ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану



Pdf көрінісі
бет427/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   440
когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану – XX ғасырдың 70 

жылдары пайда болған ғылым философиясы мен әлеуметтануындағы 

бағыт.  Оның  өкілдерінің  ойынша,  ғылымның  жұмыс  істеуі  мен 

серпінінің  балама  үлгісі  әлеуметтік-мәдени  факторлардың:  ғылыми 

мәселелер  (бағыттар)  мен  олардың  шешілу  қарқынына  (барын-

ша  қолайлы  қаржылық,  материалдық  және  ұйымдастырушылық 




419

жағдайлар  туғызу  есебінен)  ғана  емес,  сонымен  бірге  оларды  шешу 

тәсілдеріне,  нәтижелеріне  де  (ақыр  соңында,  ғылыми  теориялардың 

мазмұнына да) елеулі ықпалын есепке алуға тиіс.



конвенционализм  –  конвенциялардың  ғылыми  танымдағы  рөлін 

дараландырушы  әдістемелік  тұжырымдама.  Бұл  тұжырымдамаға 

сәйкес,  ғылыми  ұғымдар  мен  теориялар  объективтік  шындықты 

білдірмейді,  ғалымдардың  келісуінің  нәтижесі,  шартты,  ерікті  белгі-

ленген ережелер болып табылады.

коэволюция  –  адамзат  қоғамы  мен  биосаланың  дамуын  бөлек 

қараудан «биосала – адамзат қоғамы» дейтін біртұтас жүйе дамуының 

жалпы  теориясына  көшу  керек  деп  санайтын  қазіргі  заманғы  ғылым 

философиясы  тұжырымдамасы.  Бұл  тұжырымдама  өкілдерінің 

(Н.Моисеев және басқалары) ойынша, осы жолмен ғана осы заманның 

адамзат  алдында  тұрған  ғаламдық  мәселелерінің  оңтайлы  шешімін 

ұсынып қана қоймай, сонымен қатар адамзаттың болашақтағы өмірін 

сақтауды да қамтамасыз етуге болады.



Қоғам – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, иерархиялық реттел-

ген әлеуметтік жүйе. Оның тұтастай өзінің және қосымша жүйелерінің 

қайта  құрылуы  және  өмір  сүруі  белгілі  бір  қағидалар  және  инсти-

туттар  (экономикалық,  моральдық,  құқықтық,  саяси  және  басқадай) 

арқылы реттеледі.

Қорытындылау  –  білімді  ойша  жалқыдан  жалпыға  өту  жолымен 

арттыру  әдісі,  оған  абстракцияның  жоғарырақ  сатысына  өту  де  сай 

келеді.

логицизм  –  XIX  ғасырдың  соңы  –  XX  ғасырдың  басында  пайда 

болған математика философиясындағы бағыт. Оның мәні математика-

ны логикаға (математикалық) келтіруге тырысу, сөйтіп, математиканың 

шынайылығын және қарама-қайшылықсыздығын негіздеуде жатты.



мәдениет – (лат. – Cultura – тәрбие, білім, жетілу, құрмет тұту) – бұл 

адам қарекетінің (қызметі, мінез-құлқы және қарым-қатынасы) биоло-

гиядан жоғары тұрған, оның барлық көріністерінде әлеуметтік өмірді 

қайта жасау және өзгертуді қамтамасыз ететін бағдарламаларының та-

рихи дамитын жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет