өнер, Гегель бойынша, өзіне толық еркіндікте пайымдап
қарайтын рух.
Дінде рух өзін тізе бүккіш етіп көрсетеді.
Философияда рух өзі туралы кесімді (түсіністікпен) ойланады.
Олай болса, философия – діннен жоғары тұр, өйткені түсіну –
көрсетуден жоғары. Философияның бұл кезеңінде рухтың соншалықты
«ұзақ сапары» аяқталады, өйткені өзін түсініп, пайымдап алған соң, ол
тынышталады.
Әрине, бүгінгі күні Гегельдің мұндай айлакер философиялық
жүйесі адамдардың барлықтарының көңілінен шыға қоймайды. Алай-
да ойшылдың құнды жетістігі бұл жүйені ашып көрсету барысын-
да әзірленген танымның диалектикалық әдісі болып табылады.
Сол тұрғыдан алғанда, табиғат, тарих, рухани өмірді ол үдеріс, яғни
тоқтаусыз қозғалыс, өзгеріс, жаңа негізде қайтадан жаңару, ішкі
қайшылықтарды жеңу арқылы даму деп қарайды. Бұндай көзқарас
Достарыңызбен бөлісу: |