ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен



Pdf көрінісі
бет127/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   440
4.2. жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен 

рационализм және олардың ғылымның дамуына ықпалы

(Ф.бэкон және Р.Декарт)

 

Жаңаеуропалық  философиядағы  эмпиризмнің  негізін  салу-



шы  деп  Френсис  бэкон  (1561-1626)  әділетті  аталады.  Ол  Кембридж 

университетінде  білім  алып,  саяси  өмірге  белсене  араласады  және 

мемлекеттік  қызметте  «Лорд-канцлер»  атағын  иеленеді.  Король  Яков 

I  адал  қызметі  үшін  оған  Верлуам  деген  жерден  қорған  сыйға  тар-

тады.  Бірақ  «бақытыма  сорым  себепші  болды»  демекші,  жас  жігітке 

қамқоршы  болған  король  Яков  I  қайтыс  болғаннан  кейін,  Ф.Бэконға 

әртүрлі  айыптар  тағылып,  –  бұл  енді  үйреншікті  нәрсе  емес  пе,  – 

нәтижесінде,  оның  мемлекеттік  лауазымдарда  қызмет  етуіне  тыйым 

салынды. Англия өзінің сан ғасырларға даңқын асырған ұлы ғалымға 

осылай қол жеткізді.

Ғалым,  әрі  тәжірибе  жасаушы  болған  ол  тауықтарды  мұздатып 

қатырғаннан  кейін  олардың  тірілетін-тірілмейтінін  білу  мақсатында 




123

жасаған тәжірибесі барысында суық тиіп ауырып, ақыры, сол аурудан 

қайтыс болды.

«Жаңа органон» (1620) атты атақты еңбегінде ол ғылымның мақсаты 

мен  неге  арналатынына  деген  жаңа  көзқарасына  философиялық 

негіздеме  береді  және  зерттеудің  индуктивтік  әдісінің  негізгі 

қағидаларын  ойлап  шығарады.  Ф.Бэкон:  «Шын  мәнінде  өте  пайдалы 

нәрсе ғылымда да аса шынайы болады», – деген.

Оның  шығармашылығының  өзгеше  ерекшелігі  адамдар  білімді 

өздерінің өмірлік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алады деп 

ерекше атап көрсететіндігінде жатыр. Бірақ ол үшін Табиғатты зерттеу 

қажет, ал оған апаратын негізгі жол – тәжірибемен келетін білімдер. 

Тәжірибелік  білімдердің  өздері  өнім  беруші  және  жарық  беруші  не-

месе, қазіргі заман терминдерінің тілімен айтқанда, қолданбалы және 



іргелі болып бөлінеді. Егер алғашқылар іс жүзінде пайда келтірсе, ал 

екіншілері табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Ф.Бэконның 

жарық  беруші  білімдерді  дамыту  қажеттігі  туралы  айтқаны  тамаша, 

өйткені онсыз өнім беретін тәжірибелер тез-ақ сарқылған болар еді.

Ф.Бэкон  өз  заманының  ғылымдарын  саралап  жіктеуді  жүзеге 

асыруға әрекет етті. Бөлу белгісі ретінде ол адам жанының қабілеттерін 

алады. Ол – зерде, қиял, ақыл. Зердеге – тарих, қиялға – поэзия, ақылға 

философия сай келеді.

Өз  кезегінде,  тарих  жаратылыстану  тарихына  (historia  naturalis) 

және азаматтық тарихқа (historia civilis) бөлінеді.

Поэзия  нақты  өмірді  шынайы  түрде  емес,  адамның  жүрегі  мен 

сезімдерінің талаптары тұрғысынан көрсетеді.

Ал философияның зерттейтін тақырыбы – Ол Құдай, Табиғат және 

Адам. Құдай мәселесін «екі шындық» тұрғысынан қарастыра келе, ол 

философия аясында оның танылмайтыны туралы айтады. Сол себепті 

бұл – теологияның қарайтын мәселесі.

Табиғат  философиясын  ол  екі:  теориялық  және  практикалық 

құрамдас  бөлікке  ажыратады.  Теориялық  философия  жарық  беруші 

тәжірибелерге  негізделсе,  ал  практикалық  философия  өнім  беруші 

тәжірибелерге негізделген.

Адам  мәселесі  де  екіге  бөлінеді:  адамды  табиғат  туындысы 

ретінде  философиялық  антропология  (philosophia  humana)  зерттесе, 

ал  қоғамдық  тіршілік  иесі  ретінде  азаматтық  философия  (philosophia 

civilis) зерттейді.

Сызбанұсқа түрінде оны төмендегіше көрсетуге болады:



124

ЗЕРДЕ

ҚИЯЛ

АҚЫЛ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет