күш-қайрат жұмсауы ұлы ойшылдың идеялары арнасында тоғысқан.
61
Аристотель «саяси формалардың алмасуы» теориясын құрып, өз
заманының саяси философиясының өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Афинаның саяси өмірі тарихын мұқият зерттеу негізінде ойшыл үш
дұрыс (монархия, аристократия және полития) және үш дұрыс емес
(зорлық-зомбылық, олигархия және демократия) (қазіргі заманғы
терминология бойынша – охлократия, яғни қаралардың, тобырдың
билігі) саяси форманы ажыратып көрсетеді.
Сөйтіп, – бұны да ерекше атап өткен жөн, – Аристотель философия
мен ғылым тарихында үлкен із қалдырды. Оның көптеген идеялары
бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ.
Ұлы ойшылдардың назарынан сол уақытта ғылым философиясы
аясында туған жіктеп саралау мәселесі да тыс қалған жоқ. В.Вундт
дұрыс атап көрсеткендей, ежелде ғылымдарды саралау мәселесі іс
жүзінде философияның өзін жүйелеуге парапар болатын, өйткені же-
ке-дара ғылымдар әлі де одан оқшауланып, бүршік жарып үлгірмеген-
ді (ол туралы оқыңыз: В.Вундт. Введение в философию. – М.: Добро-
свет, 1998. 44-46-беттер).
Белгілі болғандай, ғылымды айтпағанның өзінде, кез келген
құбылысты жіктеу үшін, алдымен қатаң белгілер әзірлеп алып, со-
дан кейін солардың негізінде бөлшектеуді жүзеге асыруға болады. Бұл
тұрғыда ұлы Платонның еңбектерінде сондай белгілер болып адамның
танымдық қызметіндегі рухани қабілеттер айырмашылығы әрекет
етеді. Платонның ойынша, адам бойындағы ондай қабілеттер саны –
Достарыңызбен бөлісу: