109
микрокосм мен макрокосмның сәйкес келетіні туралы идеяларына
қайта оралып, Дж.Бруно ортағасырлық схоластардың адамға ұқсас,
жоғарыда және тыс тұратын табиғаттың тіршілік иесі іспетті Құдай
туралы идеяларына қарсы шығады. Табиғаттан жоғары тұратын Құдай
аспан денелерін бізге әлдебір нышан-белгілер ретінде жаратты дей
отырып, ол табиғаттан тыс күшке жүгінетіндерді сын садағына алды.
Бірақ біз сол тектес пайғамбарлармен сөйлеспейміз және әңгіме ақыл-
ой мен сезімдердің дәлелдері негізінде болып жатқанда, оларға жа-
уап берудің қажеттігін көріп тұрған жоқпыз. Материяны «заттардағы
Құдай берген болмыс» деп қарастыра отырып, ол Аристотельден бері
келе жатқан, соған сәйкес материя бар-жоғы баяу инертті мүмкіндік
болып табылатын және пішінге ие болған соң ғана нақты затқа ай-
налады дейтін схоластикалық дәстүрге күйрете соққы берді. Оған
қарсы Дж.Бруно материяның өзінің құрылымдық қуатын көрсетіп,
материяның «заттардағы Құдай болмысы» екеніне сендіреді. Ол кезде
материя жоғалып кетпейді, керісінше, бір күйден екінші бір күйге ауы-
сады. Сөйтіп, ұрық сабаққа айналып, одан нан жасалатын масақ өсіп
шығады. Қанға айналатын наннан асқазан сөлі бөлінсе, қаннан енді
басқа ұрық, яғни: уақыт өте келе, өлікке айналатын, жерде шіритін, өз
кезегінде, тасқа айналатын адам пайда болып, өсіп-өнеді.
Оның үстіне, Дж.Бруно материяға сырттан енгізілмеген бітімнің
де маңызын жоғары бағалайды: ол тек материяның ішкі құрылымдық
күші деп қана түсінілуі мүмкін.
Бруно сендіретіндей, Табиғаттың өзі Құдай болып табылатындықтан,
барша Әлемнің жаны бар. Ол заттарды қалыптастырып, олардың ішкі
энергиясын құрайды. Егер бұл осылай болса, онда дүниедегінің бәрі де
мақсатқа сай (грекше – телеологизм). Соған орай ғылымның негізгі
Достарыңызбен бөлісу: