ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет235/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   440
дрих  ницшенің  (1844-1900)  шығармашылығы  ерекше  орын  алады. 

Әсемдікті  түсінуге  жетік,  сұңғыла  ойшыл  эстетиканы  биологиялық 

текпен ұштастыруға дейін жетті, әйел атаулыны жек көрді, өзін артық 

санаудың  азабын  тартты,  соның  кесірінен  жаны  күйзеліске  түсіп, 

ақырында ауруға ұшырады.

Әдетте,  Ницшенің  өмірбаянынан  Еуропаның  мәдени  дамуы 

кезеңдері  табылып,  оның  шығармашылығын  үш  кезеңге  бөлу 

қалыптасқан:




234

–  біріншісі – жарқын, көтеріңкі романтизм;

–  екіншісі  –  позивитизмге  өту,  қатаң  ғылымды  және  оның 

әдістерін дәріптеу;

–  үшіншісі  –  шын  мәнінде  ницшелік  –  «мәңгілік  қайта  оралу», 

«билеуге ерік» және «өзін бәрінен жоғары қоятын адам» идеяларымен 

қоса алғанда.

Оның ерте байқалған мүдделерінің қақ ортасында грек және неміс 

әдебиеті тұрды, оның өзі де поэзия және музыкамен айналысып, ол са-

лаларда тәп-тәуір жетістіктерге қол жеткізе алды.

Грек  өркениетіне  жасаған  терең  талдауын  ол  сол  замандағы  неміс 

қоғамына да қолдануға әрекет етті. Ницшенің ойынша, грек мәдениеті 

оған екі үрдіс келіп қосылғанда ғана өз биігіне көтеріле алды. Олардың 

біреуін,  ойшылдың  пікірінше,  шарап  пен  көңіл  көтеру  құдайы  – 



Дионис білдірген. Онда ырықсыз сезім, құмарлық, табиғаттың жабайы 

күштері  басым.  Осы  үрдіс  көбірек  орын  алған  жердегі  адамдардың 

бойынан  айтыс-тартыспен  жеңіске  жетуге  деген  шексіз  ынтықтық, 

мистикалық  ашу-ыза,  тіпті  кек  көбірек  байқалады.  Екінші  үрдістің 

орын алуына өнер мен ғылым құдайы – аполлон еңбек сіңірді. Апол-

лон рухы билік еткен жерде адамның: өз-өзін билеуі, барлық нәрседе 

бірқалыптылық пен алаңсыздық таныту сияқты қасиеттері алға тарты-

лады.


Ницшенің  пікірінше,  бастамасында  ертедегі  гректердің  өміріне 

дионистік қасиеттер тән болды, бірақ сәтті араластыру кезеңінен кейін 

аполлондық қасиеттер басымдық алды. Грекияның ұлылығын құраған 

екі  үрдістің  сәтті  қосылуы  ұзаққа  бармады.  Нәтижесінде,  дионистік 

қасиеттер  аяққа  тапталып,  «шамадан  тыс  ештеңе  емес»  доктри-

насы  билік  алды.  Ал  бұл  Батыс  өркениетінің  жетекші  уәжі  –  көнбіс 



орташалықтың,  яғни  ортадан  аспаудың  кіріспесіне  айналды.  Ал 

себеп – христиандықтың пайда болуы және таралуы.

Сөйтіп, ницшелік талдаудан Грекияның жоғары мәдениетіне ауру-

сырқау діңкелеткен, құмарлыққа, дараланып көрінуге зәру Еуропаның, 

атап айтқанда, XIX ғасырдағы Германияның қарама-қайшы екені келіп 

шықты.  Оған  (жоғарғы  мәдениетке)  жету  үшін,  алдымен  Батысты 

жайлаған  христиандық  мораль  саналылығының  дәстүрлі  үстемдігін 

жеңу керек.

Өмір  сүру,  Ницшенің  сөзімен  айтқанда,  –  күрес.  Бұл  тезиске 

сөзсіз ықпал еткен: «Табиғат күштілердің тірі қалып, әлсіздердің көзі 

жойылғанын құптайды», – дейтін Дарвин тұжырымдамасы болды.



235

Егер  Шопенгауэр  философияға  «Әлемдік  ерік»  санатын  енгізсе, 

ал  Ницше  оған  әлеуметтік-этикалық  мағына  беріп,  «билеу  еркі»  де-

ген түсінікке ауыстырды. Шопенгауэрдің «Әлемдік еркі» біреу болса, 

Ницше  еріктердің  көптілігін  және  билік  үшін  күресте  олардың  бір-

бірімен  бәсекелестігін,  үстемдігін  мойындайды.  Шопенгауэр  Әлемдік 

ерікке  қарсы  тұру  үшін,  еріктен  бас  тартуды  қажет  санаса,  ал  Ниц-

ше, керісінше, адам – құл емес, демек, ол билеуге деген ерікті өмірге 

енгізуге, сол үшін күресуге тиіс деп санайды.

Өз-өзіне:  «Жақсы  деген  не?»  –  деген  сұрақ  қойып,  Ницше:  «Ол  – 

билікке  жетуге  септігі  тиетіннің  барлығы»,  –  деп  жауап  береді. 

«Дүниені танып білу билеуге ұмтылатын ерікті күшейте ала ма?» – де-

ген сұраққа ол: «Жоқ, өйткені ақыл-ес өзінің әртүрлі ой-тұжырымдары 

арқылы  билік  алғысы  келетін  ерікті  басып-жаншиды.  Мораль  да 

қоғам мүдделерінен келіп шығатын өзінің талаптары арқылы адамның 

билікке  жеткісі  келетін  ерік-қалауын  әлсіретеді»,  –  деген  жауап 

қайтарды.

Билеу еркі – күшті адам құқығының негізін құрайды, сондықтан ол 

кез келген діни, моральдық және басқадай нормалардан жоғары болуға 

тиіс.


Адамдардың  теңдігін  жариялай  отырып,  социализм  сол  арқылы 

адамның билікке ұмтылысын тұқыртады. Демократия да соған қарсы 

әрекет етеді, өйткені тобыр кез келген билікке қарсы, демек, күштінің 

билікке  деген  құқына  қарсы  тұрады.  Еркек  пен  әйелдің  өзара  қарым-

қатынастарына  келсек,  онда  табиғаттың  өзі  алғашқысын  күшті  етіп 

жаратқан, яғни оған билеу құқын берген. Сондықтан еркек пен әйелдің 

теңдігіне  (эмансипация)  бағытталған  кез  келген  әрекет  –  қоғамның 

іріп-шірігенінің көрсеткіші.

«Мораль  генеалогиясына»  деген  еңбегінде  Ницше  моральды 

жоғарыда келтірілген ой-пікірлерден шығаруға тырысады. Оның пікірі 

бойынша, «жаман», «ұсқынсыз» деген мағына беретін «shlecht» деген 

неміс  сөзінің  мағынасы  «shlicht»  –  «қарапайым  адам»  сөзіне  жақын. 

Тарихи қалыптасқан «бай», «атақты», «даңқты» деген сөздер «жақсы» 

ұғымымен  теңестіріледі.  Ал  «кедейшілік»,  «қарапайымдылық», 

«әлсіздік» сөздері «жаман» ретінде бағаланады.

Ал  мыңжылдықтар  бойы  кедейлер  мен  құлдардың  қоғамға  өз 

моралін  таңуға  тырысқанын  ол  «құлдар  мен  моральдың  көтерілісі» 

деп  атады.  Тарихи  тұрғыда,  Ницшенің  пікірінше,  осының  бәрі  де 

«Көне  Өсиет»  кезеңінің  еврейлерінен  бастау  алады.  Олар:  «жақсы  – 

ізгілікті  –  күшті  –  бақытты»  деген  сөздерге  теріс  мағына  беріп, 




236

аристократияның  құндылықтарына  қайта  бағалау  жүргізді.  Олар: 

Бақытсыз  адамдар  ғана  –  жақсы  адамдар,  ал  кедей,  тұлдыр,  азап 

шегушілер – Құдай сүйіспеншілігіне лайық адамдар», – деп мәлімдеді. 

Құндылықтардың осылайша қайта бағалануын кейіннен христиандық 

дін  құп  көрді.  Сондықтан  «иудейлік-христиандық  моральды»  қайта 

қарайтын  және  тақсырлар  мен  аристократтар  моралінің  төмендегі 

қағидаларға негізделген құқықтарын қалпына келтіретін уақыт келді. 

Ол қағидалар:

1.  Өмір құндылығын сол қалпында тану.

2.  Адамдар табиғатынан теңсіз.

3.  Күшті адам моральдан азат.

Ф.Ницше жоғарыда аталған қағидаларға сай келетін адамдардың әлі 

дүниеге  келмегеніне  қамығады.  Егер  хайуандардың  бір  немесе  басқа 

түрі  тарих  алаңынан  кетерде  артында  ең  жақсы,  өмірге  бейімделген 

тұқым  қалдырса,  онда  адам  түр  ретінде  ерекше  жаратылған  адамды 

тудыра  алмайды,  өйткені  адам  –  ауру  хайуан.  Оның  Табиғат  берген 

бастапқы ырықсыз сезімдері сөнген, ал олардың орнын сана басқан.

Ницше  ерекше  жаратылған  адам  –  аққұба  алаяқтың  пайда  бо-

латын кезі келгеніне сенімді болды. Бұл – «нордтық тұрпатқа» жата-

тын «арийлік нәсіл» адамы. Моральдық көзқарас тұрғысынан алғанда, 

ондай  адамдар  бір-біріне  қарым-қатынасында  кішіпейіл,  сыпайы, 

ізгілікті. Бірақ басқалармен қарым-қатынас жасағанда, олар ойларына 

келгенін істей алады, тіпті айуандық көрсетуі мүмкін.

Ницше ерекше адамды сыртқы түріне қарап-ақ тануға болатынын 

айтады. Егер оның шыққан тегі бірден көрініп тұрса, онда тобыр оған 

сөзсіз  бағынуға  әзір.  Егер  тобыр  оның  сырт  келбетінен  ізгілікті  көре 

алмаса, онда байлық пен билік оған мүлдем кездейсоқ беріліп қалған 

деп санайды. Сол кезде жай адамның басына: «Ал мен неге бағымды 

сынап  көрмеймін?»  –  деген  бүлікшіл  сұрақ  келе  қалады.  Ондай  ой, 

Ф.Ницшенің пікірінше, ақыр соңында, социализмге алып келеді.

«Көңілді  ғылым»  (1882)  атты  еңбегінде  Ницше  Құдайдың  бар 

екені  туралы  мәселені  қарастырады.  Автор  алаңға  жүгіріп  шығып: 

«Мен  Құдайды  іздеп  жүрмін!  Мен  Құдайды  іздеп  жүрмін!»  –  деп 

айғайлайтын  есуас  туралы  әңгімелейді.  Оның  айғайын  базардағы 

Құдайға  сенбейтін  адамдар  естиді.  Олар  кекесінмен  есалаңнан: 

«Мүмкін,  Құдай  адасып  кеткен  шығар?»  –  деп  сұрайды.  Сонда  әлгі 

делқұлы оларды көздерімен атып: «Құдай өлді. Құдай тірі емес. Оны 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет