ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


тәрбеленушімен  жүрек  байланысын  орнатып



Pdf көрінісі
бет153/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   440
тәрбеленушімен  жүрек  байланысын  орнатып,  құрметпен  қарап, 

сонымен  бірге  талап  қоя  білетін  әңгіме-сұхбаттарда  болашақ  маман 

тұлғасын қалыптастыра алатын оқытушының тәлімгер ретіндегі рөлін 

біз аяқасты еттік. Компьютердің жүрегі жоқ, тек қалыпқа келтірілген 

бағдарламасы ғана бар екені белгілі.

Паскальды  адам  мәселесі  ерекше  толғандыратын.  Ол:  «Адамның 

қадір-қасиеті  мен  ұлылығы  оның  ойында,  сол  оны  Ғаламнан  жоғары 

көтеріп,  танымға  оятады»,  –  деп  жазды.  Адам  шындықтың  болмашы 

бір  бөлшегін  ғана  біле  қойсын,  соның  өзінде-ақ  ұлылық  бар,  өйткені 

жануарлар мүлде ештеңе білмейді емес пе. Оның жоғарғы мақсаты да 

осында. Табиғатының жануарлар табиғатына ұқсап кеткеніне налиды, 

яғни  бұрын  оған  тән  болған  биік  табиғаттың  құлағаны  деп  түсінеді. 

Бұл  жерде,  шамасы,  сол  уақытта  орын  алған  бастапқы  капиталдың 

жинақталуының теріс ықпалына налу көрініс берсе керек.

Паскальдың  ғылымның  өркендеуіне  ғана  емес,  сонымен  қатар 

барлық  келесі  философия  мен  мәдениетке  де  зор  ықпалы  бол-

ды.  Л.Н.Толстой  оны  «адамзаттың  оқытушыларына»  жатқызып, 

«шындықты  ғасырлардың  басынан  асырып  көре  білген  философ-

пайғамдар» санады.

Параграфты  ойшылдың  атақты:  «Адам  –  табиғаттағы  ең  бір 

әлсіз  собық  қана,  бірақ  ол  собық  ойлай  алады.  Ұлылығымыз  біз 

есте  сақтай  алмайтын  кеңістікте  немесе  уақытта  емес,  осы  ойлай 

алатындығымызда», – деген қанатты сөзімен аяқтайық.

Сөйтіп,  біз  XVII  ғасырдың  ұлы  философтары  мен  ғылым 

қайраткерлерінің шығармашылығын айтып өттік. Ал енді алдымызда 

XVIII  ғасырдың  жаңаеуропалық  философиясы  мен  ғылымына  саяхат 

жасау күтіп тұр.



150



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет