ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«Ой өресі заттардың терең мәнін аша алмайды



Pdf көрінісі
бет234/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   440
«Ой өресі заттардың терең мәнін аша алмайды, тек олардың арасын-

да  пайда  болатын  байланыстар  мен  қатынастарды  ғана  көрсетеді»,  – 

деген пікіріне ерекше назар аударған жөн. Ой өресінің қызметі – жан-

сыз  материяны  құрамдас  элементтерге  ажыратып  бөлу  және  оларды 

басқадай формада қайтадан жинастыру. Егер олай болса, онда ой өресі 

заттардың сыртқы қабығын ғана игереді екен ғой. Ол кинематографқа 

ұқсайды.  Әр  кадрда  –  заттың  статикалық  (орнықты)  бейнесі.  Алай-

да  олар  жүйелі  түрде  белгілі  бір  жылдамдықпен  айналдырылса, 

қозғалатын  заттың  бейнесі  жасалады.  Сол  сияқты,  ақыл-ой  да  бізге 

бір-біріне ұқсас, өне бойы қайталана беретін нәрселерді көрсетеді. Ал 

өмірдің өзегін, осы дүниеге бір-ақ рет келетінді ақыл-ес ұстап қала ал-

майды.


Алайда адам танымының тағы бір құралы бар, ол – түйсік. Бұл – 

заттардың терең мәніне сезіммен ену, ой өресі таба алмайтын олардың 

өміршеңдігін табу. Түйсік – рухтың бастапқы негізі, демек, өмірдің өзі. 

Бергсонның ойынша, тарихи-танымдық көзқарас тұрғысынан бастапқы 




233

түйсік  –  ырықсыз  сезім  мен  ақыл-еске  бөлінген.  Сол  бойда  ырықсыз 

сезім  өзінің  саналы  сезімінен  айырылса,  ал  ақыл-ес  заттардың  ішкі 

мәнін ажырата білу қабілетінен айырылған.

Адамның  түйсігі  ақыл-еске  бағынады.  Алайда  кейбір  шектес 

жағдайларда,  мысалы,  адам  өміріне  қауіп  төнген  немесе  өмірінде  аса 

маңызды,  тағдыршешті  оқиғалар  орын  алған  кезде,  түйсік  ақыл-ес 

бұғауынан  босанып,  адамға  нақты  шындықты  көрсетеді  және  оның 

Ғарыштағы орны мен тағдырын айқындауға көмектеседі.

Адам  –  ізденіспен,  шығармашылықпен  жүретін  тіршілік  иесі, 

өйткені  «өмірге  құлшыныс»  оның  жүрегі  арқылы  өтеді.  Бірақ  өмірге 

терең  бойлау  түйсігі  –  адамдардың  басым  көпшілігіне  берілмеген 

қасиет.

Бергсонның  әлеуметтік  философиясы  да  өзіндік  сипатқа  ие. 

«Мораль  мен  діннің  екі  бастауы»  деген  еңбегінде  ол  мәдениет 

философиясының  өз  түсінігінде  қандай  екенін,  сондай-ақ  этикалық-

діни  мәселелерге  көзқарасын  баяндайды.  Ал  бұл  тұжырымдаманың 

теориялық негізін «Шығармашылық даму» жұмысында берілген идея-

лар құрайды. Бергсон әлеуметтіктің екі:

1)  «жабық»  және  «ашық»  қоғамдарды;  2)  соларға  сәйкес  келетін 

мораль  мен  діннің:  орнықты  және  серпінді  (динамикалық)  үлгісін 

қарастырады.  Жабық  қоғамдарда  адамдар  көп  жағдайларда  өзі  үшін 

емес, басқалар үшін өмір сүреді. Ал ашық қоғамдарда тұлғаның жеке 

өмірі, оның шығармашылығы ұжым мүдделерінен жоғары тұрады. Ішкі 

өміріне терең бойлап қана адам өзінің еркіндігін және әлеуметсіздігін 

сезінеді.

Бергсон  өз  философиялық  мектебін  құрмағанмен,  оның 

көзқарастары Еуропаның, әсіресе Францияның мәдени және зияткерлік 

ахуалына терең ықпал етті. Оның идеяларының әсерін өз заманының 

көрнекті  қайраткерлері:  П.Тейяр  де  Шарден,  Э.Леруа,  А.Тойнби, 

Дж.Сантаяна және басқалары да сезіне білді.

Бірақ  «өмір  философиясында»,  сөз  жоқ,  аса  күрделі  тұлға  Фри-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет