ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет215/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   440
сақтау  және  айналдыру  заңын  негіздеуі  материализм  қағидаларын 

нығайта түсті.

Маркстік  философия  адамзаттың  философиялық  ойларының  ең 

жақсы  жетістіктерін:  ертедегі  грек  ойшылдарының  ілімдерін,  Қайта 

өрлеу дәуірі мен Ағарту дәуірі идеяларын, әсіресе неміс ойшылдары – 

Лессинг, Гердер, Гейне және басқаларының идеяларын бойына сіңірген. 

Марксизм  философиясының  қалыптасуында  Канттың,  Гегельдің, 

Фихтенің, Фейербахтың да идеялары үлкен рөл атқарды.

Марксизмнің  неміс  классикалық  философиясымен  тығыз  бай-

ланысы  Маркстің  шығармашылық  өмірбаянында  ерекше  айқын 

көрінеді.  Берлин  университетінің  студенті  болып  жүрген  кезінде-

ақ, яғни 1837 жылы ол Гегель философиясымен танысып, А.Руге мен 

Б.Бауэр басқаратын жас гегельшілер үйірмесіне қатысады. Бұл кезеңде 

Маркс  неміс  классикалық  философиясының  көптеген  қағидаларын 

құптайтын.  Басқа  гегельшілер  сияқты,  ол  да  философияны  рухани, 

яғни  қоғамға  даналық  пен  парасат  енгізуге,  сол  арқылы  қоғамдық-

тарихи прогреске ықпал етуге арналған негіз, нағыз мән (квинтэссен-

ция) деп санайды.

Маркстің белсенді қоғамдық қызметке «Рейн газетінің» журналисі 

және  редакторы  ретінде  енуі  нақты  өмірмен  жақынырақ  танысуына 

мүмкіндік  берді.  Бұл  оның  гегельдік  философияның  бастапқы  идея-

ларынан  теріс  айналуына  себеп  болды.  1843-1844  жж.  Маркс  Фейер-

бах  ұстанымы  жағына  шықты.  Ол  кезде  Маркске  адам  бойындағы 

сезім  бастауларын  қалпына  келтіруді,  адамның  табиғат  берген  да-

рындарын  толық  іске  асыруын,  адамның  табиғатқа  және  адамның 

адамға  адамгершілік  көзқарасымен  қарауын  жақтайтын  Фейербах 

материализмінің  адамгершілік  ұстанымы  көбірек  ұнайтын.  Фейербах 

болашақты адамдардың жалпыға бірдей бауырластығы ретінде көріп, 

оны «коммунизм» (лат. – communis – жалпыға ортақ) деп атаған.

Маркс  –  экономика  ғылымының  көрнекті  теоретигі.  Оны  ол  Фей-

ербах  гуманизмі  және  сынға  қатысты  әлеуметтік  талдаумен  біріктіру 

жолымен  құрған.  Оның  аса  нанымды  көрінісі  –  «1844  жылдың 

экономикалық-философиялық қолжазбалары» атты еңбегі болып табы-

лады. Еңбектің негізгі мақсаты – жеке меншік қоғамында адамды шет-



тету, жат ету идеясы және алдағы коммунистік қоғамда шеттетуді 

жою идеясы.




212

Сонымен, бұл жат ету тұжырымдамасының мәні неде болды?

Бәрінен  бұрын  Маркс  шеттетілген  еңбектің  мәнін,  яғни  еріксіз 

еңбектің  ешқандай  пенделік  те,  моральдық  та  қанағаттанушылық 

бермейтінін  көрсетті,  өйткені  ол  –  өзің  үшін  емес,  қожайының  үшін 

еңбектену. Ондай еңбектің нәтижелері оны істеген адамға тиесілі емес, 

ол жетістіктер оған жат. Жұмысшы үшін еңбек – тек өмір сүру құралы, 

бірақ өмірдің өзі емес.

Жұмысшының  жұмыс  істеймін  немесе  істемеймін  дейтін  таңдауы 

жоқ.  Ол  өмір  сүру  үшін  жұмыс  істеуге  тиіс.  Бірақ  бұл  еңбекке 

қажеттіліктен  келетін  қанағаттану  емес,  ол  –  басқа  мұқтаждықтарды 

қанағаттандыратын  құрал  ғана.  Сондықтан  адам  өзінің  өмірде  іске 

асырғысы  келетін  мақсаттарын  еңбектен  емес,  одан  тыс  нәрселерден 

іздейді.  Көбінесе  бұл  хайуандық  мұқтаждықтар:  тамақ,  су  ішу, 

тұрғынжайды  безендіру  немесе  өзін  әдемілеу.  Өйткені  еңбек  адамды 

биікке көтеру қызметінен оны кемсітіп қорлау қызметіне ауысады.

Шеттетілген,  жат  болған  еңбек  адамды  механизмге  айналдырады. 

Ондай  еңбекпен  айналысатын  адам  еркін  және  жауапкершілікті  бола 

алмайды.  Ол  –  өндірістің  құлы,  оның  «бұрандасы».  Ондай  адамдар 

бір-бірімен қандай қарым-қатынас орната алады? Олардың арасындағы 

қарым-қатынас – ол еркін адамдардың қатынасы емес, керісінше, жат, 

бір-біріне жау механизмдердің қатынасы.

Марксше,  еңбекті  жат  ету  –  барлық  әлеуметтік  өмірді  түсінудің 

кілті  болып  табылатын  жеке  меншіктің  өмір  сүруіне  тікелей  байла-

нысты.  Ал  біз  көп  уақыт  бойы  істердің  жағдайының  өзгеруін  Маркс 

жеке  меншіктің  жойылуымен  байланыстырады  деп  ойлап  келдік. 

Бірақ  ол  тіпті  де  олай  емес.  Бұрмаланбаған,  шыншыл  да  шынайы 

Маркс: «Байлық та – кедейшілік сияқты кемістік», – деп санайды және 

болмыстың қақ ортасында болуға кеңес береді.

Жалпы  алғанда,  Маркс  пен  Энгельстің  тұжырымдамасы  өте 

қарапайым және ұсыныстары да өзінен-өзі түсінікті. Ол адамгершілік 

рухында және коммунистік ынтамен құрылған. Өзекті идеясы – терең 

танып  білу  негізінде  әлемді  шығармашылықпен  өзгерту,  адам-

гершілікке  негізделген,  яғни  тұлғаның  өз-өзін  шығармашылықпен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет