401
мүмкін, өздерінің ұлы туындыларын бастамаған да болар еді! Анти-
ка стоиктері: «Өлімді ұмытпа!» – деп айтып кетті. Бұл әрбір айтылған
сөзді, істелген істі соңғы рет айтылып тұрған сөз немесе соңғы рет
істеліп жатқан іс деп елестету керек дегенді білдіреді. Егер осының
барлығын іс жүзіне асыра алғанда, адамдардың өзара қарым-
қатынастарындағы көптеген қолдан жасалған қиындықтар болмас еді.
Өздері қастарынан байқамай өтіп бара жатқан ұсақ-түйектерге көңіл
аударатын да, дүниенің өлшеусіз, ғажап әсемдігін өткір сезінер де еді.
Бұл әлемде өмірдің кез келген формасы ұрпақтар ауысымы арқылы
жалғасып жатады. Табиғаттың дана құдіреттілігі де осында. Алға
өрлеу де, өркендеу де соған орай іске асады.
Әрбір адам өлімді тыныс алу мен жүрек соғысының тоқтауы,
сананың сөнуі деп елестетеді. Бірақ адамның миына қан құйылып,
есінен танып, сана-сезімі сөнсе де, өмір сүруін жалғастыратын
жағдайлар кездеседі: ол тыныс алып жатыр, жүрегі соғып тұр.
Кейбіреулер адамның осындай жай-күйін «тірі өлік» деп атайды,
өйткені енді тұлға жоқ.
Кемеңгер Платон философияның бізді лайықты өлуге үйрететіні
туралы ой айтқан. Бұнда терең мағына жатыр.
Бір адамдар өмірлерінің алғашқы жартысын «бір гүлден екінші
гүлге секіріп» жүретін көбелектерше өткізеді. Жастық шақтың желігі
басылып, қырыққа таяғанда, әлдебір үлкен істі бастаған болады, бірақ
оны аяқтау – оған бұйырмаған шаруа. Босқа өткен жастық шағын опы-
на еске алып, мақсаттарына жете алмаған күйі ол өмірден «аһ-оһ» деп
үһлеумен өтеді.
Екіншілерге өлім қорқынышын аттап өтуге діни сенімі көмектеседі.
Олар жандары өлмейтініне, мәңгілік өмірге ие болатынына сеніп,
өмірмен қиналмай қоштасады. Ал мәңгілік өмірдің не екенін біз
жоғарыда айттық.
Үшіншілердің ойынша, адам бұл өмірге бір-ақ рет келетіндіктен,
өмірдің әр сәтінен ләззат алып өмір сүру керек, яғни олар гедонистік
бағдар ұстанады. Бірақ кейде ондай адамдар шіркеуге немесе мешітке
(кім біледі, мүмкін, Құдай бар шығар?) барады, қайыр-садақа береді,
содан кейін қайтадан бұрынғы өміріне оралады. Алайда жандары жай
таппайды, олар да бәрібір болашақтағы өлімнің суық лебінен қашып
құтыла алмайтынын түсінеді.
Енді Платонның философиялық дайындығы жақсы адамына келсек,
ол өз өмірінің Табиғатпен, Ғаламмен байланыстылығын түсінеді және
өзін өмірдің жаһандық мұхитына тамған, одан үзілмейтін бір тамшы-
402
дай сезінеді. Бұл оны терең нұрландырып, өлімнің заңды және әділетті
екенін түсінуге жеткізді. Ондай адамды өлім қорқыта алмайды.
Өмірлік тағдыр шеңберінде бұл өмірде өзінің қарапайым қолтаң-
басын қалдыру үшін, қолынан келгеннің бәрін істейтін адамдар бар.
Олар қуанышты да, қайғы-қасіретті де, шабыт пен күйзелісті де ба-
сынан өткізіп, өмірінің соңына қалжырап шаршаған күйде жетеді.
Ешқандай өкініш және реніш жоқ. Олар шамалары келгеннің бәрін
істеді. Іске аспаған жоспарларына келсек (олар әркімде де бар,
қазақтар айтқандай, үмітсіз – шайтан ғана), өмірден алған тәлімі
мол болған соң, олар қашанда солай болатынын түсінеді. Олар – нағыз
адамдар. Ондайлар қашанда басқалардың есінде сақталады.
XX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде Батыста «аутоназия» (auto –
өзі, nazia – өлім), орыс әдебиетінде «эвтаназия» деп айтылатын термин
пайда болды. Бұл мәселе Батыстағы университеттер қабырғасында
кең талқыланып жатыр. Ал ең «азат» ел – голландияда тіпті ауто-
Достарыңызбен бөлісу: