ақылдың табиғи жарық сәулесі (лат. – Lumen naturale). Тумысынан
келген идеялар қашанда ұғынықты, қарапайым, заттарға да, адамдарға
да тәуелсіз. Мысал үшін айтсақ, егер кез келген екі сан үшінші бір
санға тең болса, онда олар өзара да тең; ештеңеден ештеңе пайда бол-
майды; бір мезгілде бір заттың болуы да, болмауы да мүмкін емес және
т.с.с. «Ойлаймын, демек, өмір сүремін» дегенді де ойшыл осылардың
қатарына жатқызады.
Демек, пікірлердің әрбір нақтылығының негіздемесі – ойлау-
шы субъектінің болуы. Ал бұл жерде ойлаушы субъектінің – Жаңа
дәуірдің бар философиясының түпқазығы және бір мезгілде бастауы
болып табылатынын ерекше атап көрсету қажет. Орта ғасырлардың
даусыз даралығы қағидасынан және Қайта өрлеу дәуірінің сезімдік-
материалдық тұлғасы ұстанымынан Жаңа дәуірдің философиясы ой-
лайтын адам тұжырымдамасына келіп тоқтады.
Ф.Бэконға қарсы Р.Декарт алдыңғы орынға дедукцияны шығарады.
Оның маңызы мынада: танымның негізінде, анық, қарапайым және
айқын, яғни ақыл-парасат түйсігі арқылы қабылданатын және ақыл
тезінен өткізілетін қағидалар жатуға тиіс.
Кез келген мәселеде белгілімен қатар, қандай да бір өзіндік
ерекшеліктері бар белгісіз нәрселер де болуы керек. Демек, ойлау ло-
Достарыңызбен бөлісу: |