ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет129/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   440
емес және жоқ дегендердің ауласына шығады; ал енді ницшелік «ғажап 

адам»  терезесінен  барлық  өмір  жолдары  үшін  құлаш  жетпес  кеңістік 

ашылады  және  егер  көз  жұмып,  осы  кеңістікке  қойып  кетсе,  біреу 

шұңқырға  құлайды  немесе  батпаққа,  я  болмаса,  көркем  суреттегідей 

әдемі,  бірақ  үмітсіз  тұңғиыққа  батады,  бұндай  бағыттар  ешкім  үшін 

де  сөзсіз  қажеттілік  емес  қой  және  әркім  де  ана  тұрған  сенімді  және 

тамаша,  мәңгі  күн  сәулелері  түсіп  тұрған,  жерден  тым  биік  шыңдар 

алыстан-ақ  тұман  арасынан  жарқырап  көрінетін  тау  жолын  таңдауға 

ерікті  емес  пе»  (Вл.Соловьев.  Идея  «сверхчеловека».  Смысл  любви.  / 

Таңдамалы шығармалары. – М.; 1991. – 284-285-беттер).

Сөйтіп,  барлығы  да  бір  немесе  басқа  ғалымның  неге  және  кімге 

бағыт ұстайтынына байланысты. Бірақ ол кезде тарихи шарттар, сая-

си  ахуал,  әлеуметтік  өзгерістердің  өз  талаптарын  қоятынын  естен 

шығармаған абзал.

Бүгінгі  күні,  мысалы,  түбегейлі  өзгерістер  кезеңінде  бұл  пұт, 

негізінен,  әлеуметтік  ғылымдардан  көрінеді.  Біреулер  көз  алдымыз-

да өзгеріп жатқан әлемге бұрынғыша «өз үңгірі тұрғысынан қарайды 

және оны өз мәдениетін сақтау қажеттігімен түсіндіреді, ал екіншілер 

өзіндегінің  барлығын  мешеу  қалған  деп  санай  отырып,  дүниеге,  мы-

салы,  американдық  немесе  басқа  бір  үңгір  терезесінен  қарауға  тыры-

сады».  Әңгіме  өзге  халықтардың  тәжірибелерін  шығармашылықпен 

үйрену және оларды Отан топырағына ептілікпен себе қою туралы бо-

лып отыр емес пе. 

Үшінші  елес  –  базар  пұттары  (лат.  –  idola  fori).  Олар,  негізінен, 

адамдар көп жиналатын орындарда пайда болады, ол кездерде жаңа бір 

нәрсені талқылау, ақпаратты тарату көбінесе базарларда іске асырыла-

тын. Олардың бастауы – бір немесе басқа нәрсені және соны білдіретін 

сөздерді  теңдестіріп,  бірдей  ету.  Ал  іс  жүзінде,  Ф.Бэконның  сендіруі 

бойынша, көпшілік жағдайларда сөз заттың өзін емес, онда адам үшін 

ненің  маңызы  бар  екенін  білдіреді.  Ал  егер  біз  сөз  бен  затты  толық 




126

теңдестіріп, яғни бірдей ететін болсақ, онда «жалған данагөйлік» жо-

лына  түсіп  кетеміз.  Бұл  пікірлер,  шамасы,  сол  кездегі  схоластикаға 

қарсы бағытталса керек.

Бүгінгі  күні  бұл  пұт  бұқаралық  ақпарат  құралдарында,  әсіресе 

қоғамдық пікірге қарсы айла-шарғы ұйымдастыратын «сары басылым» 

деп аталатын ақпарат құралдарында ұя салды. Мысалы, бізде демокра-

тия жоқ, ал бір жерде «нағыз демократия» бар дегенге сендіруге әрекет 

жасалады.  Ал  іс  жүзінде  еш  жерде  де  «нағыз  демократия»  жоқ,  бұл 

бар-жоғы  –  әртүрлі  халықтар  өз  жолдарымен  жеткісі  келетін  мақсат-

мұрат қана.

Төртінші  елес  –  театр  немесе  беделділер  пұттары  (лат.  –  idola 

theatri). Оның пайда болуының себептері – бір кездері тарихта болған, 

ғылымға  еңбек  сіңірген  беделді  тұлғаларға  бас  ию,  олардың  идеяла-

ры  мен  теорияларын  «ақырғы  кезеңде»  олардан  кету  мүмкін  емес 

шындықтармен  теңдестіру.  Ал  іс  жүзінде  «шындық  –  беделділердің 

емес, өз заманының туындысы».

Осыдан аз уақыт бұрын-ақ біз К.Марксті, Ф.Энгельсті, В.И.Ленинді 

нағыз  табынатын  пұттарға  айналдырып,  маркстік  идеялармен 

«шырмалған» жоқпыз ба? Олардың аузынан шыққан әр сөз дау тудыр-

мас шындық болды, оларды Құдайдай көрдік. Ал, шын мәнінде, олар, 

сөз жоқ, – ұлы адамдар, олар да өз заманының ұрпақтары болды, де-

мек, олардың да қателесуі мүмкін ғой.

Бүгінгі күні енді басқа беделділердің алдында бас иетін адамдар аз 

емес.

Сондықтан Ф.Бэконның: «Ғылым жолына түскен адамның жоғарыда 



аталған және, мүмкін, басқа да пұттардан азат болғаны жөн», – деген 

сөздерімен келіспеуге болмайды.

Ф.Бэконның  тағы  бір  елеулі  еңбегін  оның  ғылыми  танымның 

абстрактілік-схоластикалық  әдісінен  еш  нәтиже  бермейтін  әдіс 

ретінде  үзілді-кесілді  бас  тартып,  тәжірибелік-индуктивтік  әдісті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет