ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


энтелехиясы (грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік)  деп  айқындаған  мақсат  көздеуші  себепті



Pdf көрінісі
бет61/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   440
энтелехиясы (грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік) 

деп  айқындаған  мақсат  көздеуші  себепті  көреміз.  Қазіргі  замандағы 

термин тілімен айтқанда, энтелехия – бұл заттың ішкі бағдарламасы.

Бірақ бұл жерде өз заманында Платон көтерген: біздің алдымызда 

жатқан әлем неге кемеліне келмеген деген мәселе пайда болады. Арис-

тотель бұл мәселені материя арқылы шешеді. Инертті, енжар материя 

формамен  бірігіп,  қажеттіліктің  пайда  болуына  ғана  емес,  сонымен 

қатар  кездейсоқтықтың  пайда  болуына  да  келтіреді.  Сол  себепті, 

бұл  дүниедегінің  барлығының  дами  беретініне  қарамастан,  ештеңе 

де  өзінің  толық  кемеліне  жетпейді,  яғни  өзінің  энтелехиясына  толық 

сәйкес келмейді.

Ал  өмір  мәселесіне  келер  болсақ,  тірі  ағзаның  материалдық 

тәні,  ал  жанның  формасы  бар.  Сондықтан  жан  ішкі  энтелехияны 

қалыптастырады және ағзаны мақсат көздеуші негізде дамытады.

Аристотель жанның үш түрін ажыратып көрсетеді:

Өсіп-өнетін жан (өсу және көбею);

Сезетін жан (жан-жануарларда болады);

Ойлайтын жан (адам ғана ойлай алады).

Аристотель  этика  ғылымында  да  үлкен  із  қалдырды.  Оның  адам 

өмірінің  мәні  туралы  ой-толғаныстарына  құлақ  салып  көрейік. 

Көпшілік адамдар өмірдің мәнін рақат табудың соңына түсіп, қызық 

қуудан көреді. Бұл, – шындығын айтқанда, құлдардың арманы.

Екіншілері құрмет-қошемет, даңқ туралы армандайды, бірақ оның 

бәрі оларға басқалар арқылы келеді. Бүгін – бар, ертең – жоқ.




60

Үшіншілері  байлық  қуып  шаршайды.  Бұл  –  табиғатқа  қайшы 

келетін,  ең  бір  мағынасыз  іс,  өйткені  байлықты  басқа  мақсаттарға 

жетудің  құралы  ретінде  пайдалануға  болады,  ал  мақсаттың  өзі 

ретінде оның ешқандай маңызы жоқ.

Адамның  барлық  іс-әрекеттерінің  мақсаты  –  рақатқа  жету.  Адам 

саналы тіршілік иесі болғандықтан, рақаттың ең биік шыңы – Әлемді 

өз ойларыңмен қамту (theoria). Бірақ адамға алдымен өмір сүру керек, 

ал ол үшін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қажет.

Әлбетте,  кедейлік,  қажетті  заттардың  өне  бойы  жетіспеуі,  ауру-

сырқаулар және басқалары адамды рақаттан алыстата түседі. Сен бай 

болсаң,  қалағаныңның  бәрі  бар  болса,  денсаулығың  мықты,  ал  күш-

қуатың тасып тұрса, онда сен өзіңді бақытты сезінесің. Алайда бұл – 

барлығы емес.

Рақатқа жетудің айқын жолы – арете (arеte – грек сөзі, ізгілік деген 

мағынада). Адамның рақат алуы – ол ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, 

бұл ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, онда оған үйрену ке-

рек.  Адам  біржақтылықтан  азат  болуға  және  «ортаңғы  жолды»  таба 

білуге  тиіс,  еш  нәрсе  де  шектен  аспауы  керек.  Мысалы,  батылдық 

ессіз  батырлық  пен  қорқақтықтың  арасындағы,  ал  жомарттық  – 

ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы бірдеңе.

Аристотель  адамға  «zoon  politicon»  –  «саяси  хайуан»  деген 

анықтама  береді,  өйткені  адам  бұл  дүниеде  жападан-жалғыз  тіршілік 

ете  алмайды.  Сол  себепті  мемлекет  адамдардың  бірлескен  тіршілік 

қарекеті  жолындағы  қажеттілік  іспетті  пайда  болады.  Аристотель 

мемлекетті  жеке  меншік  пен  еркіндікпен  ұштастырады.  Сондықтан 

құлдар  мемлекеттің  азаматтары  бола  алмайды.  Құлдық  мәселесінде 

данышпан  Аристотель  де  өз  заманының  шектерінен  шыға  алмады, 

өйткені әрбір адам – өз дәуірінің ұрпағы.

Платон  жеке  меншікке  қарсы  болса,  ал  Аристотель  сол  үшін  қол 

көтереді.  «Меншіктің  орасан  зор  пайдасын  айтпағанның  өзінде, 

оның  болуының  өзі  адамды  өзгеше  рақат  сезімге  бөлейді,  –  деп 

сендіреді  ол.  Алайда  байлық  иеленуші  адам  жомарттық  көрсетуге, 

кіріптарларға  жәрдемдесуге  тиіс,  олай  болмаған  жағдайда  қоғам 

өзінің  орнықтылығынан  айырылып  қалуы  мүмкін».  Аристотель 

қоғам  орнықтылыққа  жетіп,  халықтың  басым  көпшілігінің  орта-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет