соған тән ішкі қасиет.
білдіреді.
418
инструментализм – соған сәйкес көпшілік теориялық түсініктердің,
оның ішінде тұтастай ғылыми теориялардың да эмпириялық мазмұны
болмайтын және осы мағынасында объективтік әлемнің сипаттамасы
бола алмайтын философиялық-әдістемелік тұжырымдама. Сол себепті
оларға объективтік шындық немесе жалғандық сипаттамасын қолдану
тіпті мүмкін емес. Теориялық білімнің мақсаты мен құндылығы
басқада – эмпириялық білімді қалыптастырудың және, бәрінен бұрын,
оның логикалық реттілігін құрудың жақсы құралы болуда жатыр.
интерминизм – соған сәйкес себепті байланыстардың болуы не-
месе себепті түсіндірменің танымдық құндылығы ғылымда теріске
шығарылатын философиялық-ғылыми тұжырымдама. Индетерминизм
Табиғаттың ғажап тұтастығы мен дамуын түсіндіру үшін, Табиғаттың
өздігінен жетілуін терістейтін, Құдайға жүгінетін діни болуы да,
Табиғаттың өздігінен жетілуі идеясынан келіп шығатын табиғи да бо-
луы мүмкін.
интернализм – тарих жазудағы және ғылым дамуының теория-
сындағы бағыт; соған сәйкес ғылым дамуының басты қозғаушы
күшін оған имманентті тұрғыда тән ішкі мақсаттар, құралдар және
заңдылықтар құрайды; ғылыми білім өздігінен дамитын жүйе ретінде
қаралмауы керек, мазмұны оның болмысының әлеуметтік-мәдени
шарттарына, әлеуметтің дамығандығының дәрежесіне, оның әртүрлі
қосымша жүйелерінің (экономика, техника, саясат, философия және
т.б.) сипатына байланысты емес.
Достарыңызбен бөлісу: