110
Джордано Бруно әлем жаратылысының геоцентристік тұжырым-
дамасын қабылдамайды. Оның пікірінше, өз өсін және Күнді айна-
лып жүретін Жер – шексіз әлемдегі болар-болмас тозаң ғана. Жер
Ғарыштың кіндігі бола алмайды, өйткені әлемнің орталығы да, шека-
ралары да жоқ. Н.Коперникпен таласа отырып, Бруно: «Күн – біздің
әлеміміздің орталығы ғана, ал Ғарыштағы әрбір Жұлдыз – өзінің
барлық Планеталарын қоса алғандағы Күн, ал оларда (планеталарда)
Өмір болуы мүмкін», – деп мәлімдейді. Әлбетте, шіркеу оның мұндай
күпірлігін кешіре алған жоқ.
1592 жылы ол тұтқынға алынды, ал күн сайын монах-жазалаушы
оның камерасына келіп, өзінің күпірлік көзқарастарынан бас тартуын
өтінетін. Бұл сегіз жылға созылды. Оның опынғанына, көзқарастарынан
бас тартуына қол жеткізе алмаған жазалаушылар Джордано Бруноны
Римдегі Гүлдер алаңында өртеу арқылы өлім жазасына кесті. Үкімді
ол қайтпас қайсарлықпен қарсы алды: жанып жатқан отқа түскенде, ол
жендеттерге: «Сендер, мүмкін, бұл үкімнен менің оны тыңдағанымнан
да артық үреймен қорқатын шығарсыңдар!» – дегенді айтты.
Өзінің идеялары арқылы Бруно, Н.Кузанскийдің артынан-ақ,
Жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану ғылымының
негізін салды.
Қазіргі заман ғылымының негізін салушылардың ішіндегі ең
ұлысы, – Ньютонды, әлбетте, қоспағанда, – галилео галилей болып
саналады. Италиялық ғалымның, нақты жаратылыстанудың негізін
қалаушылардың бірегейінің орны мен рөлін XX ғасырдың екінші бір
ұлы философы және ғалымы Бертран Рассел осылай айқындады.
Ал, шындығында, адамның өз өмірінде қаншалықты көп нәрсе
жасай алатынына таңдануға және мақтануға болады. Галилей
қазіргі заманғы механиканың негізін салды. Галилейдің маятниктің
Достарыңызбен бөлісу: