ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет330/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   440
1.5. ғылыми танымның дамуы

Ғылымның  дамуы  мәселесі  ғылым  философиясының  ең  негізгі 

мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Ғылыми  таным  деректер  және, 

тиісінше, теориялар қорын сан жағынан кеңейту арқылы жай  эволю-



циялық жолмен дами ма немесе секіріс, түбегейлі өзгерту, бұрынғы 

сатыда  қол  жеткен  көзқарастар  мен  ұстанымдарды  терістеу  арқылы 

жаңа сапаға өту жолымен дами ма? 

Ғылым  ғылыми  білімдерді  бірте-бірте  жинақтау  арқылы 



кумулятивтік жолмен дами ма немесе бұрынғы тұжырымдамаларды, 

постулаттарды, түсініктерді теріске шығару арқылы кумулятивтікке 



қарсы жолмен дами ма?

Ғылыми  білімнің  дамуын  ғылымның  өзінің  ішкі  логикасына  (ин-



тернализм) сүйеніп немесе ғылымға қатысты әлеуметтік-мәдени және 

басқа  факторлардың  сыртқы  әсері  (экстернализм)  арқылы  түсінуге 

бола ма?

Барлық осы жоғарыда көрсетілген сұрақтарға ғалымдар әртүрлі жа-

уаптар береді.

Кумулятивтік  тұжырымдаманы  жақтаушылар  ғылымның  дамуын 

тұрақты  үдеріс  деп  қарайды:  И.Ньютонның  ойшылдар  туралы  және 

алыптардың иығында отырған ергежейлілерге қатысты кең танылған 

ойын  еске  түсіріңіз.  Неміс  классикалық  философиясынан,  Гегельдің 

шығармашылығынан  біз  Дара  идеяның  қоғам  адамы  арқылы  өз-өзін 

тануының  қалай  болып  жататынын  айқын  көреміз.  Позитивизмнің 

негізін  салушы  О.Конт  та  соған  ұқсас  көзқарастарды  ұстанып,  адам 

рухы  дамуының  үш:  әлемдегі  барлық  үдерістер  Құдай  берген  күш-

қуат арқылы түсіндіріледі дейтін теологиялық (діни); ұлы философтар 



336

барлығын  қамтитын  метафизикалық  жүйелерді  құрған  метафизика-



лық  (философиялық)  және  оң  (ғылыми)  сатыны  мойындайды.  Ғылым 

дамуын  кумулятивтік  түсіну  –  жаңа  ғылым  қашанда  ескіден  гөрі 

жетілген  және  дәл  дегенге  саяды.  Олай  болса,  бұрын  жинақталған 

(кумулятивтік)  білімдер  бүгінгі  ғылымның  алдыңғы  тарихы  ретінде 

әрекет  етеді.  Бұл  жағдай  алдыңғы  мыңжылдықтарда  өмір  сүрген 

адамдардың  өмірі,  күйзелістері,  ашқан  жаңалықтары,  қуаныштары 

мен  қасіреттері  осы  жетілген  қоғамдағы  тұлғаның  гүлденуіне 

арналған  құнарлы  топырақ  ретінде  ғана  қаралатын  коммунизм  идея-

сын есімізге түсіреді. Осындай көзқарас болғанда, әлеуметтік-мәдени, 

психологиялық,  тұлғалық  және  басқа  да  факторлар  ғылым  дамуында 

өзінің  мағынасын  жоғалтып,  ішкі  сана-сезімінен  айырылады.  Міне, 

осы  жағдайларды  алғаш  рет  Э.Барт  айқын  көрсеткен-ді.  Оның  ойын-

ша,  әрбір  ғалым  әрдайым  өз  заманының  әлем  жайындағы  идеяларын 

бөліседі  және  адамның  сана-сезімінің  өзінде  метафизика  элементтері 

қашанда бар. Ғылыми танымның философиямен өзара байланысы ту-

ралы  бұл  идея  ғылыми  таным  дамуының  жолдарын  ары  қарай  жете 

ойластыруда елеулі рөл атқарды.

  XX  ғасырдың  ортасына  қарай  ғылыми  танымға  біртіндеп  және 

үздіксіз  жүретін  үдеріс  ретінде  қарайтын  көзқарас  қабылданбайтын 

көзқарасқа  айналды  –  ғылымдағы  революция  идеясы  пайда  болды. 

Алғаш рет ол идеяны өзінің «Галилей этюдтері» деп аталатын еңбегінде 

а.койре  айтқан-ды.  Оның  пікірі  бойынша,  Жаңа  дәуірдің  ғылымы 

аристотельдік метафизикадан жаңа (сол заманғы) метафизикаға өтудің 

нәтижесінде секіріс, яғни революция жасады. Ғылымның бірқалыпты 

және  дәйекті  дамуы  фактілердің  жинақталуы  есебінен  емес,  ішкі 



оқиғалылық  есебінен  болады.  Бұндай  көзқарас  ғылымның  дамуын 

түсінуде интернализмнің бұрқ етуіне түрткі болды.



Интернализм  ғылыми  таным  дамуының  ішкі  заңдылықтарымен 

басқарылатын  ғылым  тарихы  ретінде  түсініледі.  Оның  үстіне, 

әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдениеттанушылық, психологиялық 

сияқты  факторлар  ескерілмейді,  жоқ  дегенде,  олардың  ғылым 

дамуындағы шешуші фактор ретіндегі рөлі теріске шығарылады. Ин-

терналистерге А.Койре, И.Лакатос, К.Поппер және басқалары жатады. 

Мысалы,  К.Поппер  өзінің  үш  әлем  туралы  ілімінде  білімдер  әлемін 

адам  қолымен  жасалған  өзгеше  әлем  деп  таниды.  Белгілі  бір  сәттен  

бастап, бұл әлем өзінің ішкі мүмкіндіктері негізінде дамитын тәуелсіз, 

объективті  әлемге  айналады.  Әлбетте,  әлеуметтік  факторлар  оған 

ықпал етпей қоймайды. Алайда олар шешуші факторлар болмайды.



337

Интернализм  эмпириялық  және  ұтымды  (рационалдық)  деп 

бөлінеді.

Эмпириялық  интернализм  ғылымда  жаңа  фактілердің  ашылу-

ын  бірінші  дәрежелі  маңызды  іс  санайды,  өйткені  олар  –  ғылыми 

танымның  негізгі  бастауы.  Теориялық  білімге  келсек,  ол  ашылған 

фактілерді қорыта және жүйелей отырып, оның соңынан келеді.



Ұтымды  интернализм  ғылымның  дамуына  ғалымдардың  басында 

болып жататын шығармашылық үдерістер немесе ашылған идеялардың 

тәртібін және реттілігін өзгерту себеп болады деп есептейді. Бірақ біз 

не  айтсақ  та,  ұтымды  интернализмнің  терең  тамырлары  зияткерлік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет