152
Өз заманында марксизм Ағартудың кейінгі буржуазиялық
революциялардың рухани негіздерін қалыптастырудағы рөлін көрсете
отырып, оны өте жоғары бағалаған.
XX ғасырдағы неміс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно
«Ағарту диалектикасы» деп аталатын кітаптарында ағартушыларды
ақылдың әрекет шеңберін кеңейту, адамдарды қорқыныш пен
надандықтан азат ету және оларды өз тағдырларының шынайы
қожайындарына айналдыру қажеттігіне үндеуді атап көрсетті. Олар
ғылымның қоғамды түбегейлі өзгерте алатын күшіне сенді.
Ағартудың тағы бір ерекшелігі мынада: бұл жерде орасан үлкен
сызбанұсқалар немесе тұжырымдар жасаудан гөрі, басты назар
зерттеліп әзірленетін ілімдердің іс жүзіндегі идеологиялық жағына ау-
дарылды. Олай болса, олардың идеологиясының ерекшеліктерін қарап
көрейік:
1. Ақыл-парасат үстемдік құратын білімдар адамзаттың жарқын
болашағына деген сенім.
2. Ғылыми негізделген сыннан өткізу арқылы адамдарды ескірген
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің бұғауынан азат ету.
3. Ғылым мен техниканың өркендеуіне кең жол ашу қажеттігі,
Ағарту бағдарламасын жасауға ұмтылу, ғылым мен техниканың
болашақта бақытты қоғам құрудағы рөлін насихаттау.
4. Адамның табиғи, бөлінбес және азаматтық құқықтарын қорғау.
5. Философияны дәлелденбейтін абстрактілік-метафизикалық
жүйелерден азат ету.
6. Дінді сынап-мінеу және материалистік философияны насихаттау
арқылы адамдарды соқыр діни наным-сенімдерден азат ету.
Сөйтіп, Ағартудың басты ерекшелігі – феодализмге қарсы
бағыттылық, әлеуметтік өзгерістер бағдарламасын жасау және адамның
жаңа мақсат-мұратын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатпен
ағартушылар Ф.Бэкон сызып берген, әлеуметтік прогресті ғылыми
прогреспен байланыстыратын «ғылымдардың данышпандықпен қайта
қалпына келуін» жүзеге асыруды жөн көрді.
Достарыңызбен бөлісу: