілдік құрал: бір
жағынан, ол тілдің жалпы жүйесінің бір бөлігі, ал, екінші жағынан,
әлдебір жеке тұлға шығармашылығының өнімі. Сол себепті герменев-
тиканың алдында екі міндет тұр:
а) тілдік құралды белгілі бір тіл жүйесінің элементі ретінде зерттеу
(мәтіннің қандай уақыт кезеңіне жататынына байланысты);
ә) соның артында тұрған бірегей субъектіні табу (кім мәтін авторы
бола алады).
Ол міндеттің бірінші бөлігін «объективтік» («грамматикалық»)
түсіндіру орындаса, ал екіншісін «техникалық» («психологиялық»)
түсіндіру өзіне алады.
Шлейермахер түсіну үдерісінің айналма сипатына («герменевтика
шеңбері») назар аударады: бөлшекті (мысалы, жеке бір сөзді) түсіну –
бүтінді (атап айтқанда, сол сөз кіретін сөйлемді) түсініп алмайын-
ша мүмкін болмайды. Бірақ бүтінді түсіну, өз кезегінде, бөлшектерді
түсінуді қажет етеді.
Герменевтиканың қалыптасуының маңызды бөлігі неміс филосо-
фы, тарих мектебінің өкілі Вильгельм Дильтейдің (1833-1911) «өмір
философиясы» болды. Ол герменевтиканы ерекше әдістемелік қызмет
271
ретінде түсінді. «Түсіну» таным теориясының жеке саласы емес, –
жалпы гуманитарлық білімнің («рух туралы ғылым») іргетасы деп са-
найтын тезисті жүйелі дамыту – Дильтейдің еңбегі.
Герменевтика негізі деп Дильтей «түсінетін психологияны», ал сол
арқылы бір немесе басқа ұрпақтың жан дүниесі мен рухани өмірінің
тұтастығын түсінуді санайды.
Герменевтика тарихындағы «су айырғыш» М.Хайдеггердің (1889-
1976) «Болмыс және уақыт» (1927) деген еңбегі болды. Түсіну бұл
жерде таным тәсілі ретінде емес, болмыс тәсілі іспетті әрекет етеді.
Сол арқылы герменевтика онтологиялық мәртебе иеленеді. Ол тек
гуманитарлық танымның ғана қосымша пәні немесе әдістемесі бо-
луын тоқтатып, «түсінудің жан-жақты философиясына» айналады.
Дәл осы қорытындыны Хайдеггер еңбегінен 1960 жылдардың басын-
да философиялық герменевтика тұжырымдамасын алға тартқан ганс
Достарыңызбен бөлісу: