ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет213/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   440
6.6. марксизм: «иә» және «қарсы»

XX ғасырда тұтас әлеуметтік-саяси идеология іспетті марксизммен 

кезіндегі  Кеңес  Одағының  ғана  емес,  Шығыс  Еуропаның,  Азияның, 

Латын  Америкасының  да  көптеген  елдерінің  тағдыры  тығыз  байла- 

ныста болды.

Бірақ  бұрынғы  Кеңес  Одағы  өзінде  алғаш  рет  коммунистік  қоғам 

құрудың  батыл  да  қасіретті  және  сәтсіздікпен  аяқталған  әрекетіне 

барған  бірден-бір  басты  мемлекет  еді.  Миллиондаған  адамдар  сол 

идеяның  құрбанына  айналғанмен,  оның  нәтижесі  –  елдің  күйреуі 

және  қирауы  болып  шықты.  Егер  бұрындары  кеңестік  қана  емес,  со-




210

нымен  қатар  көптеген  шетелдік  ғалымдар  марксизмді  адамзаттың 

2,5 мыңжылдық дамуындағы философиялық ойдың биік шыңы деп 

бағаласа, енді «бұрынғы марксистердің» көпшілігі оны бастан-аяқ жа-

мандап, кенеттен шын берілген антимарксистер болып шыға келді.

Алайда Әлемді тура мағынасында төңкеріп тастаған ілімді ұмытуға, 

әсте,  бола  ма?  Бұл  жерде  салмақты  және,  ең  бастысы,  тиянақты 

көзқарас қажет.

Сонымен, марксизмнің негізін салушылар – XIX ғасырдың ұлы ой-

шылдары  карл  маркс  (1818-1883)  пен  Фридрих  Энгельс  (1820-1895) 

болды.

Бұл ілімнің пайда болуының тарихи алғышарттары еуропалық мем-



лекеттер капитализмнің қарқынды дамуы кезеңін бастан кешіп жатқан 

XIX  ғасырдың  ортасындағы  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және 

ғылыми жаратылыстану факторларының жиынтығы болып табылады. 

Ол кезде капиталистік қатынастардың жедел дамуы жүріп жатқан, еңбек 

пен капиталдың қарама-қайшылығы үлкен дәрежеде ашыла бастаған-

ды.  Қайта  өндіру  дағдарысы  мыңдаған  жұмысшыларды  фабрикалар 

мен  зауыттардың  қақпасының  сыртына  лақтырып  тастауға  жеткізіп, 

жұмыссыздық  өсті,  ал  ол  жалдамалы  жұмысшылардың  әлеуметтік 

жағдайын  күрт  төмендетіп  жіберді.  Буржуазиялық  идеологтардың 

«Еркіндік,  теңдік  және  бауырластық»  деген  ұраны  өзінің  бұрынғы 

тартымдылығын  жоғалтып,  зиялы  топтар  ортасында  түңілу  орын 

алды. Осының бәрі ойшылдардың буржуазиялық тұжырымдамалардан 

шегініп, революциялық демократия жолын қабылдауына себеп болды. 

Еуропа елдерін шарпып өткен 1848 жылғы революциялар терең таптық 

қайшылықтарды  жалаңаштап,  Маркс  пен  Энгельстің  революциялық-

демократиялық бағдарын нығайтты. Тарихи үдерісті жаңаша ойласты-

ру қажеттігі айқын көрінді.

Марксизм  философиясы  сонымен  қатар  өз  заманының  ғылыми 

жаратылыстану  жетістіктерінің  ықпалымен  де  қалыптасты.  XIX 

ғасырдың  ортасына  қарай  ғылым  елеулі  жетістіктерге  қол  жеткізді, 

соның нәтижесінде материалистік диалектика қағидаларын теориялық 

негіздеуге  мүмкіндік  туды.  Сол  уақыттың  саны  көп  ғылыми 

жетістіктерінің ішінен неміс биологтары – т.Шван мен м.Шлейденнің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет