вакуумға» (ішкі бос қуыс, өмір мәнін жоғалту – В.Франкл енгізген
термин) түскен. Ондай адам әлеуметтік ауытқушылыққа (ішімдікке,
нашақорлыққа салыну, қылмыс істеу, Құдайды іздеу, өз-өзін өлтіру
және т.б.) тап болады (қараңыз: В.Франкл. Человек в поисках смыс-
ла. – М., Прогресс, 1990).
Батыс елдерінде адамдардың көпшілігі өмір мағынасын байлықтан
іздейді. бұл – жалған өмірлік бағдар. Мысалы, ата-ана баласы үшін
барлық қолайлы материалдық жағдайды жасап, қалағанын сатып
алып береді де, сонымен өз міндетін атқарғандай болады. Ал бірақ
баласының жан дүниесінде не болып жатқанынан, нені армандайты-
нынан, кім болғысы келетінінен хабарсыз. Баланың жанын түсінуге
және қалыптастыруға олардың уақыты жоқ. Нәтижесінде, жылдар
өтіп, бала есейеді, балалық қиялдары артта қалады, бірақ адам тұлға
болып қалыптаса да, өмірдегі өз орнын таба да алмайды.
Мәселенің төтенше қиындығы – адамға өмір мағынасын беруге
болмайтындығы: ол оны өзі іздеп, өзі табуға тиіс. Осы дүниеге кел-
ген әрбір адамның өзінің белгілі орны бар, демек, оның өзіндік «өмір
мағынасы» бар. Өмір соқпақтары қандай бұрмалаң болса да, адам өз
орнын іздеп табуға тиіс. Біреу өмір мағынасын балаларын тәрбиелеуден
399
көрсе, екінші бір адам өзінің шығармашылық жетістігінен, ал үшіншісі
сүйікті адамы үшін өмір сүруден көреді.
В.Франклдің ойынша, тым жалпылама айтқанда, өмірдің мағына-
Достарыңызбен бөлісу: |